ыы

2025 жылдың 4 тамызында Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Қазақ Алтайы ежелгі көшпелілерінің таңба-белгілері» атты ғылыми семинар өтті.

Мақсаты: ерте көшпелілердің визуалды-коммуникативтік тәжірибелерін заманауи археологиялық деректер мен семиотикалық әдістер аясында қайта қарастыру болды.

«BR22082478 – Қазақ Алтайы ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» ғылыми бағдарламасының орындалуы жайлы есеппен ғылыми жобаның жетекшісі PhD докторы, археолог, Самашев Самат Қайроллаұлы бөлісті.

Сонымен қатар, іс-шараға Астана, Өскемен қалаларынан және Түркия, Моңғолия елдерінен зерттеушілер қатысты.

Атап айтқанда, семинарға:

  • - Қазақ Алтайы ежелгі көшпелілерінің таңба-белгілерін зерттеудің ғылыми мәселелері баяндамасымен т.ғ.д., профессор Самашев Зайнолла Самашұлы;
  • - Anadolu'daki Türk Damgalarına Yönelik Çalışmalar Üzerine Bir Değerlendirme баяндамасымен Түркия Йозгат Бозок университетінің профессоры, доктор Мехмет Кутлу (Mehmet Kutlu);
  • - Современные методы исследования знаков и символов на стационарных археологических памятниках древности баяндамасымен Бестерек ғылыми-зерттеу археологиялық орталығының ғылыми қызметкері, археолог Максим Юрьевич Половцев;
  • - Изображения тотемных животных в контексте семиотики баяндамасымен Ыстанбұл университеті әл-Фараби атындағы Еуразиялық зерттеулер орталығының профессоры, ф.ғ.к. Сапашев Ораз Сапашұлы;
  • - Қаратау өңірі сақ кешендеріндегі белгілер жүйесі баяндамасымен Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің археологы, PhD докторы Мұрғабаев Сағынбай Серікбайұлы;
  • - Моңғолиядағы таңба-белгілері бар археологиялық кешендерді зерттеулердің қазіргі жай-күйі баяндамасымен Моңғолия Ғылым академиясының Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, PhD докторы Шынарбек Сейітханұлы.

Семинар BR22082478 ғылыми бағдарламасы – «Қазақ Алтайының ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» аясында алынған нәтижелерге негізделді. Ол Қазақ Алтайының көне тұрғындары мәдениетіндегі таңба-белгілерді зерттеудің өзекті мәселелеріне, олардың семантикалық және функциялық рөліне, сондай-ақ ерте көшпелілер қоғамындағы визуалды-коммуникативтік жүйедегі орнына арналған.

Іс-шара пәнаралық ғылыми пікірталас алаңы ретінде ұйымдастырылды.

Онлайн кім

Қазір 48 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр