🗓️ “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Катонқарағай ауылының “Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі” КММ-де “Берел құпиялары” атты тарихи-танымдық сабақ өткізді. Сабақ 5,6,8-сынып оқушыларына ұйымдастырылды. 

✅ Оқушылар Берел қорғандарының тарихымен танысты. Әр жылдардағы археологиялық қазба жұмыстары көрсетілді. Сонымен қатар, оқушыларға тарихи-мәдени мұраны қорғау, сақтау және вандализмге қарсы ақпарат берілді. 

Сабақ соңында оқушылар өз пікірлерімен бөлісті. 

Онлайн кім

Қазір 145 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр