ыы

Кітаптың таныстырылымы

Бүгінгі тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңа ғылыми еңбек жарық көрді

Бүгінгі тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері, археолог Бұлбұл Аронқызы Сиражеваның «Қазақстандағы сүйек ұқсату ісі: көне дәуірлерден этнографиялық кезеңге дейін» кітабы Ыстанбұл мемлекеттік университеті баспасынан түрік, орыс және ағылшын тілдерінде үш кітап болып жарық көрді.

Бұлбұл Сиражева Қазақстан археологиясында осы уақытқа дейін дербес зерттеу нысаны ретінде сирек қарастырылған сүйек пен мүйізден жасалған бұйымдарды жүйелеу ісіне елеулі үлес қосты. Зерттеу жұмысы ерте темір дәуірі мен орта ғасырларға тән, әскери іс, аңшылық, тұрмыс және рухани өмір аясында пайдаланылған заттарды қамти отырып, ғылыми құндылығы жоғары еңбектер қатарына жатады. Зерттеу барысында автор бірқатар объективті қиындықтарға қарамастан, үлкен жауапкершілік пен ыждағаттылық танытты.

Бұл еңбектің айрықша маңызы автордың мәдени сабақтастықты сақ, ғұн-сармат кезеңдерінен бастап, көне түркі дәуірі арқылы қазіргі қазақ мәдениетіне дейін біртұтас тарихи үдеріс ретінде қарастыруға ұмтылуынан көрінеді. Автор кітапты құрастыру кезінде жан-жақты қолдау көрсеткен барша әріптестеріне ерекше алғыс білдіреді.

Кітаптың электронды нұсқаларын жүктеп алу:

Онлайн кім

Қазір 186 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр