ыы
Көрмеде Берел қорымында жүргізілген археологиялық зерттеулердің ең құнды нәтижелері — 2800 жылдық алтын бұйымдар, сүйектен ойылған бұғы-грифон бейнелі ат әбзелдері, антропологиялық реконструкциялар, қола айна және басқа да бірегей жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Бүгінгі іс-шара ежелгі сақ мәдениетінің терең тарихын, олардың дүниетанымы мен шеберлігін танытқан мағыналы мәдени оқиға болды. Қонақтар көне өркениеттің мұрасымен жақын танысып, археология әлеміне қызықты саяхат жасады. Көрме 19 желтоқсанға дейін жалғасады. Келіп көруге шақырамыз!

Онлайн кім

Қазір 118 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр