«Жасыл алаң - 2014»

2014 жылдың 25-27 маусымында «Берел» қорық-мұражай аумағында Астана күніне арналған Шығыс Қазақстан облыстық экологиялық-туристік «Жасыл алаң» слеты өткізілді.

Слетты ұйымдастырушы ретінде «Берел» қорық-мұражайымен бірге «Катон-Қарағай ұлттық паркі» бірлесе отырып жұмыс жасады.

Слетке жалпы 8 топ қатысты. Барлығы 142 адам қатысты. Бұл слеттің ерекшелігі екі жыл қатарынан атылмыш слетке мүмкіндігі шектеулі балалар да тартылып отыр, олар Зырян қаласының №1 түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері. Бұл балалар көпшілікпен қатар барлық сайыс түрлеріне бірдей қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды.

Слеттың мақсаттары мен міндеттеріне аймақтың табиғаты мен тарихи-мәдени құндылықтарын күтіп қарау, жас жеткіншектер мен жергілікті тұрғындардың экологиялық мәдениетін жоғарлату жатады. Екі күндік слет бағдарламасы мәдениет және спорт салаларын қамтыды. Озат командалар дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды. Слет бағдарламасында Берел қорғандарына экскурсия ұйымдастырылды.

 

«Номад» - Катонқарағайда

1-тамыздан бастап Шығыс Қазақстан облысында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы мен Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде «Номад» немесе «Көшпенділер» атты халықаралық тележобасы басталып, түсірілім жүргізілді.

Жаңа реалити-шоу жобасы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастауымен жүзеге асты. Жобада бақ сынайтын сегіз жұптың ішінде Оңтүстік Корея, Жапония, Моңғолия, Қытай, Түркия, Венгрия және Ресей мемлекеттерінің өкілдері және Қазақстандық жұп бар.

Реалити-шоу әлемге әйгілі Берел қорымында басталып, ұлттық паркте жалғасын тапты. Қатысушылар табиғи жағдайда өркениет атаулыдан алыстап, киіз үйлерде тұрып, көшпенділердің тұрмыс-салтын сезініп, қиындыктарға төтеп берді.

Онлайн кім

Қазір 28 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр