«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 15 жылдығына орай «Қазақ Алтайының б.д. І мыңжылдық басының  ескерткіштері: халықтардың Ұлы қоныс аударуының және Еуразияның этномәдени құрылымының қалыптасуының бастаулары» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында хылықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды. 

Конференцияның тақырыбы: «Көне түркі зерттеулеріндегі келелі мәселелер: ерте дәуірден бүгінгі күнге дейін». Шараға тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайнолла Самашев; Мажарстан Ғылым Академиясының ғалымы Ласло Папп Шандор;  Мажарстан Ғылым Академиясының профессоры, түріктанушы, тарихшы, этнограф  Дәуіт Шомфай Қара; Е.Гумилев атындағы ЕНУ-ң профессоры Задаш Оразғалиевна және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ң, аудан мектептерінің тарихшы ғалымдары қатыстысып, Берел қорғандарындағы қазба жұмыстарының ерекшеліктері, тарихы мен маңыздылығы туралы сөз қозғалып, археологиялық іс-тәжірибе, музей мен мектеп байланысының маңыздылығы, көне түркі таңбалары мен ғұн-сәнби ескерткіштері туралы мәселелелер талқыланды. 

Конференция соңында барлық қатысушыларға Берел қорымына танымдық экскурсия ұйымдастырылып, сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.

Аммосов М.К. атындағы Саха (Якутия) Республикасының Республикалық мемлекеттілік тарихы музейі , “Берел” музей-қорығының кітапхана қорына Максим Аммосовтың өмірі мен қызметі жайлы кітаптарды тұрақты сақтауға өткізді. Әріптестерімізге ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

📆Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Әлібек Асқаров Саха-Якутия кітабын жазуға мұрындық болған “Айар” баспасының басшысы Август Егоров және жазушы Валерий Луковцевпен бірге “Берел” музей-қорығын тамашалады. Экскурсия соңында музей қорына Саха-Якутия кітабын сыйлап, жылы лебіздерін тілектер кітабында қалдырды. ✅Экскурсия жетекшісі - Ерланова Жанат Ерлановна.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Семинар-сабақ мақсаты: «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы бекітілген үлгілік ережемен таныстыру.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы Үлгілік ереже бекітілсін делінген.

Бұл бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32211 болып тіркелді.

Жоғарыда айтылған бұйрықты назарға ала отырып мамыр айында біздің мекемеде де «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже бекітілді. Үлгілік ереже 3 тараудан, 30 тармақтан тұрады.

(1-тарау. Жалпы ережелер

2-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, функциялары мен өкілеттіктері.

3-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің есептілігі)

📆 Бүгін,“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 15 жылдығы мен “Ботай” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған “Ботай. Дала өркениетінің бастауында” тақырыбында көшпелі көрменің салтанатты ашылуы өтті.

⚜️БОТАЙ- б.з.д. IV-III мыңжылдыққа жататын Еуразияның ерте жылқы өсірушілерінің әлемдегі бірегей қонысы. Ботай қонысында адамдар үлкен отбасыларда өмір сүріп аң аулаумен, балық аулаумен, керамика дайындаумен, сүйек, ағаш, тас өңдеп әртүрлі еңбек құралдарын жасаумен айналысқан. Көрмеде Ботай қонысының тарихынан сыр шертетін 140 жәдігер орналастырылды. ❇️ Көрме ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін, музейіміздің этнография залында орналастырылды.

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында , экскурсиялық қызмет бөлімі Астана күніне орай “Ел жүрегі - Елорда” атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрерменге елорда тарихынан сыр шертетін кітаптар назарға ұсынылды.

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында садақ ату бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылуда. 

Шеберлік сағаттарды - садақшы, әрі қолөнерші, көне дәстүрді жалғастырушы Ашимов Руслан Жанатұлы жүргізуде. 

Сақтардан Қазақ хандығына дейінгі дала көшпелілерінің құрама садақтардың қолданылу және жасалу тарихы, сондай-ақ садақ жасау, пайдаланылған материалдарды өңдеу мәдениеті туралы ақпарат беретін сағаттар мен қатар,  келушілер назарына сақ пен түркілердің әскери құрама садақтарынан демонстрациялық ату ұсынылуда. 

2023 жылдың шілде - тамыз айлары.

2023 жылдың 10 шілде күні “Берел” мемлкеттік тарихи-мәдени музей-қорығында “Ботай” мемлкеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ботай. Дала өркениетінің бастауында” атты көшпелі көрмесі ашылады. 

Көрме “Берел” музей-қорығының 15 жылдығы мен “Ботай” музей-қорығының 5 жылдығы қарсаңында, Ботай мәдениеті тарихын насихаттау мақсатында, ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы жайлы сыр шертпек. 

Көрме 2023 жылдың 10 тамызына дейін, музейіміздің этнография залында орналастырылмақ.

Онлайн кім

Қазір 23 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр