«2022 жыл Қазақстандағы балалар жылына» орай, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» - Берел қорғандарын қорғау жəне экскурсиялық қызмет бөлімінің саяхат жетекшілері Катонқарағай ауданы, “Үлкен Нарын ауылдық лицейінің» 5-11 қазақ және орыс тілді сынып оқушыларына, «Беделі бағаланған - Берел» атты тақырыпта тарихи-танымдық сабақ өткізіп, көшпелі көрме ұйымдастырды.  «Беделі бағаланған - Берел» атты Тәрбиелік маңызы зор сабақтың басты мақсаты:  Берел қорғандарындағы қазба жұмыстарының барысы жəне одан табылған жәдігерлер мен «Берел музей-қорығының» даму тарихын оқушыларға кеңінен таныстырып, насихаттау.  Өлкетану бойынша, өлкеміз куә болған, өткен дәуір ерекшеліктері мен әр дәуірге сай ескерткіштерді оқушыларға танытып, айқындау.  Аталған іс-шарада Тәуелсіздік жылдарындағы қазба жұмыстарының қаншалықты маңызды рөлге ие екендігі және тоң басқан тарихымызды зерттеуші ғалым – археологтар жайлы ақпараттармен таныстырылып өтілді.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» - Берел қорғандарын қорғау жəне экскурсиялық қызмет бөлімінің саяхат жетекшілері «2022 жыл Қазақстандағы балалар жылына» орай, Катонқарағай ауданы, Аршаты ауылындағы Аршаты орта мектебіне «Беделі бағаланған - Берел» атты тақырыпта тарихи-танымдық сабақ өткізіп, көшпелі көрме ұйымдастырды. 

«Беделі бағаланған - Берел» атты Тәрбиелік маңызы зор сабақтың басты мақсаты: Берел қорғандарындағы қазба жұмыстарының барысы жəне одан табылған жәдігерлер мен «Берел музей-қорығының» даму тарихын оқушыларға кеңінен таныстырып, насихаттау. Аталған іс-шарада Тәуелсіздік жылдарындағы қазба жұмыстарының қаншалықты маңызды рөлге ие екендігі және тоң басқан тарихымызды зерттеуші ғалым – археологтар жайлы ақпараттармен таныстырылып өтілді.

“Адалдық алаңы” жобасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен “комплаенс - қызметтерді ұйымдастыру жолдары” тақырыбында “ZOOM” платформасында жиын өтті. 

Жиын барысында, Комплаенс - қызметтерді ұйымдастыру кезеңінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңы, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары және өзге де құқықтық актілерді негізге ала отырып, жүйелі жұмыс жүргізу тәртібі түсіндірілді.

РМКҚ “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қатысуымен, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы, Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің “Жас турист станциясы” КММ - де Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында, геолого-археология үйірме апталығы өтіп, тарихтың тереңіне оқушылармен бірге бойлап қайттық. Болашақтың кілті жастардың қолында дегендей, өткеніміз бен қазіргіміздің ортасына байланыс құра отырып, оқушылардың бойында еңбекқорлық пен жасампаздық, талапшылдық, Отанға деген ұлы сезімдерді қалыптастыруға бағыт-бағдар берілді.
“Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени қорық-музейі 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, “Саяхат жетекшілерінің біліктілігін арттыру мақсатындағы” музей ішіндегі көрме ұйымдастырылды. Экскурсиялық істің қалыптасуы, дамуы мен өрлеуі музейлердің тарихымен тікелей астасып жатыр. Әрбір өлкенің тарихи - мәдени орталықтары, сол өлкенің табиғаты, тарихы, өнері мен мәдениетіне баса назар аударту мақсатында, экскурсиялық топпен жұмыс жасайды. Осы мақсатта, Катонқарағай аудандық туризмді дамыту бөлімінің қызметкерлерімен біріккен, жас және тәжірибелі саяхат жетекшілерінің бір-бірімен тәжірибе алмасуы болды. Экскурсия мәтініне нақты тоқталып, әдістемелік жетілдіру нұсқамаларына баса назар аудартылды.

________________________

 “Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - музейі” Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында, “Халықаралық музей күніне” орай, музей аумағына көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, шырша көшеттерін отырғызды. 

_______________________

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу - маңызды істердің бірі. Егілген ағаштың, өскен өсімдіктің әуе алабына тигізер пайдасы зор. Жасыл желектің әсерінен ауа тазарып, қолайлы микроклимат қалыптасады және шу деңгейі төмендейді.

Киелі Катонқарағай төрінде орналасқан, музей аумағын көгалдандырып, көшет отырғызу әрбіріміздің азаматтық борышымыз!

“Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - музейі” жыл сайын 18 мамыр күнін атап өтеді. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында, “Халықаралық музей күніне” орай, басшылық қызметкерлерге атқарып жүрген елеулі қызметтері үшін алғыс айтып, алғыс хаттарымен марапаттады.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр