«Берел» мемлекеттік тарихи – мәдени музей-қорығы» РМҚК 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, 2022 жылдың 13 желтоқсан күні «Қорғандар құпиясы» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізді. 

Дөңгелек үстел 2022 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі мен өзекті мәселелеріне арналды.

Дөңгелек үстел барысында талқыланған негізгі тақырыптар:

1. Музей қорықтардың нарық заманына сай қалыптасуы;

2. Тарихи – мәдени мұраны сақтау және қорғау мәселелері;

3. Қалың бұқара арасында тарихи – мәдени мұраны насихаттау жұмыстары;

4. Экскурсиялар өткізу және экспозияцияларды ұйымдастырудағы жаңашылдықтары;

5. Қорлар мен сақтау орындарының жұмысындағы жаңалықтары;

6. Археологиялық қазба жұмысындағы методологиялық мәселелер, зерттеу мәселелері;

Дөңгелек үстелге тарихшылар, археологтар, сонымен қатар гуманитарлық ғылымдардың өзге де өкілдері қатыса алды.

Бұл іс - шара қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. 

Дөңгелек үстел нәтижесінде талқыланған тақырыптардың мән-мағынасы айқындала түсіп, археологиядағы, насихаттау жұмыстарындағы маңызды мәлелелер көтеріліп, сұрақтар мен ұсыныстар және тілектер айтылды. 

Онлайн кім

Қазір 306 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр