Музей - тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме және заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Барша музей қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Жұмыстарыңызға мол табыс және жетістіктер тілейміз! Құрметпен: “Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - музейі” ұжымы.
Тақырыбы: “Өткеннің қазынасы - болашаққа”

15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы халықаралық отбасы күнін атап өтеді. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті.

"Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Жанұяның береке-бірлігі – әр баланың болашақ қадамы. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз.​

15 мамыр күні "Берел" мемлекеттік тарихи - мәдени қорық-музейі" Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында, Отбасы күніне орай, көп балалы және жас бүлдіршіндері бар отбасыларға музей көрмесін тамашалауға шақырып, жалпы музей ішіне саяхат жүргізді.​

Барша отбасына шын жүректен денсаулық, бақыт пен береке, сүйіспеншілік және түсіністік, шыдамдылық және сәттілік, өркендеу мен мол табыс тілейміз!​

 

2021 жылдың 14 мамыр күні Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызының халық алдында есеп беру кездесуі өтті.

__________________________

Кездесу Министрліктің Youtube арнасында тікелей эфир арқылы болды. Кездесу барысында Ақтоты Рахметоллақызы министрліктің өткен жылғы және 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы негізгі жетістіктеріне тоқталып, алға қойылған міндеттерді белгілеп кетті.​

__________________________

Өткен 2020 жыл мен 2021 жылдың бірінші тоқсаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жетекшілік ететін барлық сала үшін, жалпы зиялы қауым үшін шын мәнінде мазмұнды және нәтижелі болды.​

Еліміздің биылғы ең басты ұлттық мерекесі – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында, Министрлік ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, салауатты өмір салтын насихаттап, елдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған әрбір жоспарлы шараның уақытылы және сапалы өткізілуінің қамтамасыз етілетіндігі, ұйымдастырылып жатқан барлық іс-шаралар өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайларды ескеріп, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өткізілетіндігін айтылып өтілді.

__________________________

📝 Министр баяндамасында, Еліміздің барлық республикалық жетекші музей-қорықтарының аумағында визит-орталықтардың құрылысы мен оларды музейлендіру жұмыстары жүргізіліп, 2020 жылы музей-қорықтардың визит-орталықтарының құрылысы аяқталғандығын айтты. Сонымен қатар 2022 жылы құрылысы жоспарланып отырған «Есік» және «Берел» визит-орталықтарының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде екендігін де айтып өтті.​

__________________________

📜 Министр баяндама соңында, “2020 жыл Министрлік жетекшілік ететін барлық сала үшін шын мәнінде мазмұнды және нәтижелі болды. Алдағы уақытта Министрлік алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды” - деп сөзін қорытындылады.

__________________________

Алдағы уақытта да ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ведомство басшылығының алға қойған міндеттерді іске асыру жолында толағай табыстар тілейміз!

Жеңіс күні – бұл естелікке толы мереке және өскелең ұрпаққа бейбіт өмірдің қадір-қасиеті туралы өсиет айтатын айрықша күн. Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеген. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты. Ұлы жеңіске 76 жыл толуына орай, “Берел қорық - музейі” қызметкерлері Жамбыл ауылдық округіне қарасты, Берел ауылының тұрғындары Райсов Мәнап - тыл еңбеккері атамызды, Мусина Зейнеш - тыл еңбеккері апамызды мерекемен құттықтап, баталарын алып қайтты. Баршаңызды Жеңіс күні мерекесімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға зор денсаулық, береке мер бірлік, ырыс пен толағай табыстар тілейміз! Құрметпен: “Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - музейі” ұжымы.
“Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл - рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі”. Н.Назарбаев. Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні - 18 сәуірде 1984 жылдан бері атап өтіледі. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге көтеріңкі сезім сыйлайтын салиқалы да салмақты сөзде қаншама терең тұжырым, ұлағаты мол ұғым, мағыналы да мазмұны ауқымды ой жатыр десеңізші! Табиғат – тіршілік көзі. Табиғатты аялау, оған үнемі жанашырлық сезіммен қамқорлық жасап отыру ата-бабаларымыздың ұрпақтарына ұран етіп қалдырған аманаты екендігін ешқашан да естен шығармауға тиіспіз. Осы орайда, “Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - музейі” 18-сәуір “Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне” орай, Музей ұжымы біріккен сенбілік өткізді. Өз өлкеміздің тарихи орны болып табылатын “Берел” қорық - музейі” айналасына және өлкедегі табиғи құндылық болып табылатын “Әулие бұлақ” пен мекеме айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова онлайн форматта былтыр Абай Құнанбайұлының 175, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өтуге ерекше атсалысқан тұлғалармен жүздесіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыстады. "Берел" мемлекеттік тарихи - мәдени қорық-музейінің" әдіскері Қайнаров Төлеген Қайнарұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Семей қаласында «Алтын-Алтай» атты көрме ұйымдастыруға үлес қосқаны үшін аталған марапатқа ие болды. Мемлекет басшысының Алғыс хатында, - "Халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және дала данышпаны, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл - Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларына арналған іс - шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлкен үлесіңіз үшін Сізге алғысымды білдіремін. Аталған мерейтойлар аясында қазақстандықтардың, әсіресе жас ұрпақтың санасына ұлы тұлғалардың өнегесін сіңіруге, тағлым алуға елеулі жұмыс жүргізілді. Бірқатар шетел халқын хакім Абайдың және ұлы ойшыл әл - Фарабидің мұрасымен қатар, отандық мәдениет пен өнердің жетістіктерімен таныстырудың зор мүмкіндігі туды. Тәуелсіз Отанымызды өркендету жолындағы қызметіңізге толайым табыс тілеймін!" делінген. Жиын соңында Ақтоты Райымқұлова марапатталған азаматтарды құттықтап, Әбу Насыр әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы сынды айтулы тұлғаларымыздың мол мұрасын насихаттау жолында жұмыла жұмыс істеуге шақырды.
🔶️Мейірімділік пен қамқорлық халқымызда ата - бабамыздан мирас болып келе жатқан асыл қасиетіміз. Адамдар бір-біріне қайырымдылық таныту арқылы жақсылық жасайды. Қайырымдылыққа арналған іс-шаралар мен жобалар елімізде көптеп кездеседі. Осы сияқты қайырымдылыққа толы іс-шараны «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі 2015 жылдан бері Катонқарағай ауданы бойынша, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға, жыл сайын «Батаменен ел көгерер» деген атпен үйлерін аралап, сыйлықтар, тәттілер таратып, ел алғысын алып келгенді. 📝🔷️ «Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі» аясында, музей қызметкерлері жылдағы дәстүр бойынша, Катонқарағай ауылы және Берел ауылының мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға сыйлықтар және киім-кешек беріп алғыстарын алып қайтты. Халқымызда «Кең болсаң, кем болмайсың» - деген даналық сөз бар, олай болса, адамның жанына қуат беріп, көңілін қуанышқа бөлейтін мейірімділігімізбен қайырымдылығымызды әркез арқау етіп жүрейік. #Тәуелсіздікке30жыл #НаурызМәдениетАйы

Онлайн кім

Қазір 63 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр