- Details
- Written by admin
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай “Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени музей - қорығы «Бірлігіміз жарасқан» атты кітап көрмесін өткізді. Көрмеге музей қорының кітаптары қойылды.
1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.
Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.
- Details
- Written by admin
- Details
- Written by admin
"Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК қызметкерлерінен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күннің талабы» тақырыбында сауалнама алынды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің жауапты тұлғасы қызметкерлерді квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы үлгілік ережемен таныстырды.
- Details
- Written by admin
Зерттелген Берел ескерткіштерінің ішінде сяньбилердің осында болған кезеңіне жататын 81-нысан бірге жерленген әшекейлердің байлығымен ерекшеленеді.
Сүйек тарақ – қыздың әшекей элементтерінің бірі. Тарақ көп тісті, кішкентай ұзын тістері бар. Тістер ортасынан басталады, ұзындығы – 4,5 см, ені – 0,3 см.Тарақ ұзындығы – 9,5 см, ені – 7 см.Тарақ пішіні трапеция тәрізді, үстіңгі жағында тесігі бар. Тістерінің саны - 15 дана. Б.з. II - V ғғ.
Жоба жетекшісі: Самашев З.
Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда келушілер назарына ұсынылған.
- Details
- Written by admin
Алтын жұқалтырдан ойылған аппликация.
Қарама-қарсы бұлан-грифондары бейнеленген алтын жұқалтырдан жасалған өнер туындысы. Пазырық мәдениетінің барлық ауқымындағы ескерткіштерге тән. Б.з.д. lV-III ғғ. № 2 Қорған. Берел, 2016 жыл.
Жоба жетекшісі: Самашев З.
Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда келушілер назарына ұсынылған.
- Details
- Written by admin
2023 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының алаңында lSO 37001 стандарты бойынша халықаралық сертификаттау бойынша сарапшылық кеңес өтті.
Оған онлайн режимінде «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комплаенс қызметінің жауапты қызметкері қатысты.
Кездесудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы ISO 37001 стандарты бойынша халықаралық сертификаттаудан өту, қалыптасқан тәжірибе және оны құқықтық реттеу мәселелерін талқылау.
https://berel-museum.kz/en/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar.html?start=120#sigProIdaa9d15ef38
- Details
- Written by admin
Сабы зооморфты қола айна. № 2 Қорған, 2016 жыл.
Сабында жыртқыш мүсіншесі бар қола айна. Секіріп тұрған барыстың суреті нақты көрінеді. Көздері мен құлақтары анық бейнеленген. Құйрығы бұралған.
Сабында бейнеленген аң қатаң профильде көрсетілген, бір жағында көлемді, дөңес, артқы жағы тегіс. Сабымен бірге бар ұзындығы - 15,2 см. Айна диаметрі тұтқасыз - 7,8 см. Бұйым ұзындығы 13,5 см болатын былғары сауытта болған. Б.з.б.lV-III ғғ.
Зооморфты сабы бар қола айналар Еуразия дала кеңістігінің скиф-сақ әлемінің көне дүниелерінде жиі кездеседі.
Жоба жетекшісі: Самашев З.
Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда айна келушілер назарына ұсынылған.
https://berel-museum.kz/en/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar.html?start=120#sigProId354b625bdc
Who's Online
We have 66 guests and no members online