- Подробности
- Автор: admin
2023 жылдың 18-20 мамыр аралығында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Халықаралық музейлер күніне арналған «МУЗЕЙ – УАҚЫТ АҒЫМЫНДА»
атты тарихи-танымдық шарасы Астана қаласында өтті.
“Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени музей - қорығының, Есеп және ғылыми-қор жұмысы бөлімінің басшысы Жәния Меирқызы мен қор сақтаушы Жанат Ерлановна , ҚР Ұлттық музейінде «Музейдің қор сақтау қызметін ұйымдастыру: теориясы мен практикасы» атты симпозиумға қатысты. Симпозиум аясында ҚР Ұлттық музейі құндылықтарды жинақтау, есепке алу , сақтау жөніндегі тәжірибесімен бөлісті , практикалық сабақтардан соң қатысушылар сертификаттармен марапатталды.



- Подробности
- Автор: admin
Жыл сайын 18 мамырда Халықаралық музей күні аталып өтеді.
Халықаралық музей күні бүкіл әлемде 1977 жылдан бері атап өтіледі, ICOM-ның 11-ші Бас конференциясы (International Council of Museums) жыл сайынғы кәсіби мерекені өткізу туралы ұсынысты қабылдаған болатын.
1977 жылдан бастап әрбір Халықаралық музей күнінің тақырыбы бар.
2023 күннің тақырыбы - Музейлер, тұрақтылық және әл-ауқат.
- Подробности
- Автор: admin
Ашық сұр түсті ұсақ түйіршікті граниттен жасалған үккіш төңкерілген күйінде табылды. Тікбұрышты пішінді. Ұзындығы – 17,8 см, ені – 11,6 см. Сондай-ақ, үккіштің астынан кейбір өсімдіктердің дәндері табылған. Б.з.б. IV-III ғғ.
Жоба жетекшісі: Самашев З. Археологиялық қазба жұмыстары 2016 жылы жүргізілді.
Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда назарына ұсынылған.
- Подробности
- Автор: admin
Түркі дәуіріне тиесілі белдік жапсырмасы – VI-VIII ғғ.
Бейнелеу өнерінің үлгісі болып табылатын белдік жапсырма.
Қола жапсырмада үйрек пен ішінің астына тығылған аяқтары мен үлкен көздері бар белгісіз жануар бейнеленген.
Жоба жетекшісі: Самашев З. Қазіргі уақытта келушілер назарына ұсынылған.
- Подробности
- Автор: admin
“Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени музей - қорығы” ұжымы, Катон-Қарағай ауылының Мәдениет үйінде 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысып, гүл шоқтарын қойды .
- Подробности
- Автор: admin
Құрметпен: “Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени музей - қорығы” ұжымы.
Онлайн кім
Қазір 44 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр