- Подробности
- Автор: admin
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-a-parat-ortaly-y/zha-aly-tar.html#sigProIdafc42189d9
- Подробности
- Автор: admin
Бұл күн – түрлі салада еңбек етіп жүрген жандардың қоғамға қосқан үлесін бағалайтын ерекше мереке.
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымы барша еңбеккерлерді мерекемен құттықтайды!
Еңбек күніне орай ұйымдастырылған «Еңбек – елдің қуаты» көрмесін Алтай қаласының оқушылары тамашалады. Бұл көрмеде:
- көне дәуірдегі еңбек құралдары,
- тұрмыстық бұйымдар,
- қолөнер туындылары мен шеберлердің еңбегін айшықтайтын жәдігерлер қойылды.
Көрменің мақсаты – еңбектің қадірін ұғындыру, ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігіндегі еңбек мәдениетін көрсету. Сонымен қатар, келушілер үшін «Қазақтың дәстүрлі еңбектері» тақырыбында арнайы экскурсия өткізіліп, ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігіндегі еңбек мәдениеті, қолөнер дәстүрі мен шаруашылықтағы ерекшеліктері кеңінен таныстырылды.
✨ Еңбек – елді алға жетелейтін құндылық.
Баршаңызды «Еңбек – елдің қуаты» көрмесін тамашалауға шақырамыз!
Еңбегіміз ел игілігіне жарап, берекеміз арта берсін!
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-a-parat-ortaly-y/zha-aly-tar.html#sigProId6b43f25496
- Подробности
- Автор: admin
- Подробности
- Автор: admin
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-a-parat-ortaly-y/zha-aly-tar.html#sigProIde30560a28f
- Подробности
- Автор: admin
8 қыркүйек күні, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Жолдауда еліміздің цифрлық даму бағыты, жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа мүмкіндіктер, әлеуметтік әділеттілік пен экономикадағы маңызды реформалар айтылды.
Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Жолдауды тыңдап, мазмұнын талқылады.
Жолдауда көрсетілген стратегиялық бастамаларды толық қолдаймыз.
Еліміздің болашағы – ғылымда, білімде, мәдениет пен тарихты құрметтеуде екенін мақтанышпен жеткіземіз.
🇰🇿 Бірге болашаққа қадам басайық!
#Жолдау2025 #ТоқаевЖолдауы #БерелМузейі #Қазақстан
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-a-parat-ortaly-y/zha-aly-tar.html#sigProIda18261ebd0
- Подробности
- Автор: admin
Құрметті отандастар!
Сіздерді Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Конституция – мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тұтастығының, бейбіт өмірі мен тұрақтылығының кепілі. Ол – еліміздің дамуына, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына негіз болып отырған басты құжат.
Осы мерекелі күні баршаңызға бірлік пен береке, бейбіт өмір мен жарқын болашақ тілейміз!
Еліміз әрдайым ынтымақ пен татулықтың, тұрақтылық пен жаңарудың символы болып қала берсін.
✨ Қазақстанымыздың көк байрағы мәңгі биікте желбірей берсін!
Ізгі тілекпен,
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы
- Подробности
- Автор: admin
🎯 Мақсаты: археологиялық және этнографиялық экспедициялардың нәтижелерін, сондай-ақ жоба аясында жиналған материалдарды кең ғылыми қауымдастықпен бөлісу болды.
“AP23486716 Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары” ғылыми жобасының орындалуы жайлы есеппен ғылыми жобаның жетекшісі PhD докторы, археолог, Самашев Самат Қайроллаұлы бөлісті.
Сонымен қатар, іс-шараға Астана, Алматы, Түкістан, Өскемен қалаларынан және Түркия, Моңғолия елдерінен зерттеушілер қатысты.
⚜️Семинар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан AP23486716 – «Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары» гранттық ғылыми жобасы аясында алынған нәтижелерге негізделіп ұйымдастырылды. Бұл семинар Алтай қазақтарының тарихи және қазіргі таңба-белгілерін пәнаралық негізде зерттеу мәселесіне арналған.
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-a-parat-ortaly-y/zha-aly-tar.html#sigProIdb8e7945c8c
- Подробности
- Автор: admin
2025 жылдың 4 тамызында Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Қазақ Алтайы ежелгі көшпелілерінің таңба-белгілері» атты ғылыми семинар өтті.
Мақсаты: ерте көшпелілердің визуалды-коммуникативтік тәжірибелерін заманауи археологиялық деректер мен семиотикалық әдістер аясында қайта қарастыру болды.
«BR22082478 – Қазақ Алтайы ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» ғылыми бағдарламасының орындалуы жайлы есеппен ғылыми жобаның жетекшісі PhD докторы, археолог, Самашев Самат Қайроллаұлы бөлісті.
Сонымен қатар, іс-шараға Астана, Өскемен қалаларынан және Түркия, Моңғолия елдерінен зерттеушілер қатысты.
Атап айтқанда, семинарға:
- - Қазақ Алтайы ежелгі көшпелілерінің таңба-белгілерін зерттеудің ғылыми мәселелері баяндамасымен т.ғ.д., профессор Самашев Зайнолла Самашұлы;
- - Anadolu'daki Türk Damgalarına Yönelik Çalışmalar Üzerine Bir Değerlendirme баяндамасымен Түркия Йозгат Бозок университетінің профессоры, доктор Мехмет Кутлу (Mehmet Kutlu);
- - Современные методы исследования знаков и символов на стационарных археологических памятниках древности баяндамасымен Бестерек ғылыми-зерттеу археологиялық орталығының ғылыми қызметкері, археолог Максим Юрьевич Половцев;
- - Изображения тотемных животных в контексте семиотики баяндамасымен Ыстанбұл университеті әл-Фараби атындағы Еуразиялық зерттеулер орталығының профессоры, ф.ғ.к. Сапашев Ораз Сапашұлы;
- - Қаратау өңірі сақ кешендеріндегі белгілер жүйесі баяндамасымен Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің археологы, PhD докторы Мұрғабаев Сағынбай Серікбайұлы;
- - Моңғолиядағы таңба-белгілері бар археологиялық кешендерді зерттеулердің қазіргі жай-күйі баяндамасымен Моңғолия Ғылым академиясының Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, PhD докторы Шынарбек Сейітханұлы.
Семинар BR22082478 ғылыми бағдарламасы – «Қазақ Алтайының ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» аясында алынған нәтижелерге негізделді. Ол Қазақ Алтайының көне тұрғындары мәдениетіндегі таңба-белгілерді зерттеудің өзекті мәселелеріне, олардың семантикалық және функциялық рөліне, сондай-ақ ерте көшпелілер қоғамындағы визуалды-коммуникативтік жүйедегі орнына арналған.
Іс-шара пәнаралық ғылыми пікірталас алаңы ретінде ұйымдастырылды.
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-a-parat-ortaly-y/zha-aly-tar.html#sigProId7d414bb40c
Онлайн кім
Қазір 63 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр






