ыы

This day is a special holiday dedicated to recognizing the contribution of people working in various fields to society.

The team of the “Berel” State Historical and Cultural Museum-Reserve congratulates all workers on this occasion!

On the occasion of Labor Day, the exhibition “Labor – the Strength of the Nation” was organized for the students of Altai city. The exhibition featured:

- ancient tools of labor,

- household items,

- works of craftsmanship and artifacts highlighting the skills of artisans.

The purpose of the exhibition is to emphasize the value of labor and to showcase the labor culture in the daily life of our ancestors. Additionally, a special tour was conducted on the theme “Traditional Kazakh Forms of Labor,” where visitors learned in detail about ancestral labor culture, handicraft traditions, and unique features of traditional economy.

✨ Labor is a value that leads the nation forward.

We invite everyone to visit the exhibition “Labor – the Strength of the Nation”!

May our work benefit the people and bring prosperity to all!

Құрметті отандастар!

Сіздерді Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Конституция – мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тұтастығының, бейбіт өмірі мен тұрақтылығының кепілі. Ол – еліміздің дамуына, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына негіз болып отырған басты құжат.

Осы мерекелі күні баршаңызға бірлік пен береке, бейбіт өмір мен жарқын болашақ тілейміз!

Еліміз әрдайым ынтымақ пен татулықтың, тұрақтылық пен жаңарудың символы болып қала берсін.

✨ Қазақстанымыздың көк байрағы мәңгі биікте желбірей берсін!

Ізгі тілекпен,

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

2025 жылдың 4 тамызында Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Қазақ Алтайы ежелгі көшпелілерінің таңба-белгілері» атты ғылыми семинар өтті.

Мақсаты: ерте көшпелілердің визуалды-коммуникативтік тәжірибелерін заманауи археологиялық деректер мен семиотикалық әдістер аясында қайта қарастыру болды.

«BR22082478 – Қазақ Алтайы ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» ғылыми бағдарламасының орындалуы жайлы есеппен ғылыми жобаның жетекшісі PhD докторы, археолог, Самашев Самат Қайроллаұлы бөлісті.

Сонымен қатар, іс-шараға Астана, Өскемен қалаларынан және Түркия, Моңғолия елдерінен зерттеушілер қатысты.

Атап айтқанда, семинарға:

  • - Қазақ Алтайы ежелгі көшпелілерінің таңба-белгілерін зерттеудің ғылыми мәселелері баяндамасымен т.ғ.д., профессор Самашев Зайнолла Самашұлы;
  • - Anadolu'daki Türk Damgalarına Yönelik Çalışmalar Üzerine Bir Değerlendirme баяндамасымен Түркия Йозгат Бозок университетінің профессоры, доктор Мехмет Кутлу (Mehmet Kutlu);
  • - Современные методы исследования знаков и символов на стационарных археологических памятниках древности баяндамасымен Бестерек ғылыми-зерттеу археологиялық орталығының ғылыми қызметкері, археолог Максим Юрьевич Половцев;
  • - Изображения тотемных животных в контексте семиотики баяндамасымен Ыстанбұл университеті әл-Фараби атындағы Еуразиялық зерттеулер орталығының профессоры, ф.ғ.к. Сапашев Ораз Сапашұлы;
  • - Қаратау өңірі сақ кешендеріндегі белгілер жүйесі баяндамасымен Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің археологы, PhD докторы Мұрғабаев Сағынбай Серікбайұлы;
  • - Моңғолиядағы таңба-белгілері бар археологиялық кешендерді зерттеулердің қазіргі жай-күйі баяндамасымен Моңғолия Ғылым академиясының Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, PhD докторы Шынарбек Сейітханұлы.

Семинар BR22082478 ғылыми бағдарламасы – «Қазақ Алтайының ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» аясында алынған нәтижелерге негізделді. Ол Қазақ Алтайының көне тұрғындары мәдениетіндегі таңба-белгілерді зерттеудің өзекті мәселелеріне, олардың семантикалық және функциялық рөліне, сондай-ақ ерте көшпелілер қоғамындағы визуалды-коммуникативтік жүйедегі орнына арналған.

Іс-шара пәнаралық ғылыми пікірталас алаңы ретінде ұйымдастырылды.

🏺 Сақ дәуірінің жауһарлары, көне түркі кезеңінің мұралары — халқымыздың бай рухани әлемінен сыр шертетін асыл қазыналар Иманғали Нұрғалиұлының назарына ұсынылды. 🇰🇿 Ел тарихының алтын арқауына айналған Берел ескерткіштерімен танысу — ұлттық жадымызды жаңғырту жолындағы маңызды қадам. #Берел #ИманғалиТасмағамбетов #ҰлттықМұра #СақАлтындары #ТарихТамыры #БерелМузейі #KazakhstanHeritage
🔍 Кездесу аясында музей жұмысы, қордағы жәдігерлерді сақтау және таныстыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу бағытындағы тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. #БерелМузейі #МәдениМұра #Қонақта #МузейКездесу #СапарКөзейбаев #QyzylordaMuseum
«Киелі Шығыс» оқу-танымдық туры аясында 7–8 сынып оқушылары “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына келді! 🔍 Балалар көне сақ қорғандарымен, ата-баба мұрасымен, археологиялық жаңалықтармен танысып, тарихтың тереңіне үңілді. Музей қызметкерлері қызықты экскурсия өткізіп, жәдігерлердің тарихы мен мән-маңызын түсіндірді. 🎒 Оқу-танымдық бағыттағы бұл сапар — өскелең ұрпақтың туған жердің тарихын танып, ұлттық құндылықтарды бағалауына үлкен мүмкіндік! 📸 Жас зерттеушілерге әсерлі сәттер мен ұмытылмас естеліктер тілейміз! #Берел #КиеліШығыс #ShygysDaryny #Дарын #музейсаяхаты #тарих #ұлттықмұра #Берелмузейі
Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымы табиғатты аялау – ұлттың рухани мәдениетінің бір бөлшегі деген сеніммен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысты. 🌿 Қоршаған ортаны таза ұстау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Табиғатқа қамқор болайық! #ТазаҚазақстан #БерелМузейі #ЭкологиялықАкция #ТабиғатАясында #KazakhstanGreen
Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымы баршаңызды елордамыз – Астана күнімен шын жүректен құттықтайды! Астана – тек әкімшілік орталық емес, сонымен қатар тәуелсіз еліміздің тарихы мен мәдениетін, рухы мен болашағын біріктіретін қасиетті мекен. 🕊️ Бейбітшілік пен келісім символына айналған Елордамыз 🌟 Ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын мәдени орталық 🏺 Тарих пен жаңғыру тоғысқан іргелі қала Бүгінгі мереке – әрбір азаматтың жүрегіне мақтаныш ұялататын ерекше күн. Еліміз аман, елордамыз еңселі, мәдениетіміз мәңгілік болсын! Ару Астана – Қазақ елінің жарқын болашағы! #АстанаКүні #БерелМузейі #ЕлордаМерекесі #МәдениМұра #АруАстана #ТарихТамыры

Who's Online

We have 38 guests and no members online