“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында садақ ату бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылуда.
Шеберлік сағаттарды - садақшы, әрі қолөнерші, көне дәстүрді жалғастырушы Ашимов Руслан Жанатұлы жүргізуде.
Сақтардан Қазақ хандығына дейінгі дала көшпелілерінің құрама садақтардың қолданылу және жасалу тарихы, сондай-ақ садақ жасау, пайдаланылған материалдарды өңдеу мәдениеті туралы ақпарат беретін сағаттар мен қатар, келушілер назарына сақ пен түркілердің әскери құрама садақтарынан демонстрациялық ату ұсынылуда.
2023 жылдың шілде - тамыз айлары.