Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған нысаналы қаржыландыру аясында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы BR22082478 «Қазақ Алтайының ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» атты ғылыми жобасын жүзеге асыруда. Қазақ Алтайының ежелгі көшпенділерінің символикалық және таңбатәріздес белгілерін жинау мақсатында далалық зерттеулер жүргізілуде. Ғылыми жоба аясында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан,Күршім,Тарбағатай, Катонқарағай аудандары қамтылады. Жоба жетекшісі: Самат Самашев.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа Елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен "әлем қаласы" атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.

География-тарих мамандығының ГИ-101 тобының студенттері Қалибекқызы Анель,Ожарова Аружан,Сапаков Ернар, Айкежанов Ернұр мәдени мұрамызды насихаттауға ат салысу үстінде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының 1 курс доктаранты Шаймуханова Д.С., «Берел» музей-қорығының қорына сақтауға алынған керамикалық ыдыстармен жұмыс жасап, материалдар жинақтады.

Жазғы демалысыңызды бізбен бірге өткізіңіз!

Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Жамбыл ауылдық окугіне қарасты “Қонақжай отбасы” жобасы аясында келген балаларға тақырыптық экскурсия жүргізілді.

Who's Online

We have 28 guests and no members online