«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей - қорығында 2024 жылдың 26 қарашасынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталып, мекеме басшысының бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды.


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 18.11.2015 жылғы № 410-V Заңына және « Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей - қорығы РМҚК2024 жылдың 26 қарашасынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғандығы туралы хабарлайды. Бірлесе күрессек мұратқа жетеміз. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністердің бірі екені еш жасырын емес. Бұл қылмыс түрімен қоғам болып күресу мақсатында көп іс - шаралар қолға алынуда. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбі азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Сыбайлас жемқорлық көріністерін жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау - әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналса ғана, жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижелі болары сөзсіз. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-да жыл басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі іс - шаралар өтіп жатыр.Атап айтар болсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметімен 2024 жылдың I тоқсанында 2022-2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жүргізілді. «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыптарында семинар-сабақтар, «Сыбайлас жемқорлыққа - жол жоқ!» және «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және онымен қалай күресуге болады?» атта дөгелек үстелдер, «Жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.Қызметкерлер арасында “Менің сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасым” тақырыбында сауалнама жүргізіліп, «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі » тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе еліміздің дамуы бұданда биік дәрежеге көтерілетіні хақ. Жалпы, кез-келген қызметкер өз отбасында, әріптестерінің арасында осы бір қағидаларды ұран қыла білсе, бұл індеттің түбімен жойылатыны анық. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты өкілі Орынбекова А.О.

“СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ”

2024 жылдың 30-шы қыркүйегінде «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты өкілі Орынбекова Асемгуль Орынбекқызының музей-қорық қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында эссе жазуды ұйымдастырды. Эссе жазудың басты мақсаты: Қазіргі таңда конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету. Өйткені қоғам дертімен күрес жүргізу - мемлекеттік органдардың, тұтастай қоғамның басты міндеті және борышы. Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

Семинар: «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» 10 шілде күні «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК 2024 жыл бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің 2024 жылға арналған жоспарының аясында қызметкерлер арасында оқыту семинары өтті. Семинардың басты мақсаты – музей-қорық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру және алдын алу шараларының әсерін күшейту. Семинардың негізгі спикері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты өкілі Орынбекова Асемгуль Орынбекқызы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбына баяндама оқыды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңына соңғы кездері бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Соның бірі – сыбайлас жемқорлықтың субъективтік құрамының кеңеюі. Енді мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық Фондпен қаржыландырылатын квазимемлекеттік компаниялардың сатып алу шараларына жауапты барлық қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың субъектілері қатарына жатады. Яғни, аталған Заң шеңберіндегі жемқорлыққа қарсы барлық шектеулерді қабылдап, коррупциялық құқық бұзушылық фактілерінде жауапкершілікке тартылады. Бұрын мұндай талаптар квазимемлекеттік компаниялардың тек бірінші басшыларға ғана қатысты болған. Сонымен қатар, ҚР Салық және басқа да міндетті төлемдері жөніндегі Кодексіне сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары салық органдарына активтері мен міндеттемелері туралы жыл сайын декларация тапсыруға міндетті болғандығы туралы айтып өтті. Бұдан өзге, баяндамада жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар аясындағы жаңа заңнамалық толықтырулар туралы айтылды. Атап айтқанда, квазимемлекеттік ұйымдарда сый-сыяпат қабылдауға, жақын туыстарды жұмысқа алуға, шетелдік банктерде шот ашуға тыйым салынған. Жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп отыруы тиіс екені де айтып өтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты өкілі Орынбекова Асемгуль пікірінше, семинардың түпкі мақсаты орындалды. Өйткені шара барысында мемлекеттік тиісті органдар жүргізіп жатқан халық арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейту және коррупцияның алдын алу жұмыстары туралы ақпарат берілді. Жемқорлықтың әлеуметтік құбылыс ретінде мемлекетке саяси және экономикалық тұрғыда әкелер зиянының ауықымын түсіне білу қажет. Сонымен қатар Қоғамда оның орын алмауын қамтамасыз ететін шешуші шараларды қолданған жөн. Семинар соңында жауапты өкіл қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, ақпарат алмасты.

Сыбайлас жемқорлық деген не және онымен х күресуге болады? «Берел» мемлекетті тарихи-мәдени музей-қорығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты өкілі Орынбекова Асемгуль Орынбекқызы қызметкерлер арасында «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және онымен қалай күресуге болады?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, қызметкерлердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлықтың шығу себептері қандай? Сыбайлас жемқорлықпен күресудің халықаралық тәжірибе: бізге не алуға болады? деген сұрақтар талқыланды. “Жоғарыда келтірілген себептерді талдай отырып, сыбайлас жемқорлықтан құтылудың жолы- азаматтардың құқықтық сауатсыздығын жойып, азаматтық-патриоттық сезімді көтеру қажет” деген оймен Асемгуль Орынбекқызы отырысты аяқтады.

11-12 апреля 2024 года в городе Астана прошел Республиканский практический семинар на тему : «Антикоррупционный комплаенс и управление рисками» , в котором ответственное лицо комплаенс музея-заповедника «Берел» Асемгуль Орынбекова приняла онлайн участие. 

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының сыблайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің сенім телефоны

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты өкілі Орынбекова Асемгуль Орынбекқызынның «Сыбайлас жемқорлыққа - жол жоқ!» тақырыбында дөгелек үстел өткізді. 

«Сыбайлас жемқорлықтың» пайда болуымен күресудің бірнеше әдістері ұсынылды:

Заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту.

Лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмдерді туғызу.

Нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтимал пайданың көлемін азайту.

Қазақстанда сондай – ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіп, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік – құқықтық актілер де қабылданды. 

Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдермен айығуды міндет етіп қойдық. Ол жол- сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Әрине, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Құрметті, әріптестер, әрқашан да адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар. Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Сол өмірді әр жылын жарық күнде, бейбіт өмірде өткізу бәріміздің міндетіміз

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметімен 2022-2026 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттары бойынша  сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу мәселелері қызметкерлерге семинарлар, түсіндіру жұмыстары арқылы жүзеге асуда.

 

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты өкілі Орынбекова Асемгуль Орынбекқызынның «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында семинар-сабақ өткізді. 

Семинар-сабақ мақсаты: "Сыбайлас-жемқорлық" деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Қоғамдық қасіретке әкелетін бұл материалдық құндылықтар дағдарысынан шығу және оны жою дұрыс әрекет етуден туындайтынын ұғындыру.

Қызметкерлердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру.

🚫 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында - сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жауапты өкілі Орынбекова Асемгуль Орынбекқызы ұжымның жаңа қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

📌 Оның ішінде - сыбайлас жемқорлыққа қарсы және алдын алу бойынша стандарт , политка және т.б., құжаттар қаралды. 

✅ Мүдделер қақтығысын болдырмау және сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау жұмыстары атқарылуда.

В 2024 году 26 января ответственное лицо по комплаенсу Государственного историкокультурного музея – заповедника «Берел» Орынбекова Асемгуль Орынбековна приняла участие в обучающем семинаре, которое проводило Агенство по противодействию коррупции. Тема семинара : «Всеобщее декларирование».

✅2024 жылдың 17 қаңтарында “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары аяқталып, аналитикалық анықтамаға қол қойылды. 

Қорытындысы ресми сайтқа жарияланады

✅ “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде. 

Мерізімі: 2033 жылдың 15 желтоқсаны - 2024 жылдың 23 қаңтары. 


«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында» Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Музей-қорықтың заңгері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты өкілі Асемгуль Орынбеккызы Орынбекованың ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға Катонқарағай ауылының мемлекеттік мекемелерінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел парасат жолы орталығында өтті. Іс-шараның соңында, дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін арттыру туралы мәселелерді талқылады.





Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік.

Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізігі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі таралмауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасыазаматтарының азаматтық борышы жәнеадамгершілік міндеті деп білуге керек. Біз қазіржаңаша өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де баршылық. Ал шешімі күрделі әлеуметтік мәселелер де бар. Қоғам өмірінде түбегейлі шешімітабылмай тұрған мәселе, ол- сыбайлас жемқорлық. Елімізде осы мәселеге байланысты арнайықабылданған заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық, дегенмен бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ. Ендеше, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу-олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуінежәне орындауына көмектесудің алғы шарттарының біріболып саналады. Атап айтқанда, ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат-қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас-жемқорлық-бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәрбиесіне зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірінтигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екендігі айқын. Сыбайлас жемқорлық- заманағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлергетамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмайотырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушыелдердегідей біздің мемлекетімізге де орасан зорнұқсан келтіріп отыр. Қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халықаралық беделіненұқсан келтіреді, жұртшылықтың заң мен әдідікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылыпкеледі. Соның ішінде, халық парақорлық дертіменжиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез-келген ортадапара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне абыройсыздық ұялатады, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің жауапты тұлғасы қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама ережелерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсіндіретін жаднамалармен және хабарламалармен таныстырды.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Семинар-сабақ мақсаты: «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы бекітілген үлгілік ережемен таныстыру.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы Үлгілік ереже бекітілсін делінген.

Бұл бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32211 болып тіркелді.

Жоғарыда айтылған бұйрықты назарға ала отырып мамыр айында біздің мекемеде де «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже бекітілді. Үлгілік ереже 3 тараудан, 30 тармақтан тұрады.

(1-тарау. Жалпы ережелер

2-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, функциялары мен өкілеттіктері.

3-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің есептілігі)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады.

Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті.

        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл жаппай сана және оның жекелеген элементтері емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс мәртебесін иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамның барлық әрекетке қабілетті мүшелері игеруі тиіс.

«Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің толық қалыптасуы үшін бірқатар шарттар керек екендігі сөзсіз. Ол үшін, ең алдымен тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны көздейді:

 – сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік;

– моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;

 – құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру;

 – қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін ынталандыру;

– мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.

Осыған байланысты мыналар қажет:

 – сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға моральдық «иммунитетті» қалыптастыру және осының негізінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша құзыреттерді дамыту;

 – Қазақстан азаматтарының мінез-құлқы моделін қалыптастыру, бұл ретте «сыбайлас жемқорлық» сөзінің өзін қабылдамау, адамгершілік тойтарыс, төзбеушілікті туындатуы тиіс;

 – құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамтамасыз ету.

Азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына бірденбір ықпал ететін фактор болып табылады.     Еліміздің әрбір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе, мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып, әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді.

Мұның бәрі елімізде құқықтық мемлекеттің іс жүзінде орнауына, заңның үстемдігіне, әр адамның қауіпсіз өмір сүруіне, қоғамдық тәртіптің нығаюына, әлеуметтік ахуалдың жақсаруына, ең бастысы ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрақты дамуға жеткізеді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.

«Внутренний анализ коррупционных рисков и антикоррупционный мониторинг»

11 мая 2023 года, прошло рабочее собрание комплаенс-специалистов на тему: «Внутренний анализ коррупционных рисков и антикоррупционный мониторинг», в котором ответственное лицо комплаенс Государственного истрико-культурного музея-заповедника «Берел» Орынбекова Асемгуль приняла онлайн участие.

14 апреля 2023 года , на площадке Академии государственного управления при Президенте РК, прошла экспертная встреча по вопросам международной сертификации по стандарту lSO 37001.

В котором ответственное лицо комплаенс службы по противодействию коррупции РГКП «Государственного историко-культурного музея-заповедника Берел» приняла онлайн участие.

Целью встречи являлось, обсуждение вопросов прохождения международной сертификации по стандарту ISO 37001, сложившейся практике и ее правовом регулировании в Республике Казахстан.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызметкері 2023 жылдың 3 наурызында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырды.

Комплаенс қызметінің міндеті - ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтау болып табылатындығы баса назарға алына отырып, іс-шара барысында қызметкерлерге жадынамалар таратылды.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» РМҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызметкері 2023 жылдың 23 ақпанында жиналыс өткізді. 

Жалпыға бірдей декларациялау «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №121-VI Заңының 45-1-бабының негізінде енгізіліп жатыр.

Декларациялаудың мақсаты – көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету екендігі жайлы Орынбекова Асемгуль Орынбекқызы қызметкерлерге жеткізді.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызметінің отырысы 2023 жылдың 26 қаңтарында өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызметінің жауапты өкілі Орынбекова Асемгуль Орынбекқызы 2022 жылда жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген іс-шараларды қорытындылады. 2022 жылы комплаенс қызметі құрылғаннан бастап, жалпы ережелер қабылданған болатын. Жылдық жоспарға сәйкес ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметерлерге түсіндіру жүргізілді. Комплаенс қызметін жетілдіру әлі күнге дейін жүзеге асуда.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК –нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс –қызметі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің міндетін орындауды заңгер Орынбекова Асемгуль Орынбекқызына оның келісімінің негізінде, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директорының м.а. А.Сарбасовтың 2023 жылдың 4 қаңтарында № 4-ж/қ бұйрығымен тапсырылды.

"Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын РМҚК-да қызметкерлердің қатысуымен жиналыс өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің жауапты тұлғасы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтамамен таныстырды.

В РГКП Государственном историко-культурном музее-заповеднике «Берел» прошло собрание с участием сотрудников.

Ответственное лицо комплаенс службы по противодействию коррупции, ознакомила сотрудников с аналитической справкой о результатах внутреннего анализа коррупционных рисков.

Академия Государственного управления при Президенте РК, провели семинар на тему: укрепление добросовестности в государственном секторе: управление конфликтами интересов. 10 ноября 2022г.

В котором ответственное лицо комплаенс службы по противодействию коррупции РГКП «Государственного историко-культурного музея-заповедника Берел» приняла онлайн участие.

Цель семинара – ознокомить  участников с понятиями добросовестности и коррпуции. Выступали представилители Агенства по борьбе с коррупцией, так же г-жа Шана Кришнан, заместитель главы по вопросам добросовестности в госдарственном секторе, Организации экономического развития сотрудничества и развития. После чего была показана презентация по механизмам урегулирования конфликта интересов в Казахстане, ст.15 «Закон о предотвращении коррупции», Концепция антикоррупционной политики на 2022-2066 гг. Указ Президента РК от 2 февраля 2022 года №802, были обсуждены предложения в проект Закона, предотвращение конфликтов интресов и управление ими в старнах ОЭСР.

Выявлением и устранением конфликтов интересов в квазигосударственном секторе обеспечивают – комплаенс-службы.

 На сессии были изучены: подходы  у предотвращению конфликтов интересов и управлению ими для укрепления добросовестности в государственном секторе.  Кроме теории, для офллайн участников сессии выходя за рамки проводились упражнения, практики для более глубокого изучения.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері қатысуымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметкерлеріне арнайы семинар өткізілді. Семинардың тақырыбы: комплаенс қызметі. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жетілдіріліп келе жатқан кезеңдері мен күрес және қарсы іс-қимыл жолдары талқыланды. Қылмыстық және әкімшілік жауакершіліктің АЕК көрсеткіш мөлшерлемелері таныстырылды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі Министірдің төрағалығымен 2022 жылдың 21 маусымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өткізді. Семинарға “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК-ңың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функциясын атқаратын қызметкері қатысты. Семинар барысында сыбайлас жемқорлық бойынша жүргізіліп жатқан алдын-алу шаралары мен соңғы жылдардағы қылмыстық статистика талқыланды.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызметінің отырысы өтті

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты өкілі Ерланова Жанат Ерлановна «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» қызметкерлеріне комплаенс-қызметі жайлы отырыс өткізді. Отырыс барысында қызметкерлерге комплаенс-қызметінің маңыздылығы мен мақсаты түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері мен алдын-алу шараларына талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары жүзеге асырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» бекітілген ережесінің аясында жұмыс атқарады.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК –нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс –қызметі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің міндетін орындауды Ерланова Жанат Ерлановнаға оның келісімінің негізінде, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директорының м.а. А.Сарбасовтың 2021 жылдың 24 қарашасындағы № № 28-ж/қ бұйрығымен тапсырылған болатын. Комплаенс-қызметкерінің басты мақсаты мен міндеті Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңы» 19.12.2020 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен;) заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Who's Online

We have 50 guests and no members online