"Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК қызметкерлерінен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күннің талабы» тақырыбында сауалнама алынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің жауапты тұлғасы қызметкерлерді квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы үлгілік ережемен таныстырды.

Зерттелген Берел ескерткіштерінің ішінде сяньбилердің осында болған кезеңіне жататын 81-нысан бірге жерленген әшекейлердің байлығымен ерекшеленеді.

Сүйек тарақ – қыздың әшекей элементтерінің бірі. Тарақ көп тісті, кішкентай ұзын тістері бар. Тістер ортасынан басталады, ұзындығы – 4,5 см, ені – 0,3 см.Тарақ ұзындығы – 9,5 см, ені – 7 см.Тарақ пішіні трапеция тәрізді, үстіңгі жағында тесігі бар. Тістерінің саны - 15 дана. Б.з. II - V ғғ. 

Жоба жетекшісі: Самашев З.

Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда келушілер назарына ұсынылған. 

Алтын жұқалтырдан ойылған аппликация.

Қарама-қарсы бұлан-грифондары бейнеленген алтын жұқалтырдан жасалған өнер туындысы. Пазырық мәдениетінің барлық ауқымындағы ескерткіштерге тән. Б.з.д. lV-III ғғ. №  2 Қорған. Берел, 2016 жыл. 

Жоба жетекшісі: Самашев З.

Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда келушілер назарына ұсынылған. 

2023 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының алаңында lSO 37001 стандарты бойынша халықаралық сертификаттау бойынша сарапшылық кеңес өтті.

Оған онлайн режимінде «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комплаенс қызметінің жауапты қызметкері қатысты.

Кездесудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы ISO 37001 стандарты бойынша халықаралық сертификаттаудан өту, қалыптасқан тәжірибе және оны құқықтық реттеу мәселелерін талқылау. 

Сабы зооморфты қола айна. №  2 Қорған, 2016 жыл.

Сабында жыртқыш мүсіншесі бар қола айна. Секіріп тұрған барыстың суреті нақты көрінеді. Көздері мен құлақтары анық бейнеленген. Құйрығы бұралған.

Сабында бейнеленген аң қатаң профильде көрсетілген, бір жағында көлемді, дөңес, артқы жағы тегіс. Сабымен бірге бар ұзындығы - 15,2 см. Айна диаметрі тұтқасыз - 7,8 см. Бұйым ұзындығы 13,5 см болатын былғары сауытта болған. Б.з.б.lV-III ғғ.

Зооморфты сабы бар қола айналар Еуразия дала кеңістігінің скиф-сақ әлемінің көне дүниелерінде жиі кездеседі.

Жоба жетекшісі: Самашев З.

Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда айна келушілер назарына ұсынылған. 

«Қазақ Алтайының б.з. 1 мыңжылдығы басындағы ескерткіштері: халықтардың ұлы қоныс аударуының бастаулары және Еуразия этномәдени құрылымының қалыптасуы»жобасы аясында, зергерлік бұйымдар, паста және шыны моншақтар, каури қабығы, т.б. Берел қорымынан табылған. Олар сяньби мәдениетінде маңызды рөл атқарған.

Дөңгелек пішінді моншақтар. Ортасында жіпке арналған тесіктер бар. Олар музей қорына 2022 жылы өткізіліп, қабылданды.

Сяньби мәдениетіне тән ою-өрнектер Сібір мен Орталық Азияның оңтүстігіндегі әртүрлі көшпелі мәдениет ескерткіштерінен табылды, бұл сяньби мәдениетінің Орталық Азияның басқа көшпелі тайпаларына ықпалының маңызды дәлелі [Ю.С.Худяков, 2016: 24-27].

Жоба жетекшісі: Самашев З. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің жобасы аясында дайындалған.

Онлайн кім

Қазір 207 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр