- Подробности
- Автор: admin
✅Экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі» КММ-де 5–6 сынып оқушыларына «Көшпелі тайпалар тарихы” атты танымдық дәріс өткізді.
>✅Дәріс барысында оқушылар Берел қорғандарының зерттелу тарихы, археологиялық маңызы және Алтай өңіріндегі ежелгі өркениеттердің мәдени мұрасы жөнінде кеңінен мағлұмат алды. Іс-шара оқушылардың тарихи дүниетанымын кеңейтіп, туған өлкенің құндылықтарына деген құрметін арттыруға бағытталды
- Подробности
- Автор: admin
- Подробности
- Автор: admin
- Подробности
- Автор: admin
Жиын барысында ұйымның жыл бойғы атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер талқыланды. Сонымен қатар ұжымдық шартқа енгізілген жаңа толықтырулар мен өзгерістер таныстырылып, олардың музей қызметкерлерінің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғаудағы маңызы атап өтілді. Кездесу өзара пікір алмасу форматында өтіп, қызметкерлерді толғандырған сауалдарға нақты жауаптар берілді. Бұл отырыс ұжым ішіндегі ынтымақтастықты нығайтып, әлеуметтік әріптестікті дамытуға бағытталған маңызды алаң болды
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej.html#sigProIdf0efb4023b
- Подробности
- Автор: admin
Бүгінгі тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңа ғылыми еңбек жарық көрді
Бүгінгі тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері, археолог Бұлбұл Аронқызы Сиражеваның «Қазақстандағы сүйек ұқсату ісі: көне дәуірлерден этнографиялық кезеңге дейін» кітабы Ыстанбұл мемлекеттік университеті баспасынан түрік, орыс және ағылшын тілдерінде үш кітап болып жарық көрді.
Бұлбұл Сиражева Қазақстан археологиясында осы уақытқа дейін дербес зерттеу нысаны ретінде сирек қарастырылған сүйек пен мүйізден жасалған бұйымдарды жүйелеу ісіне елеулі үлес қосты. Зерттеу жұмысы ерте темір дәуірі мен орта ғасырларға тән, әскери іс, аңшылық, тұрмыс және рухани өмір аясында пайдаланылған заттарды қамти отырып, ғылыми құндылығы жоғары еңбектер қатарына жатады. Зерттеу барысында автор бірқатар объективті қиындықтарға қарамастан, үлкен жауапкершілік пен ыждағаттылық танытты.
Бұл еңбектің айрықша маңызы автордың мәдени сабақтастықты сақ, ғұн-сармат кезеңдерінен бастап, көне түркі дәуірі арқылы қазіргі қазақ мәдениетіне дейін біртұтас тарихи үдеріс ретінде қарастыруға ұмтылуынан көрінеді. Автор кітапты құрастыру кезінде жан-жақты қолдау көрсеткен барша әріптестеріне ерекше алғыс білдіреді.
Кітаптың электронды нұсқаларын жүктеп алу:
- Подробности
- Автор: admin
Енді келушілер, зерттеу топтары мен қызметкерлер биік таулы аймақта орналасқанына қарамастан сенімді интернетті еркін пайдалана алады. Төмен кідіріс пен жоғары өткізу қабілетінің арқасында Starlink арқылы цифрлық материалдарды жедел желіге жіберу, онлайн-трансляциялар жасау, бейнебайланыс өткізу және мультимедиялық сервистермен жұмыс істеу мүмкін болды. Бұл шешім музейдің ғылыми жұмысына, цифрландыру процесіне және келушілердің жайлы уақыт өткізуіне үлкен мүмкіндік ашты.
- Подробности
- Автор: admin
Сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді, өтініштеріңізді және туындаған кез келген мәселелерді жедел қабылдау үшін барлық музейлерге бірыңғай сенім телефоны іске қосылды.
Біз үшін сіздердің пікірлеріңіз маңызды. Сенім телефоны арқылы қызмет сапасына қатысты ұсыныстарыңызды, ескертпелеріңізді немесе сұрақтарыңызды жолдай аласыздар.
Сенім телефоны: +7 700 525 23 97 ☎️
Онлайн кім
Қазір 27 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр






