Білім беру мен білім алу балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Балабақша - тəрбие алудың алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. 📌 «Берел мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - музейі» мен Катонқарағай ауылдық «Айгөлек» бөбекжай – балабақшасы ұйымдастырған "Наурыз айы - балалар үшін басты мереке" атты бағытты қамти отыра, "Наурыз - мереке, Наурыз - береке" тақырыбында, Ұлыстың ұлы күні Әз - Наурыз мерекесі тойланып өтті . 💡 Наурыз мейрамының 10 күндігімен құттықтай отыра, Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайтуға, ұлттық бірегейлікті сақтап, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйретіп жүрген балабақша тәрбиешілеріне алғыс айтып, тәрбиеленуші жас бүлдіршіндерге «Наурыз қоржын» сыйлықтарын табыс еттік. Бала - болашағымыз, бала – қуанышымыз. #Тәуелсіздікке30жыл #НаурызМәдениетАйы
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің» суретші-реставраторы Бақытбек Джалымбековтың жетекшілігімен қаңтар айының 12 - күні «Жәдігерлерді қалпына келтіру және музейдің имидждік өнімдерін жасауды шеберлік сыныбында іске асыру» атты шеберлік сыныбы болып өткенді. 📌 Қазіргі таңда Бақытбек Джалымбековтың шеберханасына қызығушылықтары артып, келіп жүрген оқушылар саны жетерлік. Наурыз мейрамы – жергілікті қоғамдастықтың, тату көршілердің мерекесі қарсаңында, үйірме жұмысының әрмен қарай дамуына музей ұжымы және Бақытбек Джалымбековтың ойларынан туындаған қолөнер бұйымдарының үлесі орасан зор. Өзімен бірге еріп жүрген шәкірттеріне шеберліктің оң қырын көрсетіп жүрген қызметкер өз шәкірттерімен шеберлік сабақтарын өткізіп келеді. Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына» орай, әр түрлі тақырыптағы туындыларын онлайн және офлайн форматта ел назарына ұсынды. 💡📃Керемет шеберлік танытқан оқушыларға наурыздың 10 - күндігі қарсаңында, "Шымырлық пен шеберлік", "Зияткерлік күндеріне" орай, Музей ұжымы атынан сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді. Музей жанындағы шеберлік сыныбы алдағы уақытта да қолөнер туындыларымен қуанта бермек. #Тәуелсіздікке30жыл #НаурызМәдениетАйы
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің» - Берел қорғандарын қорғау жəне экскурсиялық қызмет бөлімінің саяхат жетекшілері Наурыз мейрамының 10 – күндігінің «Тарихқа тағзым күніне» орай, «Ақсу орта мектеп» оқушыларына «Тарихты терең бойлаған» атты тақырыпта тарихи-танымдық сабақ өткізіп, көшпелі көрме ұйымдастырды. Тәрбиелік маңызы зор сабақтың басты мақсаты: Берел қорғандарындағы қазба жұмыстарының барысы жəне одан табылған жәдігерлер мен «Берел қорық-музейінің» даму тарихын оқушыларға кеңінен таныстырып, насихаттау. Аталған іс-шарада Тәуелсіздік жылдарындағы қазба жұмыстарының қаншалықты маңызды рөлге ие екендігі және тоң басқан тарихымызды зерттеуші ғалым – археологтар жайлы ақпараттармен таныстырылып өтілді. #Тәуелсіздікке30жыл #НаурызМәдениетАйы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көрсетілгендей, «Наурыз –тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық мерекесі» тақырыбындағы бағыттың, «Таза табиғат» акциясын бірден қолдай кеттік. Себебі, бізді қоршаған ортаны таза ұстап, көгалдандыру әрбір Қазақстандық азаматтың табиғат ананың алдындағы қасиетті борышы деп санаймыз. 📌🗓 Наурыз мейрамының 10 – күндігі қарсаңында, «Жайлау күніне» орай, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» ұжымы бірігіп, музей айналасын қалың қардан тазарту жұмыстарын атқаруға белсене ат салысты. Шығыстың ызғарлы қысы алты айға созылатындықтан, қардың түсу деңгейі əдеттегіден көбірек. Жылдағы дәстүр бойынша, көгалдандыру жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап қолға алынады.


#Тәуелсіздікке30жыл #НаурызМәдениетАйы
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен барлық қыз-келіншектерді шын жүректен құттықтайды.Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді. Әйел тіршіліктің тірегі, күре тамыры жақсылықтың нышаны. Осындай бір көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын нәзік мерекеде «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жыл сайын өз жұмысына тиянақтылықпен қарайтын қызметкерлердің біреуін құттықтауды дәстүрге айналдырған болатын. Биылғы 2021 жылы қырық жылдан астам уақытта өз еңбегін мүлтіксіз орындап келген, Катонқарағай ауылдық қазпошта филиалында қызмет жасап жүрген Танабаева Баған апайымызды құттықтап, сый-сияпатымызды тарту еттік. Ел үшін маңдай терін төгіп жүрген апа-әпкелерімізді бағалай білейік. Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!
Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. Бұл күн еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Берел қорық-музейінің ұжымы да осы бір айтулы мерекені жыл сайын атап өтуді дәстүрге айналдырған еді. Осынау игі шараны жалғастырған музей ұжымы бүгін Ел басына күн туғанда қажырлы еңбек етіп, жұдырықтай жұмылып, індеттің алдын алуға қайрат-жігерлерін аямаған Катонқарағай ауданаралық №2 ауруханасының дәрігерлер қауымын Алғыс хатпен марапаттап, аурухана қызметкерлеріне Берел қорық-музейін жыл көлемінде тегін тамашалауға сертификат табыс етті.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының» - Берел қорғандарын қорғау жəне экскурсиялық қызмет бөлімінің саяхат жетекшілері 2021 жылдың ақпан айынан бастап Катонқарағай ауданының мектептерінде «Құпияға толы Берел» атты тақырыпта тарихи-танымдық сабақ өткізіп, көшпелі көрме ұйымдастыруда. Тәрбиелік маңызы зор сабақтың басты мақсаты: Берел қорғандарындағы қазба жұмыстарының барысы жəне одан табылған жәдігерлер мен Берел қорық-мұражайының даму тарихы туралы аудан тұрғындары мен оқушыларға кеңінен таныстырып, насихаттау. Аталған іс-шара 2021 жылдың мамыр айына дейін өткізіледі.

12.02. – 12.03. 2020 ж Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи қорық музейінде «Алтын Алтай» тақырыбында көшпелі көрме ұйымдастырылды. Көрме аясында Берел жылқысының ат-әбзелдерінің көшірмесі, Берел қорық-музейінің соңғы 3 жылда Шығыс Қазақстан облысында жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде табылған заттар,2019 жылғы қазба жұмыстарыкезінде табылған алтын заттар және Берелдегі б.з.д ІІ-І ғасыр кезеңімен белгіленген қорғаннан табылған сүйектен ойылып жасалған бұғы-грифон ат әбзелдерінің әшекей бұйымдары және тағы басқа құнды жәдігерлер көрермендер назарына ұсынылды.

1-наурыз Алғыс айту күніне орай «Берел қорық-музейінің» ұжымы биылғы жылы да Катонқарағай өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі он балаға дәстүр бойынша сый-сияпаттар жасап, материалдық көмек көрсетті. Сонымен қатар, облысымыздағы Серебрянск қаласындағы «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім беру қажеттілігі бар мектеп –интернаттын тәрбиеленушілеріне мереке қарсаңында киім-кешек пен азық-түлік сыйлап, демеушілік көмек көрсетті.

14 наурыз – Көрісу күні. Мереке күніне орай, «Берел» қорық-музейі ауылдық кітапханамен бірлесіп, осы көне дәстүрді сақтай отырып, «Көрісу күнін» тойлады. Мерекелік шара барысында бірлесе иық тіресіп қызмет атқарып келе жатқан мекемелерді қонаққа шақырып,, дастархан жайып, ізгі тілектерімен бөлісті. Сонымен қатар, ауылдың үлкендері, апаларымыз да белсендік көрсетіп, амал мерекесін тойлауға келді. Биыл қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аталып жатқандықтан, осы күні Абайдың әндері айтылып, өлеңдері кеңінен оқылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл «Волонтер жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осы «Волонтер жылы» аясында денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, мәдениет және басқа да салаларда 7 жылпыұлттық жобаныіске асыру жоспарланған болатын. Осыған орай «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне «Тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау бойынша «Birgemiz:Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында археологиялық жұмыстарға волонтерлар жолданды. Осыған орай Нұр-Сұлтан мен Семей қалаларынан құралған еріктілерБерел қорық-музейі зерттеп жатқан «Таутекелі қорымында» қазба жұмыстарына қатысса, тамыз айының 10 жұлдызынан бастап Түркістан облысының еріктілерінен құралған тағы бір топ Берелдегі қазба жұмыстарына қатысуда. Қазба жұмыстарына қатысқан еріктілер біздің өлкеміздегі осынау киелі мекенге келіп, тарихты зерттеуге өз үлестерінқосып жатқандарына мақтаныш тұтатындарын айтып, мүмкіншілік болса тағы да келеміз деген ниетпен аттанды.

Онлайн кім

Қазір 185 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр