🎯 Мақсаты: археологиялық және этнографиялық экспедициялардың нәтижелерін, сондай-ақ жоба аясында жиналған материалдарды кең ғылыми қауымдастықпен бөлісу болды.
“AP23486716 Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары” ғылыми жобасының орындалуы жайлы есеппен ғылыми жобаның жетекшісі PhD докторы, археолог, Самашев Самат Қайроллаұлы бөлісті.
Сонымен қатар, іс-шараға Астана, Алматы, Түкістан, Өскемен қалаларынан және Түркия, Моңғолия елдерінен зерттеушілер қатысты.
⚜️Семинар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан AP23486716 – «Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары» гранттық ғылыми жобасы аясында алынған нәтижелерге негізделіп ұйымдастырылды. Бұл семинар Алтай қазақтарының тарихи және қазіргі таңба-белгілерін пәнаралық негізде зерттеу мәселесіне арналған.


