25 07 2018 1

2017 жылдың шілде айының 25 күні жерлесіміз Қайырды Назырбаевтың 70 жасқа толған мерейтойына орай ақын-жазушылар Ә.Асқаров, Ә.Қаңтарбаев жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ж.Әшімжан, ақын Б.Райсова, Мәдениет және спорт министрлігінің баспа бағдарламаларын қалыптастыру басқармасының бастығы Н.Тоғызбаев және тағы басқа жерлес азаматтар туған жерлеріне сағына оралып, Катонқарағайдың көрнекті жерлерін, ауыл-аймақтарын аралап құмарларынан бір шығып, ат басын киелі жер, тарихи мекен Берелге де бұрды.

Подробнее...  

14 07 2018

Облыс әкімі Д.К.Ахметовтың Шығыс Қазақстан Облысы бойынша 2016-2018 жылдарға арналған археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және жүзеге асыру бағдарламасы аясында атқарылып жатқан іс-шараларға 2017 жылы шілде айының 14 жұлдызы күні Елбасы Н.Ә.Назарбаев Өскемен қаласында іссапарда болып, Берел жәдігерлерімен танысып, ерекше ризашылығын білдірді.

22553054 510187819346094 1605892241743768615 o

Елімізде тұңғыш өткізіліп отырған «ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесі» ел дамуын әлем халықтарына паш етумен қатар, қазақ елінің қарыштап дамып келе жатқанын көрсетті. Елбасының сындарлы саясатының арқасында бұл шарада абыроймен, бас бармақпен баға қойғандай болып атқарылды.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар тек Астана қаласы ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның көрнекті жерлерімен қоса тарихи орындарға келіп, өздерінің шексіз қуанышты екендіктерін жасыра алмады.

Подробнее...  

11 08 2018 1

Өткен ғасырдың аяғындағы археологтар ашқан әлемдік деңгейдегі үлкен жаңалықтардың бірі – Алтайдағы Берел қорғандары. Берел қорғандарынан табылған археологиялық ескерткіштер, шын мәніндегі, әлемдік үлкен жаңалық, айтулы ғылыми табыс ретінде бағаланды.

Берел қорғандары – Қазақстандағы сақ дәуірі кезеңінің органикалық заттары сақталған жалғыз тарихи ескерткіш. Қорым б.з.б. V-IV ғасырларда салынған. Берел қорымы Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма өзенінің оң жағалауында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 шақырым жерде, таулы аңғарда орналасқан. Қорымның құрамында 100-ден астам оба бар.

Подробнее...  

09 04 2018

2015 жылдың 1 желтоқсанында - Тұңғыш президент күніне орай Астана қаласында Қазақстан Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейі ашылған еді. Мәдениет ошағы, тұрғындар, оның ішінде өскелең ұрпақ отандық әскердің тарихымен танысып, патриоттық тәрбиені шыңдайтын рухани орталығы болмақ. 

Әскери-тарихи музейдің қызметкерлері өткен 2016- жылдың шілде-тамыз айларында «Берел» қорық мұражайымен байланыстар орнатып, Берел қорғандарында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарына қатысып, мұражайдың негізгі жұмыс бағыттарындағы ерекшеліктерімен танысып,тажірибе алмасып кетті.

Подробнее...  

21 12 2016

14 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  «Берел»  мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайымен Е.П.Рыков атындағы орта мектеп бірлесіп,  мерекелік іс –шара ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: Оқушылырға тәуелсіздіктің тамашаларынан мағлұмат берумен қатар, ұлтжанды болуға тәрбиелеу көзделді. Тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктеріміз, «Мәдени мұра» аясында «Берел» мұражайының дамуы  жайлы қысқа метражды фильмдер көрсетіліп, оқушылар арасында сұрақ-жауап бойынша әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Оқушыларға алдын ала берілген «Тәуелсіздік тамашалары» атты, шығарма жарысының қорытындысы айтылып, марапаттау рәсімі болды. Сонымен қоса Желтоқсан оқиғасына қатысқан Тайсарина Күлән Нұрғазықызын қонақ етіп, «Берел» қорық-мұражайы атынан құттықтау сөзбен  мадақтама, сыйлық тапсырылды.

07 10 2016

2015  жылы Берел қорғандарында болып қайтқан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметов  Берелдегі қазба жұмыстары мен одан табылған жәдігерлерге қызығушылық танытып, облысымыздағы археологияны дамытуға қомақты қаржы бөлетіндігі туралы айтқан еді. Кейіннен Шығыс Қазақстан облысында археологияны дамытудың үш жылдық  жоспары жасалынған болатын.

Биылғы жылғы мамыр айының 23-нен бастап  № 2 қорғанға қазба жұмыстары басталып кетті. Қазба жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей қорғандағы қабірден 4,5 метр тереңдікте алтын әшекейлерімен бірге жеті жылқы, тақтайдан тұрғызылған қима бөлме мен астау табыт және әйел адамның сүйегі табылды. Мәйіттің қасына екі қыш құмыра мен жылқының омыртқасы (жая) қойылған.

Подробнее...  

22 08 2016

2015 жылдың 18-21 тамызы аралығында «Берел» тарихи-мәдени қорық-мұражайы, Халықаралық Түркі академиясы және А. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан сынды Халықаралық Түркі академиясының құрылтайшылары саналатын төрт елдің ғалымдары мен археологтары, ақпарат саласының майталмандары Төр Алтайдың Қарақаба және Берел қорымдарында болып «Алтай –алтын бесік» атты Халықаралық далалық семинар өткізді. Белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев бастаған мамандардың соңғы жылдары қазба жұмыстарында тапқан олжалары тақырып тұздығына айналды. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркі Үкіметінің жанындағы Түрік ынтымақтастық және даму агенттігінің Қазақстандағы өкілі Мехмет Бодур, түркиялық «Haberturk», «Dirilis Postasi» сынды бас газеттердің, әлемнің 120 еліне тарайтын NTV телеарнасының журналистері, Қырғызстандық археолог Қуатбек Табалдиев, Әзірбайжан тарихшысы Тахир Шахбозов қатысқан симпозиум-семинар екі күнге созылды.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр