«Берел» мемлекетті тарихи-мәдени музей-қорығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты өкілі Орынбекова Асемгуль Орынбекқызы қызметкерлер арасында “Менің сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасым” тақырыбында сауалнама алды. 
Анонимді сауалнаманың мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды жалғастыру. 

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының сыблайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің сенім телефоны

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты өкілі Орынбекова Асемгуль Орынбекқызынның «Сыбайлас жемқорлыққа - жол жоқ!» тақырыбында дөгелек үстел өткізді. 

«Сыбайлас жемқорлықтың» пайда болуымен күресудің бірнеше әдістері ұсынылды:

Заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту.

Лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмдерді туғызу.

Нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтимал пайданың көлемін азайту.

Қазақстанда сондай – ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіп, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік – құқықтық актілер де қабылданды. 

Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдермен айығуды міндет етіп қойдық. Ол жол- сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Әрине, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Құрметті, әріптестер, әрқашан да адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар. Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Сол өмірді әр жылын жарық күнде, бейбіт өмірде өткізу бәріміздің міндетіміз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің жауапты тұлғасы қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама ережелерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсіндіретін жаднамалармен және хабарламалармен таныстырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комлаенс қызметінің алған анонимді сауалнамасының нәтижелері.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күннің талабы»

"Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК қызметкерлерінен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күннің талабы» тақырыбында сауалнама алынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің жауапты тұлғасы қызметкерлерді квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы үлгілік ережемен таныстырды.

2023 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының алаңында lSO 37001 стандарты бойынша халықаралық сертификаттау бойынша сарапшылық кеңес өтті.

Оған онлайн режимінде «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комплаенс қызметінің жауапты қызметкері қатысты.

Кездесудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы ISO 37001 стандарты бойынша халықаралық сертификаттаудан өту, қалыптасқан тәжірибе және оны құқықтық реттеу мәселелерін талқылау. 

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызметкері 2023 жылдың 3 наурызында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырды.

Комплаенс қызметінің міндеті - ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтау болып табылатындығы баса назарға алына отырып, іс-шара барысында қызметкерлерге жадынамалар таратылды.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» РМҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызметкері 2023 жылдың 23 ақпанында жиналыс өткізді. 

Жалпыға бірдей декларациялау «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №121-VI Заңының 45-1-бабының негізінде енгізіліп жатыр.

Декларациялаудың мақсаты – көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету екендігі жайлы Орынбекова Асемгуль Орынбекқызы қызметкерлерге жеткізді.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызметінің отырысы 2023 жылдың 26 қаңтарында өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызметінің жауапты өкілі Орынбекова Асемгуль Орынбекқызы 2022 жылда жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген іс-шараларды қорытындылады. 2022 жылы комплаенс қызметі құрылғаннан бастап, жалпы ережелер қабылданған болатын. Жылдық жоспарға сәйкес ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметерлерге түсіндіру жүргізілді. Комплаенс қызметін жетілдіру әлі күнге дейін жүзеге асуда.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК –нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс –қызметі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің міндетін орындауды заңгер Орынбекова Асемгуль Орынбекқызына оның келісімінің негізінде, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директорының м.а. А.Сарбасовтың 2023 жылдың 4 қаңтарында № 4-ж/қ бұйрығымен тапсырылды.

"Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын РМҚК-да қызметкерлердің қатысуымен жиналыс өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің жауапты тұлғасы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтамамен таныстырды.

В РГКП Государственном историко-культурном музее-заповеднике «Берел» прошло собрание с участием сотрудников.

Ответственное лицо комплаенс службы по противодействию коррупции, ознакомила сотрудников с аналитической справкой о результатах внутреннего анализа коррупционных рисков.

Академия Государственного управления при Президенте РК, провели семинар на тему: укрепление добросовестности в государственном секторе: управление конфликтами интересов. 10 ноября 2022г.

В котором ответственное лицо комплаенс службы по противодействию коррупции РГКП «Государственного историко-культурного музея-заповедника Берел» приняла онлайн участие.

Цель семинара – ознокомить  участников с понятиями добросовестности и коррпуции. Выступали представилители Агенства по борьбе с коррупцией, так же г-жа Шана Кришнан, заместитель главы по вопросам добросовестности в госдарственном секторе, Организации экономического развития сотрудничества и развития. После чего была показана презентация по механизмам урегулирования конфликта интересов в Казахстане, ст.15 «Закон о предотвращении коррупции», Концепция антикоррупционной политики на 2022-2066 гг. Указ Президента РК от 2 февраля 2022 года №802, были обсуждены предложения в проект Закона, предотвращение конфликтов интресов и управление ими в старнах ОЭСР.

Выявлением и устранением конфликтов интересов в квазигосударственном секторе обеспечивают – комплаенс-службы.

 На сессии были изучены: подходы  у предотвращению конфликтов интересов и управлению ими для укрепления добросовестности в государственном секторе.  Кроме теории, для офллайн участников сессии выходя за рамки проводились упражнения, практики для более глубокого изучения.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері қатысуымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметкерлеріне арнайы семинар өткізілді. Семинардың тақырыбы: комплаенс қызметі. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жетілдіріліп келе жатқан кезеңдері мен күрес және қарсы іс-қимыл жолдары талқыланды. Қылмыстық және әкімшілік жауакершіліктің АЕК көрсеткіш мөлшерлемелері таныстырылды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі Министірдің төрағалығымен 2022 жылдың 21 маусымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өткізді. Семинарға “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК-ңың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функциясын атқаратын қызметкері қатысты. Семинар барысында сыбайлас жемқорлық бойынша жүргізіліп жатқан алдын-алу шаралары мен соңғы жылдардағы қылмыстық статистика талқыланды.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызметінің отырысы өтті

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты өкілі Ерланова Жанат Ерлановна «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» қызметкерлеріне комплаенс-қызметі жайлы отырыс өткізді. Отырыс барысында қызметкерлерге комплаенс-қызметінің маңыздылығы мен мақсаты түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері мен алдын-алу шараларына талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары жүзеге асырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» бекітілген ережесінің аясында жұмыс атқарады.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК –нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс –қызметі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің міндетін орындауды Ерланова Жанат Ерлановнаға оның келісімінің негізінде, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директорының м.а. А.Сарбасовтың 2021 жылдың 24 қарашасындағы № № 28-ж/қ бұйрығымен тапсырылған болатын. Комплаенс-қызметкерінің басты мақсаты мен міндеті Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңы» 19.12.2020 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен;) заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Онлайн кім

Қазір 34 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр