✅Экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі» КММ-де 5–6 сынып оқушыларына «Көшпелі тайпалар тарихы” атты танымдық дәріс өткізді.
>✅Дәріс барысында оқушылар Берел қорғандарының зерттелу тарихы, археологиялық маңызы және Алтай өңіріндегі ежелгі өркениеттердің мәдени мұрасы жөнінде кеңінен мағлұмат алды. Іс-шара оқушылардың тарихи дүниетанымын кеңейтіп, туған өлкенің құндылықтарына деген құрметін арттыруға бағытталды


