2017 Әскери бөлімінің шекарашы сарбаздары мен қызметкерлерін мәдени - ағартушылық бағытындағы қабылдау «Берел» музей - қорығында болды. Жас сарбаздарға өлке ерекшеліктері таныстырылып, өткен дәуірлер тарихынан сыр шертетін жәдігерлер көрсетілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу отырысы өтті.

 

    Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі "ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ" атты Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жалғастыруды тапсырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді құру және енгізу анықталды.

    Сол себепті, Талдау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес комплаенс-қызметтің жауапты тұлғасымен жұмыс тобының құрамында жүргізіледі. Бұйрықтың орындалуына жауапты тұлға анықталды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобының құрамы қалыптастырылды.

«2022 жыл Қазақстандағы балалар жылына» орай, «21 Мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні» қарсаңында, «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектеп» КММ-нің 9-10 сынып оқушыларына «Беделі бағаланған - Берел» атты тарихи - танымдық сабақ өткізілді.

Басты мақсат: Ежелгі көшпелілер өркениетінің алтын бесігі – Алтайдың биік таулы аңғарындағы, Берел аймағында орналасқан, "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей - қорығының" құрылу тарихы мен археологиялық қазба жұмыстарының маңыздылығын түсіндіру болды. 

«Тоң басқан обалар кереметі» іс-әрекетінің негізінде оқушылардың бойында Берел қорғандарының тарихи тағдырына деген құрмет қалыптасты. Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларға кәдесыйлар табысталды. 

21 Мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні құтты болсын! 

"Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей - қорығы" қызметкері Р.С.Мұқатаев Ресей Федерациясындағы Алтай Республикасының А.В.Анохин атындағы Ұлттық музейімен ынтымақтастық туралы мемарандум аясында, осы өңірдегі туристік және тарихи-мәдени индустриямен танысу мақсатында 1.05-5.05.2022 Алтай Республикасында іс - сапарда болып қайтты. Іс - сапар кезінде көптеген табиғи және тарихи орындарда болды: Чемаль трактаты, Помос аралы, Калбакташ петроглифтерінің қорық-мұражайы, Шу трактаты, гейзер көлі. Жергілікті туроператорлармен, мұражайлармен, гидтермен, түрлі қолөнер шеберлерімен байланыс орнатылды. 

18 - сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні.

Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері тарихи ескеткіштерді қорғау күніне орай, музей аумағы мен қорғандардың айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді.

ҚР Білім және ғылым министірлігі Ғылым комитетінің Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты, 2022 жылдың 12-14 сәуір аралығында Алматы қаласында “Марғұлан оқулары - 2022” халықаралық ғылыми-тәжірибелік қонференциясын ұйымдастырды. 

ҚР МСМ МК “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы” РМҚК директорының міндетін атқарушы Сарбасов Алмас Тлеужанұлы “Берел музей-қорығының 2018-2021 жж. жүргізген қазба жұмыстары” атты тақырыпта баяндама оқыды. 

Баяндамашылар мен тыңдармандар “Берел” музей-қорығының 2018-2021 жылдарда жүргізген қазба жұмыстарымен танысты. 

Онлайн кім

Қазір 96 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр