- Подробности
- Автор: admin
«Жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру» семинар-тренингі
2024 жылдың 26 тамыз күні «Берел» музей-қорығында «Жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингті «Берел» музей-қорығының директорының м.а Алтас Тлеужанович Сарбасов ашты. Жүргізіп жатқан жұмыстар және алдағы уақытта атқарылатын міндеттермен қатар бүгінгі күнге қойылатын талаптарды жеткізді.
Жиын барысында «Берел» музей-қорығының комплаенс бойынша жауапты маманы Асемгуль Орынбекова 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы туралы баяндама жасап, қоғамдағы жиі кездесетін жемқорлық қауіптерінің алдын алуға тоқталып, бағыт-бағдар беріп, нақты ұсыныстар енгізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі.
- Подробности
- Автор: admin
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-a-parat-ortaly-y/zha-aly-tar.html?start=16#sigProId22717f0e81
- Подробности
- Автор: admin
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-a-parat-ortaly-y/zha-aly-tar.html?start=16#sigProIddd6aceed36
- Подробности
- Автор: admin
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын Түркия Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Түркия Президенті жанындағы Телерадиокомпаниясы делегациясының мүшелері тамашалады.
Түркия Президентінің қолдауымен “Түркілер мұрасы” жобасы аясында деректі фильімге материалдар жинақтау мақсатында делегация мүшелері, Қазақстанның мәдени мұрасы мен археологиялық нысандары, сонымен қатар, музейлерде түсірілім жүргізіп, сұхбат алуда.
“Берел” музей-қорығына келген делегация музей-қорықпен қатар ашық аспан астындағы номері 11 қорғанмен танысып, директордың м.а Алмас Тлеужанұлынан сұхбат алды.
Алмас Тлеужанұлы сұхбаты барысында арехолог , ғалым, Берел қорғандарының авторы Зайнолла Самашевтің ерен еңбегін аттап өтті.
Зайнолла Самашұлының басшылығымен жүргізілген қазба жұмыстардың нәтижесінде 1998-1999 жылдары қолдан жасалған мәңгі мұздықтағы № 11 «Патша қорғанынан» сақ көсемі мен әйелдің және ер тоқымымен бірге жерленген 13 жылқының мүрдесі, оған қоса патшаның салтанат киімі, мініс аттардың ат әбзелдері, ағаштан, былғарыдан, киізден аң стилінде жасалған мыңнан астам қолөнер жәдігерлері табылғандығы баяндалды.
Бұл жоба аясында 17 томдық кітап шығару жоспарланған, соның бір томы Қазақстан Республикасына түркі тілдес ортақ халық ретінде арналмақ. 53 мемлекеттің ішінде Қазақстан 11 -ші ел болып табылады.
Жобаның режиссерлері - Мехмет Балабан, Фатих Сезгин.
“Берел” музей-қорығының ұжымы “Түркі әлемінің алтын бесігі алтын Алтай” жеріне келген делегация мүшелеріне алғыс білдіріп , алдағы уақытта түркі қауымдастығымен байланыстың одан әрі нығая түсетініне сенім білдіреді.
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-a-parat-ortaly-y/zha-aly-tar.html?start=16#sigProIdc2b1959f81
- Подробности
- Автор: admin
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ҚР Мәдениет және ақпрат министірлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Қарсақбайқызы Сейітова болды.
Күміс Қарсақбайқызы “Берел” музей-қорығының жұмысымен танысып, музей-қорық бойынша экскурсия жүргізілді. “Обаларды жүйелі түрде зерттеу Зайнолла Самашевтың есімімен тікелей байланысты екенін”,- экскурсиялық қызмет көрсету басшысы Азат Мамырбекұлы айтты.
Мәдениет комитетінің басшысы өз сөзінде еліміздің мәдениеті мен тарихын, ұлттық құндылықтарымызды сақтап, дамытуға елеулі еңбек сіңіріп жүрген музей саласы мамандарына жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсету жүйелі түрде жалғаса беретінін айтты.
Кездесу соңында Күміс Қарсақбайқызы «Берел» музей-қорығының «Тілек кітабына» қолтаңбасын қалдырып, музей ұжымына табыс тілеп, ізгі ниетін білдірді.
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-a-parat-ortaly-y/zha-aly-tar.html?start=16#sigProId74b812608f
- Подробности
- Автор: admin
Ағымдағы 2024 жылдың шілде айында ҚР МжА министрлігінің BR22082476 - «Қазақ Алтайының көне және ортағасырлық тарихи-мәдени мұрасы: археологиялық зерттеулер, қорғау, 3D сандау және мұражайландыру жобалары» атты БНҚ жобасы аясында құрамалы археологиялық топтың кешенді ғылыми жұмыстары бастау алды, жүргізуші ұйым ҚР МжА министрлігінің «Берел» МТМҚМ.
Зерттеулердің ғылыми жетекшісі - SDU доценті, PhD Е.М. Кариев, бас ғылыми кеңесші - К. Жубанов ат. АӨУ-нің доценті, т.ғ.к. А.А. Бисембаев. Далалық зерттеу жұмыстарына, «Берел» МТМҚМ ғылыми қызметкерлерімен қатар, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-нің ғалымдары – Д.Т. Тілеуғабылов, «Anique» ЖШС жетекші ғылыми қызметкері М.Д. Хамитов, «АлтайАрхеология» ЖК маманы В.В. Хомайко, сондай-ақ SDU, К. Жубанов ат. АӨУ, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ, AIU және С. Аманжолов ат. ШҚУ студенттері мен магистранттары қатысуда.
ҰҒК бекіткен күнтізбелік жоспарға сай 2024 жылдың ғылыми ізденістері ШҚО-ның Катон-Қарағай и Үлкен Нарын аудандарының шегінде жүзеге асырылуда. Жоба міндеттерін жүзеге асыру аясында ауқымды барлау жұмыстары жүргізілуде және қазіргі таңда 20-ға жуық бұрын-соңды есепке алынбағын кең мерзімдік шекті қамтитын сан-алуан сипаттағы ескерткіштер – жерлеу-аза тұту нысандары, қоныстар, форпост (төрткіл?) және этнографиялық заманнын қазақ қыстаулары айқындалды. Сонымен қатар ғылымға бұрыннан белгілі 10 шақты тарихи-мәдени ескерткіштердің қазіргі күйін анықтауға бағытталған мониторингті жұмыстар жолшыбай атқарылған болатын.
Қазіргі уақытта әр-түрлі тарихи кезеңге жататын – қола және ерте темір дәуірлерінен этнографиялық заманға дейінгі кезеңді қамтитын 14 ескерткіште, соның ішінде ЕТД қонысы (металлургиялық орын), XIX ғ. соңы – XX ғ. басы қазақ қыстауы және 12 жерлеу-аза тұту орнында қазба жұмыстары жүргізіліп, бірқатар құнды олжа табылғанын айта кету керек – ерте сақ және көне түркі заманының ат әбзелдері, ерте сақ заманының қыш ыдысы (бұл өз кезегінде майемер және большереченск мәдениеттерінің өзара ықпалы мен өмірлесу мәселелерінің бірқатар жәйттарын қайта қарауға мүмкіндік беруі ықтимал), пазырық мәдениетінің зергерлік және қарапайым әшекей бұйымдары, ерте түркі заманының белдік айылбасы (органика бөлшектері – былғары, жібек және екі кейіпкерден тұратын сюжет бар), латын тіліндегі (?) жазуы бар тиын, жебе ұштары, қимақ заманының жапсырмалары, ресей империясының XX ғасыр басындағы тиыны (шолпы ретінде пайдаланған) және тағы басқа.
Барлау және қазба жұмыстарымен қатар жергілікті халық, билік өкілдері мен жериеленушілермен тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және насихаттау аясындағы жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Зерттеу тобының өкілдері туған өңірінің тарихына оң көзбен қарап, ғылыми ізденістерге жан-жақты көмек көрсетудегі аталған аудандардың азаматтарына, әсіресе, Аққайнар ауылының маңындағы құнды және бірегей ескерткіштерге жол сілтеген Серікқан Әлпешұлы Құрмановқа өзінің шексіз алғысын білдіреді.
Бұқтырма өзенінің алқабындағы Қазақ Алтайының ескерткіштерінің сан-алуандығы және байлығы таңғалдыратыны сөзсіз және осы өңірдің әлі де толыққанды зерттелмегенін, әсіресе, көрші РФ, КХР және Моңғолиямен салыстырғанда қоныс сипатындағы ескерткіштердің мүлде назардан тыс қалуын мойындау керек.
Аталған жоба аясында қазіргі күндегі нәтижелері өңірдің айтарлықтай зор ғылыми әлеуеті туралы анық айтып тұр.
Ғылыми жұмыстар жалғасуда…
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-a-parat-ortaly-y/zha-aly-tar.html?start=16#sigProIdc1d6886168
- Подробности
- Автор: admin
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің BR22082478 «Қазақ Алтайының ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» атты ғылыми жобасының «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығындағы отырысы.
Жоба жетекшіс:і PhD докторы Самат Самашев.
https://berel-museum.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-a-parat-ortaly-y/zha-aly-tar.html?start=16#sigProIde6c9e78dc4
Онлайн кім
Қазір 38 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр