ыы
Бүгін Е.П.Рыков атындағы орта мектебінде ерекше мазмұнды сабақ өтті. Сабақ тақырыбы - “Көшпелі тайпалар тарихы” Оқушылар қазақ даласының ежелгі тарихына үңіліп, Берел қорғандарының археологиялық, мәдени және тарихи маңызын терең түсінді. Сабақ барысында интерактивті сұрақ-жауап пен талдау жүргізілді. Берел қорғандары — сақ дәуірінің жарқын мұрасы. Бұл сабақ жас ұрпақтың тарихи сана-сезімін қалыптастырып, елдік құндылықтарды бағалауға баулыды. 📸 Оқушылар қызығушылықпен қатысып, өз ойларын ортаға салып, тарихи танымдарын кеңейтті. #БерелҚорғандары #ТарихСабағы #ЕПРыковМектебі #ҰлттықМұра #РуханиЖаңғыру #МәдениМұра
Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бірқатар қызметкерлері адал еңбегі мен мәдениет саласына қосқан үлесі үшін марапаттарға ие болды! Мәдениет және өнер қызметкерлері күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қарашадағы № 1281 қаулысымен бекітілген. Мақсаты – қоғамның рухани дамуына үлес қосып жүрген мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбегін бағалау және құрмет көрсету.
Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бұл – ерлік пен елдікке тағзым ететін қасиетті күн. Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен жанқиярлықтың жарқын символы. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында жауынгерлік пен тылда еңбек еткен аталарымыз бен апаларымыздың ерен ерлігі – бүгінгі бейбіт өміріміздің негізі. Олардың есімі мен ерлігі – мәңгілік жадымызда. Бейбіт өмір, ашық аспан, амандық тілейміз! Батырлар рухы біздің жүрегімізде! Ізгі тілекпен, “Берел” музей-қорығының ұжымы.
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Молқыбаева Күлсара Изенбайқызын құттықтады. Қиын-қыстау кезеңде аянбай еңбек етіп, жеңісті жақындатуға үлес қосқан ардагерлерімізге алғысымыз шексіз. Оның маңдай терімен келген еңбегі – бүгінгі бейбіт күніміздің негізі. Бүгінгі ұрпақ – сол жанқияр ерліктің куәсі әрі жалғастырушысы. Тарихты құрметтеу – болашаққа деген жауапкершілік! #ТылАрдагері #ЕрЕңбегіЕлЖадында #ЖеңісКүні #Музей #Құрмет
Бүгін Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, “Ерлікке тағзым” атты Республикалық акция аясында Катонқарағай ауданының Қабырға ауылы маңындағы ескерткішке тазалау жұмыстарын жүргізді. Музей қызметкерлері ескерткіш маңын тазалап, жөндеу, сырлау жұмыстарын жүргізіп қоршаған ортаны абаттандыруға өз үлестерін қосты. Мұндай іс-шаралар жас ұрпаққа отансүйгіштік рухын сіңіруге жол ашады. ⠀ Бұл игі бастама – ерлердің есімін ұмытпай, олардың рухына құрмет көрсету. Ұлы Отан соғысында жанын қиған бабаларымыздың ерлігі – мәңгілік жадымызда. ⠀ #БерелМузейі #ҰОС80жыл #ЕрліккеТағзым #ТарихтыҚұрметте #ҰрпақПарызы
2025 жылдың 17 сәуірінде Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ауданаралық бөлімінің басшысы Роман Хамзаевич Хусаинов Катонқарағай ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан активімен кездесу өткізді. Іс-шараға «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ны директорының м.а А.Сарбасов қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты жергілікті деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының және «Заң мен тәртіп» нарративінің негізгі ережелерін түсіндіру болды. Кездесу барысында Роман Хусаинов қоғамда сыбайлас жемқорлықтан бас тарту мәдениетін қалыптастырудың, халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асырудың нақты мысалдары ұсынылды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.

Онлайн кім

Қазір 74 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр