Биыл Наурыз мерекесінің мазмұнын байытып, жаңаша атап өту туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 17 наурыз - Шаңырақ күні болып белгіленді. Соған орай, “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Берел ауылының тұрғындары, үлгілі отбасы Қасымханов Абылайхан мен Мурындықова Пануды мерекемен құттықтады. Бүгінде 30 жыл отасып, өнегелі ұрапақ тәрбилеп отыр. Бұл күн отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналды.
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы сіздерді 14 Наурыз- “Көрісу күні - Амал мерекесімен” құттықтайды. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында береке-бірлігіміз артып, әр отбасына амандық,еңбектеріңізге зор табыстар тілейміз! ⚜️ Дәстүр бойынша, бұл – туған-туыстарға, көршілерге, жасы үлкен кісілерге және т.б. сәлем беретін немесе қонақ күтетін уақыт.

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Катонқарағай ауданының , Еңбек ауылында орналасқан “С.Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебінде” тарихи-танымдық сабағын өткізді. 

🗓️ “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Катонқарағай ауданының Өрел ауылына қарасты “Өрел орта мектебі” КММ оқушыларына тарихи-танымдық сабақ ұйымдастырды.

⚜️ Сабақ барысында оқушылар музей-қорықтың тарихымен танысып, Берел қорғандары жайлы ақпараттар алды. 

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметімен 2022-2026 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттары бойынша  сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу мәселелері қызметкерлерге семинарлар, түсіндіру жұмыстары арқылы жүзеге асуда.

 

Көктемнің алғашқы шуағымен бірге келген Алғыс айту күні мерекесі құтты болсын!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Құрметпен: «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы. 

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Катонқарағай ауданының “Берел орта мектебінің” 5-11 сынып оқушыларына тарихи-танымдық сабағын өткізді. 

Оқушылар Берел қорғандарының тарихымен танысты. Әр жылдардағы археологиялық қазба жұмыстары көрсетілді.

Сабақ соңында оқушылар өз пікірлерімен бөлісті. 

“Берел” музей-қорығының баспасөз қызметі. 

Онлайн кім

Қазір 163 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр