ыы
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ұйымдастырған «E-museum» веб-порталына мәліметтерді енгізу бойынша семинарға “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы Жәния Меирқызы Сегізбаева қатысып жатыр. 🔹 Семинар барысында мамандар веб-порталға экспонаттарды енгізу, мәліметтерді үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) сапалы толтыру бойынша тәжірибе алмасады. 🔹 Бұл қадам Берел қорығында сақталған бірегей жәдігерлерді халықаралық деңгейде таныстыруға және мәдени мұрамызды кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді. 📅 Семинарлар 15-19 қыркүйек және 22-26 қыркүйек аралығында өтуде. Берел қазыналары енді әлемдік қауымдастыққа қолжетімді бола түспек! 🌍✨

Онлайн кім

Қазір 69 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр