«Қазақ Алтайының б.з. 1 мыңжылдығы басындағы ескерткіштері: халықтардың ұлы қоныс аударуының бастаулары және Еуразия этномәдени құрылымының қалыптасуы»жобасы аясында, зергерлік бұйымдар, паста және шыны моншақтар, каури қабығы, т.б. Берел қорымынан табылған. Олар сяньби мәдениетінде маңызды рөл атқарған.

Дөңгелек пішінді моншақтар. Ортасында жіпке арналған тесіктер бар. Олар музей қорына 2022 жылы өткізіліп, қабылданды.

Сяньби мәдениетіне тән ою-өрнектер Сібір мен Орталық Азияның оңтүстігіндегі әртүрлі көшпелі мәдениет ескерткіштерінен табылды, бұл сяньби мәдениетінің Орталық Азияның басқа көшпелі тайпаларына ықпалының маңызды дәлелі [Ю.С.Худяков, 2016: 24-27].

Жоба жетекшісі: Самашев З. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің жобасы аясында дайындалған.

Онлайн кім

Қазір 43 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр