- Подробности
- Автор: admin
«Қазақ Алтайының б.з. 1 мыңжылдығы басындағы ескерткіштері: халықтардың ұлы қоныс аударуының бастаулары және Еуразия этномәдени құрылымының қалыптасуы» жобасы аясында 2022 жылы 6 археологиялық ескерткіш зерттелді.
№ 117 қоршау. Бұл ескерткіште марқұмның сүйегінің үстіне жылқы жерленген екі қабатты жерлеу анықталған. Бастары солтүстік-шығысқа бағытталған. Сяньбий заманынның нысаны.
Жоба жетекшісі: Самашев З.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитеті жобасы аясында дайындалды.
- Подробности
- Автор: admin
«Берел» мемлекеттік тарихи – мәдени музей-қорығы» РМҚК 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, 2022 жылдың 13 желтоқсан күні «Қорғандар құпиясы» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел 2022 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі мен өзекті мәселелеріне арналды.
Дөңгелек үстел барысында талқыланған негізгі тақырыптар:
1. Музей қорықтардың нарық заманына сай қалыптасуы;
2. Тарихи – мәдени мұраны сақтау және қорғау мәселелері;
3. Қалың бұқара арасында тарихи – мәдени мұраны насихаттау жұмыстары;
4. Экскурсиялар өткізу және экспозияцияларды ұйымдастырудағы жаңашылдықтары;
5. Қорлар мен сақтау орындарының жұмысындағы жаңалықтары;
6. Археологиялық қазба жұмысындағы методологиялық мәселелер, зерттеу мәселелері;
Дөңгелек үстелге тарихшылар, археологтар, сонымен қатар гуманитарлық ғылымдардың өзге де өкілдері қатыса алды.
Бұл іс - шара қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.
Дөңгелек үстел нәтижесінде талқыланған тақырыптардың мән-мағынасы айқындала түсіп, археологиядағы, насихаттау жұмыстарындағы маңызды мәлелелер көтеріліп, сұрақтар мен ұсыныстар және тілектер айтылды.
- Подробности
- Автор: admin
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, «2022 жыл Қазақстандағы балалар жылына» орай, сынып ішіндегі «Археологиялық қазба жұмыстары» ұйымдастырылды. Оқушылар «ҚОР САҚТАУШЫЛАР», «ТОПОГРАФТАР», «АРХЕОЛОГТАР» атты 3 топқа бөлінді.
Әр мамандықтың қыр-сырын ашуға тырысып, белсенділік танытқан оқушыларға жәдігерлердің формасында жасалынған салпыншақтар естелік ретінде табысталып, мадақтама қағазымен марапатталды.
- Подробности
- Автор: admin
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері қатысуымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметкерлеріне арнайы семинар өткізілді. Семинардың тақырыбы: комплаенс қызметі. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жетілдіріліп келе жатқан кезеңдері мен күрес және қарсы іс-қимыл жолдары талқыланды. Қылмыстық және әкімшілік жауакершіліктің АЕК көрсеткіш мөлшерлемелері таныстырылды.
- Подробности
- Автор: admin
«Берел» мемлекеттік тарихи - мәдени музей-қорығында» 28 шілде күні «Шілікті. Патшалар алқабының жауһарлары» атты көрменің ашылу салтанаты болып өтті. Көшпелі көрмеге «Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының» қорынан, Тарбағатай тауының етегіндегі Шілікті және Елеке сазы қорымдарының қазба жұмыстарынан алынған төрт жүзден астам жәдігер қойылды. Көрмеде біздің дәуірімізге дейінгі VIII ғасырдағы Шілікті Бәйге төбе қорғанынан табылған Алтын адамның реконструкциясы басты орын алады. Қайта қалпына келтіріп, құру жұмыстарын археолог А.Т.Төлеубаев пен реставратор К.К.Алтымбековпен жүргізілді. Ашылу салтанатына «Берел» музей-қорығы»әкімшілігі және «Сарайшық» музей-қорығының» директоры, Қазақстанның әр өңірінен келген қонақтарымыз қатысты.
Көрме алдағы бір ай бойы келушілер назарына ұсынылады.
- Подробности
- Автор: admin
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі Министірдің төрағалығымен 2022 жылдың 21 маусымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өткізді. Семинарға “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК-ңың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функциясын атқаратын қызметкері қатысты. Семинар барысында сыбайлас жемқорлық бойынша жүргізіліп жатқан алдын-алу шаралары мен соңғы жылдардағы қылмыстық статистика талқыланды.
Онлайн кім
Қазір 42 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр