- Подробности
- Автор: admin
№ 9 қорған. Қорамсаптың жоғарғы бөлігінде бұғы бейнесі бейнеленген ашық төртбұрышты жапсырма орналастырылған. Жапсырмада профильде серуендеп жүрген бұғы мүсіні бейнеленген, ашық төртбұрышты. Кішкентай құйрық, үш бөліктен тұратын массивті мүйіз діңі көрсетілген. Өлшемі: 2,5*2,5 см. Қазба жұмыстарының авторы: З.Самашев. https://doi.org/10.24852/pa2020.1.31.135.145
.- Подробности
- Автор: admin
Жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдығын атап өту шараларының аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен жазушылары Берел қорғандарын тамашалады. Ақын Ұлықбек Есдаулетов, жазушы Әлібек Асқаров, Фолиант баспасының бас директоры Нұрлан Исабеков
- Подробности
- Автор: admin
Шығыс Қазақстан облысының “Қонақжай жанұя” бағдарламасы аясында мемлекеттік тіл-Қазақ тілін үйрету мақсатында облыстан келген оқушылар жазғы дамалыстарының бір күнін Берел музей- қорығында өткізді. Осы күні балаларға танымдық экскурсия өткізіліп, арнайы “Мен археологпын” атты іс- шара, спорттық ойындар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар, археология мамандығы бойынша мәлімет алып, өздерін археологиялық қазба жұмыстарында сынап көрді. Болашақта мамандық таңдауға бағдар берілді.
- Подробности
- Автор: admin
Күршім шекара басқармасының, ТжК Б сарбаздары Катонқарағай өңірінің тарихымен танысу мақатында Берел қорғандарында болды. Танымдық экскурсия барысында Сақтардың мәдениетімен, сяньби және түркі кезеңдерімен мерзімделетін қорғандар тарихы таныстырылып, өңір тарихы туралы ақпараттар берілді.
- Подробности
- Автор: admin
Қарақаба қорымы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімшілік аумағында орналасқан.
№ 9 қорған. Жерленгендердің қорғаныш құралдарының белдіктері арнайы жапсырмалармен әшекейленген.
Адам басы бейнеленген жапсырманың шеттері дөңгеленген үлкен төртбұрышты саңылаулары бар. Көздің, мұрынның, қастың, ауыздың, құлақтың ерекшеліктері егжей-тегжейлі өңделген. Алтын жалатылған күміс металлынан жасалған.
Өлшемі: 2,5*2,5 см.
Қазба жұмыстарының авторы: З.Самашев. Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда келушілер назарына ұсынылған.
https://doi.org/10.24852/pa2020.1.31.135.145
- Подробности
- Автор: admin
Есеп және ғылыми-қор жұмысы бөлімінің қызметкерлері, 4 маусым - Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күніне орай кітап көрмесін ұйымдастырды. Мереке күні келушілер “Рәмізім мақтанышым” атты кітаптар топтамасымен танысты.
- Подробности
- Автор: admin
Халықаралық балалар күні 1-ші маусым Халықаралық Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Бүкіл әлемде 1 - ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Құрметпен: “Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени музей - қорығы” ұжымы.
Онлайн кім
Қазір 29 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр