- Подробности
- Автор: admin
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 15 жылдығына орай, «Қазақ Алтайының б.д. І мыңжылдық басының ескерткіштері: халықтардың Ұлы қоныс аударуының және Еуразияның этномәдени құрылымының қалыптасуының бастаулары» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында Алматы қаласында орналасқан Ә.Х. Марғұлан атындағы археология иститутының,
физикалық антропология зертханасының меңгерушісі Жанұзақ Рамазан - Берел қорағандары аумағындағы ғұн-сәнби ескерткіштерінен табылған материалдарға палеоантпропологилық зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
«Берел» музей-қорығының - ғылыми зерттеу және қор бөлімі.
- Подробности
- Автор: admin
- Подробности
- Автор: admin
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej.html?start=152#sigProId52a53d7185
- Подробности
- Автор: admin
📆 2023 жылдың 14 тамызында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын ақын, Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрмет орденінің иегері Светқали Нұржан тамашалады. Музей қорына - Өткен күздің өксігі атты кітабын сыйға тартты. Экскурсия барысында музей экспозициясы және Берел қорғандары аумағымен танысты. ✅ Экскурсия жетекшісі - Әутәліпова Назира.
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej.html?start=152#sigProId010337fddb
- Подробности
- Автор: admin
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Қазақ Алтайының б.д. І мыңжылдық басының ескерткіштері: халықтардың Ұлы қоныс аударуының және Еуразияның этномәдени құрылымының қалыптасуының бастаулары» атты ғылыми жобасы аясында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Жоба жетекшісі: З.С.Самашев. Берелдегі археологтардың табысы - әлемдік деңгейдегі жаңалық. Берел қорымында үлкенді-кішілі 100 ден астам обалар бар. Қазіргі таңда археологиялық ескерткіштерді зерттеуде басқа да ғылымдардың әдістері мен жетістіктері кеңінен қолданылады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитеті жобасы аясында дайындалуда.
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej.html?start=152#sigProId03ae9ff9f4
- Подробности
- Автор: admin
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 15 жылдығына орай «Қазақ Алтайының б.д. І мыңжылдық басының ескерткіштері: халықтардың Ұлы қоныс аударуының және Еуразияның этномәдени құрылымының қалыптасуының бастаулары» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында хылықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды.
Конференцияның тақырыбы: «Көне түркі зерттеулеріндегі келелі мәселелер: ерте дәуірден бүгінгі күнге дейін». Шараға тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайнолла Самашев; Мажарстан Ғылым Академиясының ғалымы Ласло Папп Шандор; Мажарстан Ғылым Академиясының профессоры, түріктанушы, тарихшы, этнограф Дәуіт Шомфай Қара; Е.Гумилев атындағы ЕНУ-ң профессоры Задаш Оразғалиевна және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ң, аудан мектептерінің тарихшы ғалымдары қатыстысып, Берел қорғандарындағы қазба жұмыстарының ерекшеліктері, тарихы мен маңыздылығы туралы сөз қозғалып, археологиялық іс-тәжірибе, музей мен мектеп байланысының маңыздылығы, көне түркі таңбалары мен ғұн-сәнби ескерткіштері туралы мәселелелер талқыланды.
Конференция соңында барлық қатысушыларға Берел қорымына танымдық экскурсия ұйымдастырылып, сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej.html?start=152#sigProId1d8db234e9
- Подробности
- Автор: admin
Аммосов М.К. атындағы Саха (Якутия) Республикасының Республикалық мемлекеттілік тарихы музейі , “Берел” музей-қорығының кітапхана қорына Максим Аммосовтың өмірі мен қызметі жайлы кітаптарды тұрақты сақтауға өткізді. Әріптестерімізге ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej.html?start=152#sigProId28faeac117
- Подробности
- Автор: admin
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej.html?start=152#sigProId88ff9e7e13
Онлайн кім
Қазір 83 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр