“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Мемлекеттік сатып алу маманы Шалқар Аскарович Жумаханов «2025 жылғы өзгерістерді ескере отырып, Мемлекеттік сатып алу: өзгерістер мен толықтыруларға толық шолу. Мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің сатып алу қызметін құқықтық реттеу және тиімді ұйымдастыру. Міндеттемелерді орындау бойынша тәуекелдерді анықтау және алдын алу жөніндегі практикалық аспектілер» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына қатысты. Курстың ұзақтығы : 16 академиялық сағатты құрады. 

📍ШҚО, Катонқарағай ауданы, Аршаты ауылы. 
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі кезекті тарихи-танымдық сабағын Катонқарағай ауданының шығысындағы шекаралық аймаққа жақын орналасқан Аршаты елді мекенінде өткізді. Іс-шараның мақсаты : оқушылардың ұлт қазынасын сақтай білуге тәрбиелеу болып табылады. 
“Көшпелі тайпалар тарихы” атты іс-шара 5-11 сынып оқушыларына арналған. 
Көрмені тамашалауға мектеп ұстаздары мен 50 ге жуық оқушы қатысты. 
Еліміздегі тарихи орындардың бірі Берел қорғандарынан және орта ғасырларға тән түркі дәуірінен тасымалдауға рұқсат етілген 20 ға жуық жәдігерлен құралған көрмені тамашалау барысында оқушылар құнды мәліметтерге ие болды.

“Берел” музей-қорығы 2025 жыл жұмысшы мамандықтарын насихаттау мақсатында – бірқатар қызметкерлерді “Адал азамат-Адал табыс” атты бейнероликтермен таныстырған болаатын. Арайлы Катонқарағай газетінің жаңа санында толығырақ👆

“Берел” музей-қорығының қызметкерлері “Таза Қазақстан” экологиялық акциясын қолдай отыра, ерекше қорғалатын табиғи ландшафтық аумақта қардан тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл акцияны қолдаудағы басты мақсатымыз - экологиялық мәселелерге назар аудару, тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау болып табылады. Сонымен қатар, Үкіметте “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы ұзақмерзімді тұжырымдама мәртебесіне ие болып отыр. Ол жайлы ҚР Премьер министрі Олжас Бектенов: «Президенттің барлық бастамалары, оның ішінде экология мен қоршаған ортаны жақсарту, заңдылық пен тәртіпті сақтау қағидаты әр адамның ой-санасы мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және сол арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды қолдауға бағытталып отыр. Олар уақытша науқанға емес, табиғатты аялауға, айналаңа, тарих пен дәстүрге құрметпен қарауға үндейтін қоғамдық жаңа идеология ретінде орнығуы тиіс. Экологиялық мәдениет күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Барлық мемлекеттік орган мен бизнес және бүкіл қоғам болып осы жұмыстарға белсенді атсалысуымыз қажет. «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру қызметіміздің барлық саласын қамтуға тиіс», — деп атап өтті. Барша Қазақтандықтарды “Таза Қазақстан” экологиялық акциясын қолдауға шақырамыз!

Онлайн кім

Қазір 202 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр