«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында» Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Музей-қорықтың заңгері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты өкілі Асемгуль Орынбеккызы Орынбекованың ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға Катонқарағай ауылының мемлекеттік мекемелерінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел парасат жолы орталығында өтті. Іс-шараның соңында, дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін арттыру туралы мәселелерді талқылады.

🗓️ 2023 жылдың 6 желтоқсан күні “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай “Берел құпиялары” атты тарихи-танымдық сабағын өткізді. 

⚜️Іс-шара Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің” 6-11 сынып оқушыларына арнайы ұйымдастырылды.

✅Мақсаты- оқушыларды Берел қорымынан табылған археологиялық материалдардың негізінде ежелгі көшпенділер дәуірінің ақпараттық бірегей және көркемөнерлілігі жағынан үздік құндылықтарымен таныстыру болып табылады. 

9-8 сынып оқушылары “Өр Алтайдағы Берел қорымы-шығыстың мақтанышы” және “Жаhандық әлемдегі Берел қорымының мәдени мұрасын репрезентациялау” тақырыптарында баяндама жасады. 

Іс-шара соңында экскурсия бөлімінің басшысы А.Мухтарханов пен бас қор сақтаушы Ж. Сегізбаева белсене қатыстан оқушыларға Алғыс хаттарды табыстады. 

Сонымен қатар, мектеп музейінде “Берел” музей-қорығының қорынан бірқатар жәдігер ұсынылды. 

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Катонқарағай ауданының Өрел ауылына қарасты “Өрел орта мектебі” КММ оқушыларына тарихи-танымдық сабақ ұйымдастырылды. 

Оқушылар музей-қорықтың тарихымен танысып, Берел қорғандары жайлы ақпараттар алды. 

Сабақ “Берел” музей-қорығының кітапханасында өтті. 

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Алтай қаласының 11 мектеп оқушыларына  “Берел-бедерлері” тақырыбында тарихи танымдық сабақ өткізілді. 

Қазақ Алтайындағы ежелгі көшпелілердің маңызы мен мәдениеті жайлы өткен сабақта оқушылар 2023 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарымен танысты.

Сабақ соңында оқушылар өз ойларымен және “Берел” музей-қорығынан алған әсерлерімен бөлісті. 

“Берел” музей-қорығының баспасөз қызметі. 

Берел қоршауларынан жеңіл қаруланған жауынгерге шабуылдауға және жақын арадағы шайқастарды жүргізуге арналған қарапайым, бірақ қызықты қару жинағы шығады. Қару-жарақтардың қатарына темір мен сүйектен жасалған жебе ұштарын жатқыза аламыз.

№ 90 қоршаудан үш сүйек пен бір темір жебенің ұшы, № 40А қоршаудан екі үш жүзді жапырақша және бір деңгейлі темір жебе ұшы, № 81 қоршаудан жалпақ үшбұрышты ромб тәрізді қауырсыны бар бір темір жебенің ұшы табылған.

Берел. Б.д. I мыңжылдықтың басы (2– 5 ғғ.) 

Жоба жетекшісі: Самашев З.

Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда келушілер назарына ұсынылған. 

Фотосуретте: Қоршау 90 - 1,6,7,8; қоршау 40А - 2, 4,5; қоршау 81 – 3. 

📆 “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 15 жылдығы мен археологиялық қазба жұмыстарына 25 жыл толуын мерекелеу аясында, 

“Шығыс Қазақстан өнер музейі” КМҚК-да Берел музей-қорығының қорынан ұйымдастырылған “Берел қазыналары” атты көшпелі көрменің ашылу салтанаты өтті. 

⚜️Көрменің ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушылары мен тарих факультетінің студенттері , қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. 

✅Көрмеде Берел қорымындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған 200 ге жуық жәдігер мен Есенғали Садырбаевтың суреттер топтамасы қойылды. 

✅ Көрме ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасын табады. 

📍Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 47а. 

2016 жылы зерттелген ол бірнеше рет тоналған. Қорған шұңқырының оңтүстік қабырғасының ашық фонында қарақшылар жерлеу камерасына кірген жарықтардың қара іздері өте айқын көрінеді. Берел ескерткіштерінің ІІІ тобына жататын №19 элиталық қорғаннның жалпы құрылымы бүкіл Алтай тау жүйесінің аумағында Пазырық мәдениетінің жерлеу құрылыстарын салу үшін әзірленген жобалау талаптарының нормаларына сәйкес келеді.
Жерлеу камерасында ағаш құрылыстардың қалдықтары, бөлшектелген адам мен толық анатомиялық тәртіпте екі жылқының сүйектері, сондай-ақ екі үлкен ұсақталған құмыралар табылды.
Ұсақ алтын жолақтардан тұратын әйел бас киімінің қалдықтары ерекше қызығушылық тудырды.
Жоба жетекшісі: Самашев З. 
Жалғасы біздің телеграм каналымызда-https://t.me/berel_museum

🗓️ 2023 жылдың 27 қазан күні ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан музей қызметкерлерінің I конгресі өтті. 

Оған “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы Сегізбаева Жәния Меирқызы қатысты. 

⚜️ I Конгрес аясында “Өзбекәлі Жәнібеков мұрасы және музей ісі” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфренциясы мен “Музей заттарын қалпына келтіру және жаңғырту” тақырыбындағы семинар-практикум ұйымдастырылды.

✅ Аталмыш іс-шараның соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды. 

Who's Online

We have 159 guests and no members online