"Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей - қорығы" қызметкері Р.С.Мұқатаев Ресей Федерациясындағы Алтай Республикасының А.В.Анохин атындағы Ұлттық музейімен ынтымақтастық туралы мемарандум аясында, осы өңірдегі туристік және тарихи-мәдени индустриямен танысу мақсатында 1.05-5.05.2022 Алтай Республикасында іс - сапарда болып қайтты. Іс - сапар кезінде көптеген табиғи және тарихи орындарда болды: Чемаль трактаты, Помос аралы, Калбакташ петроглифтерінің қорық-мұражайы, Шу трактаты, гейзер көлі. Жергілікті туроператорлармен, мұражайлармен, гидтермен, түрлі қолөнер шеберлерімен байланыс орнатылды. 

18 - сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні.

Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері тарихи ескеткіштерді қорғау күніне орай, музей аумағы мен қорғандардың айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді.

ҚР Білім және ғылым министірлігі Ғылым комитетінің Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты, 2022 жылдың 12-14 сәуір аралығында Алматы қаласында “Марғұлан оқулары - 2022” халықаралық ғылыми-тәжірибелік қонференциясын ұйымдастырды. 

ҚР МСМ МК “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы” РМҚК директорының міндетін атқарушы Сарбасов Алмас Тлеужанұлы “Берел музей-қорығының 2018-2021 жж. жүргізген қазба жұмыстары” атты тақырыпта баяндама оқыды. 

Баяндамашылар мен тыңдармандар “Берел” музей-қорығының 2018-2021 жылдарда жүргізген қазба жұмыстарымен танысты. 

Жер-дүниені жаңартып, көктемді ерте келетін Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі құтты болсын! Барлықтарыңызға татулық, береке - бірлік тілейміз. Ұлыстың ұлы күні елімізбен жерімізге құт - береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын! 

 «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне орай, Катонқарағай ауылдық орталық алаңында киіз үй тігіліп, «Алтын адам» атты көшпелі көрме ұйымдастырылып, дастархан жайылды. 

 

Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Мейірімділік пен қамқорлық халқымызда ата - бабамыздан мирас болып келе жатқан асыл қасиетіміз. Қайырымдылыққа арналған іс-шаралар мен жобалар елімізде көптеп кездеседі. 

Осы сияқты қайырымдылыққа толы іс-шараны «Берел» мемлекеттік тарихи - мәдени музей-қорығының» музей қызметкерлері жылдағы дәстүр бойынша, «Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі» аясында, «Игі істер» күніне орай, Катонқарағай ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға сыйлықтар беріп, алғыстарын алып қайтты.

Бүгін 16 наурыз, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасады. Президент бұл жолғы Жолдауында жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты. Мемлекет басшысының Жолдауын «Берел» мемлекеттік тарихи - мәдени музей-қорығы» ұжым болып тыңдап, алға қойған міндеттерге ден қойып, талдау жасалды. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің міндетін орындауды Ерланова Жанат Ерлановнаға оның келісімінің негізінде, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директорының м.а. А.Сарбасовтың 2021 жылдың 24 қарашасындағы № № 28-ж/қ бұйрығымен тапсырылған болатын. Комплаенс-қызметкерінің басты мақсаты мен міндеті Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңы» 19.12.2020 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен;) заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Онлайн кім

Қазір 45 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр