ыы
“Берел” музей-қорығы Өскемен қаласының “Абай атындағы N33 орта мектебі” КММ-сі мен бірлесе ұлттық құндылықтарды, тарих пен мәдени мұрамызды дәріптеу мақсатында іс-шара өткізді. Іс-шара барысында мектеп ұжымы мен оқушылары “Көшпелі тайпалар тарихы” атты жылжымалы көрмемен танысты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 18.11.2015 жылғы № 410-V Заңына және « Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей - қорығы РМҚК2024 жылдың 26 қарашасынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғандығы туралы хабарлайды.

ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК АР23486716 “Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары” атты ғылыми жоба аясында ғылыми қызметкер Сегізбаева Ж.М. іссапармен Алматы қаласындағы болды.  Іссапар мақсаты: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының мұрағатында сақтаулы ғылыми есептердегі Қазақ Алтайының таңбатәріздес белгілер мен нышандар салынған ескерткіштеріне қатысты мәліметтерді жинақтау.

Жобаның мақсаты: Алтай қазақтарының бұрынғы және қолданыстағы таңба-белгілерін анықтау, құжаттау, зерттеу және ғылыми айналымға енгізу. Жоба тарихнамалық талдаудың тарихи-генетикалық, салыстырмалы-тарихи, типологиялық, тарихи-жүйелілік әдістерін және соларға сәйкес, сандық талдау, салыстырмалы, контент-талдам және дәйектік, яғни дискурстік талдама тәсілдерін қолданып жүзеге асырылады.

Жоба жетекшісі: PhD докторы Самат Самашев

2024 жылдың 6 желтоқсанында сағат 11:00-де «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Көшпелі тайпалар тарихы» тақырыбында көрменің ашылу салтанаты өтеді. Көрменің өткізілетін орны: «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі».

Аталған көрменің мақсаты: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай мыңдаған жылдар бойы сақталып келген құнды жәдігерлерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, ата-баба мәдениетін барша жұртшылыққа паш ету, шығыс өңіріндегі осындай аса құнды жәдігерлерді «Көшпелі тайпалар тарихы» көрмесі арқылы таныстыру және қазақ жерін мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеттерімен хабардар ету.

ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК АР23486716 “Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары” атты ғылыми жоба аясында ғылыми қызметкер Мұхтарханов А.М. іссапармен Өскемен қаласының музейлерін де болды. Жоба жетекшісі: PhD докторы Самат Самашев.
ІССАПАР АЯСЫНДА ЖАҢА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ ⬇️ “Берел музей-қорығының” директоры А.Т. Сарбасов пен “Алтай қазақтарының музейі” меңгерушісі Е.С. Аққожанова музейлер арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум мақсаты: өзара іс-қимыл, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге; ғылыми конферцияларға, семинарларға қатысуға, әріптестік байланысты нығайтуға бағытталған.
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры А.Т.Сарбасов пен жетекші ғылыми қызметкер С.Қ.Самашев ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым комитетінің 2024-2026 жылдарға арналған АР23486716 “Алтай қазақтарының белгілер жүйесі мен таңбалары" атты гранттық жобасы аясында күнтізбелік жоспарға сай Ресей Федерациясы Алтай республикасының Қош-Ағаш ауданында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп қайтты. Іссапар барысында Қош-Ағаш ауданының Жаңа-ауыл ауылындағы “Алтай қазақтарының музейінде” болып жобаға қажетті ақпараттар алынды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігінің қолдауымен “Бекен Ата” қоры Қазақстанның әр 12 қорық музейлері туралы жеке мақалаларды журнал ретінде жарыққа шығарды. Бүгінде олар “Берел” музей-қорығының кітапханасына жеткізілді. Қор сақтаушы - Жанат Ерланова.

Онлайн кім

Қазір 118 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр