2023 жылдың 18-20 мамыр аралығында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Халықаралық музейлер күніне арналған «МУЗЕЙ – УАҚЫТ АҒЫМЫНДА»
атты тарихи-танымдық шарасы Астана қаласында өтті.
“Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени музей - қорығының, Есеп және ғылыми-қор жұмысы бөлімінің басшысы Жәния Меирқызы мен қор сақтаушы Жанат Ерлановна , ҚР Ұлттық музейінде «Музейдің қор сақтау қызметін ұйымдастыру: теориясы мен практикасы» атты симпозиумға қатысты. Симпозиум аясында ҚР Ұлттық музейі құндылықтарды жинақтау, есепке алу , сақтау жөніндегі тәжірибесімен бөлісті , практикалық сабақтардан соң қатысушылар сертификаттармен марапатталды.