ҚАРАҚАБА ҚОРЫМЫНАН ТАБЫЛҒАН ТҮРКІ ДӘУІРІНЕ ТИЕСІЛІ БЕЛДІККЕ АРНАЛҒАН ЖАПСЫРМА

Қарақаба қорымы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімшілік аумағында орналасқан.

№ 9 қорған. Жерленгендердің қорғаныш құралдарының белдіктері арнайы жапсырмалармен әшекейленген.

Адам басы бейнеленген жапсырманың шеттері дөңгеленген үлкен төртбұрышты саңылаулары бар. Көздің, мұрынның, қастың, ауыздың, құлақтың ерекшеліктері егжей-тегжейлі өңделген. Алтын жалатылған күміс металлынан жасалған. 

Өлшемі: 2,5*2,5 см.

Қазба жұмыстарының авторы: З.Самашев. Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда келушілер назарына ұсынылған. 

https://doi.org/10.24852/pa2020.1.31.135.145

№ 2 қорған. Саз балшықтан жасалған құмыралар.

Төменгі жағына қарай тарылған керамикалық ыдыстар. Мойындары тарылған. Қабырғалары қалың.

№1 Құмыра. Биіктігі – 43 см, көмейінің биіктігі – 12 см, денесінің биіктігі – 31 см, астыңғы диаметрі – 12 см, денесінің диаметрі – 27 см, мойынының диаметрі – 11 см.

№2 Құмыра. Биіктігі 44 см, мойнының биіктігі 13 см, денесінің биіктігі 31 см, астыңғы диаметрі 10 см, денесінің диаметрі 28 см, мойынының диаметрі 11 см.

Екінші ыдыстың түбіне жақын шұңқырдың еденінен жұқа алтын жолақтардың сынықтары табылды.

Курган № 2. Глиняные кувшины.

Керамические сосуды с шаровидным туловом, к низу заужены. Горловины заужены. Стенки толстые. 

Сосуд №1. Высота – 43см, восота горла – 12 см, высота тулова – 31 см, диаметр дна – 12 см, диаметр тулова – 27см, диаметр устья  -15см, диаметр горловины  -11см.

Сосуд №2. Высота 44 см, высота горловины 13 см, высота тулова 31 см, диаметр дна 10см, диаметр тулова 28 см, диаметр горловины 11 см, диаметр устья 14 см.

На полу ямы у донной части второго сосуда выявлены фрагменты  тонких золотых нашивок.

Курган № 2. Каменная терка.

Ашық сұр түсті ұсақ түйіршікті граниттен жасалған үккіш төңкерілген күйінде табылды. Тікбұрышты пішінді. Ұзындығы – 17,8 см, ені – 11,6 см. Сондай-ақ, үккіштің астынан кейбір өсімдіктердің дәндері табылған. Б.з.б. IV-III ғғ.

Жоба жетекшісі: Самашев З. Археологиялық қазба жұмыстары 2016 жылы жүргізілді.

Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда назарына ұсынылған.

Түркі дәуіріне тиесілі белдік жапсырмасы  – VI-VIII ғғ.

Бейнелеу өнерінің үлгісі болып табылатын белдік жапсырма.

Қола жапсырмада үйрек пен ішінің астына тығылған аяқтары мен үлкен көздері бар белгісіз жануар бейнеленген.

Жоба жетекшісі: Самашев З. Қазіргі уақытта келушілер назарына ұсынылған. 

Зерттелген Берел ескерткіштерінің ішінде сяньбилердің осында болған кезеңіне жататын 81-нысан бірге жерленген әшекейлердің байлығымен ерекшеленеді.

Сүйек тарақ – қыздың әшекей элементтерінің бірі. Тарақ көп тісті, кішкентай ұзын тістері бар. Тістер ортасынан басталады, ұзындығы – 4,5 см, ені – 0,3 см.Тарақ ұзындығы – 9,5 см, ені – 7 см.Тарақ пішіні трапеция тәрізді, үстіңгі жағында тесігі бар. Тістерінің саны - 15 дана. Б.з. II - V ғғ. 

Жоба жетекшісі: Самашев З.

Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда келушілер назарына ұсынылған. 

Алтын жұқалтырдан ойылған аппликация.

Қарама-қарсы бұлан-грифондары бейнеленген алтын жұқалтырдан жасалған өнер туындысы. Пазырық мәдениетінің барлық ауқымындағы ескерткіштерге тән. Б.з.д. lV-III ғғ. №  2 Қорған. Берел, 2016 жыл. 

Жоба жетекшісі: Самашев З.

Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда келушілер назарына ұсынылған. 


Сабы зооморфты қола айна. №  2 Қорған, 2016 жыл.

Сабында жыртқыш мүсіншесі бар қола айна. Секіріп тұрған барыстың суреті нақты көрінеді. Көздері мен құлақтары анық бейнеленген. Құйрығы бұралған.

Сабында бейнеленген аң қатаң профильде көрсетілген, бір жағында көлемді, дөңес, артқы жағы тегіс. Сабымен бірге бар ұзындығы - 15,2 см. Айна диаметрі тұтқасыз - 7,8 см. Бұйым ұзындығы 13,5 см болатын былғары сауытта болған. Б.з.б.lV-III ғғ.

Зооморфты сабы бар қола айналар Еуразия дала кеңістігінің скиф-сақ әлемінің көне дүниелерінде жиі кездеседі.

Жоба жетекшісі: Самашев З.

Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда айна келушілер назарына ұсынылған. 

«Қазақ Алтайының б.з. 1 мыңжылдығы басындағы ескерткіштері: халықтардың ұлы қоныс аударуының бастаулары және Еуразия этномәдени құрылымының қалыптасуы»жобасы аясында, зергерлік бұйымдар, паста және шыны моншақтар, каури қабығы, т.б. Берел қорымынан табылған. Олар сяньби мәдениетінде маңызды рөл атқарған.

Дөңгелек пішінді моншақтар. Ортасында жіпке арналған тесіктер бар. Олар музей қорына 2022 жылы өткізіліп, қабылданды.

Сяньби мәдениетіне тән ою-өрнектер Сібір мен Орталық Азияның оңтүстігіндегі әртүрлі көшпелі мәдениет ескерткіштерінен табылды, бұл сяньби мәдениетінің Орталық Азияның басқа көшпелі тайпаларына ықпалының маңызды дәлелі [Ю.С.Худяков, 2016: 24-27].

Жоба жетекшісі: Самашев З. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің жобасы аясында дайындалған.

Мұражай қоры жаңа жәдігерлермен толықты

2016 жылдың басы жаңа жаңалықтармен басталды. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» қоры 270 таяу жәдігерлермен (экспонаттар) толықты. 1998-99 жылдарда қазба жұмыстарынан шыққан жәдігерлермен күні бүгінге дейінгі шыққан жәдігерлер.Келіп түскен жәдігерлердің жақсы, орташа және нашар сақталғандары бар. Бұл жәдігерлер Астана қаласындағы А.Х.Марғұлан атындағы археология институтының филиалынан уақытша сақтауға берілді. Алдағы уақыттарда жәдігерлермен мұражай қоры толықтырылады деген ойдамыз және бұл жәдігерлер уақытша емес мұражай қорына үнемі сақтауға беріледі деген үміттеміз. Алдағы қазба жұмыстарынан шыққан жәдігерлер мұражай қорында қалып отырса нұр үстіне нұр болар еді.

Онлайн кім

Қазір 7 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр