“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында , экскурсиялық қызмет бөлімі Астана күніне орай “Ел жүрегі - Елорда” атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрерменге елорда тарихынан сыр шертетін кітаптар назарға ұсынылды.

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында садақ ату бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылуда. 

Шеберлік сағаттарды - садақшы, әрі қолөнерші, көне дәстүрді жалғастырушы Ашимов Руслан Жанатұлы жүргізуде. 

Сақтардан Қазақ хандығына дейінгі дала көшпелілерінің құрама садақтардың қолданылу және жасалу тарихы, сондай-ақ садақ жасау, пайдаланылған материалдарды өңдеу мәдениеті туралы ақпарат беретін сағаттар мен қатар,  келушілер назарына сақ пен түркілердің әскери құрама садақтарынан демонстрациялық ату ұсынылуда. 

2023 жылдың шілде - тамыз айлары.

2023 жылдың 10 шілде күні “Берел” мемлкеттік тарихи-мәдени музей-қорығында “Ботай” мемлкеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ботай. Дала өркениетінің бастауында” атты көшпелі көрмесі ашылады. 

Көрме “Берел” музей-қорығының 15 жылдығы мен “Ботай” музей-қорығының 5 жылдығы қарсаңында, Ботай мәдениеті тарихын насихаттау мақсатында, ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы жайлы сыр шертпек. 

Көрме 2023 жылдың 10 тамызына дейін, музейіміздің этнография залында орналастырылмақ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады.

Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті.

        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл жаппай сана және оның жекелеген элементтері емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс мәртебесін иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамның барлық әрекетке қабілетті мүшелері игеруі тиіс.

«Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің толық қалыптасуы үшін бірқатар шарттар керек екендігі сөзсіз. Ол үшін, ең алдымен тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны көздейді:

 – сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік;

– моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;

 – құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру;

 – қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін ынталандыру;

– мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.

Осыған байланысты мыналар қажет:

 – сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға моральдық «иммунитетті» қалыптастыру және осының негізінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша құзыреттерді дамыту;

 – Қазақстан азаматтарының мінез-құлқы моделін қалыптастыру, бұл ретте «сыбайлас жемқорлық» сөзінің өзін қабылдамау, адамгершілік тойтарыс, төзбеушілікті туындатуы тиіс;

 – құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамтамасыз ету.

Азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына бірденбір ықпал ететін фактор болып табылады.     Еліміздің әрбір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе, мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып, әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді.

Мұның бәрі елімізде құқықтық мемлекеттің іс жүзінде орнауына, заңның үстемдігіне, әр адамның қауіпсіз өмір сүруіне, қоғамдық тәртіптің нығаюына, әлеуметтік ахуалдың жақсаруына, ең бастысы ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрақты дамуға жеткізеді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.

Берел музей-қорығының экскурсия жетекшілері Шығыс Қазақстан облысының “Қонақжай жанұя” бағдарламасы аясында мемлекеттік тіл-Қазақ тілін үйрету мақсатында облыстан келген оқушыларға арнайы дайындалған іс-шара өткізді.  Осы күні балаларға танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар Берел қорғандары мен археология мамандығы бойынша мәлімет алды. Болашақта мамандық таңдауға бағдар берілді

Ерте темір дәуірі мен ортағасырлық қимақ дәуірі ескерткіштерінде қазба жұмыстары жүргізілуде!

Онлайн кім

Қазір 27 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр