- Details
- Written by admin
«Қазақ Алтайының б.з. 1 мыңжылдығы басындағы ескерткіштері: халықтардың ұлы қоныс аударуының бастаулары және Еуразия этномәдени құрылымының қалыптасуы»жобасы аясында, зергерлік бұйымдар, паста және шыны моншақтар, каури қабығы, т.б. Берел қорымынан табылған. Олар сяньби мәдениетінде маңызды рөл атқарған.
Дөңгелек пішінді моншақтар. Ортасында жіпке арналған тесіктер бар. Олар музей қорына 2022 жылы өткізіліп, қабылданды.
Сяньби мәдениетіне тән ою-өрнектер Сібір мен Орталық Азияның оңтүстігіндегі әртүрлі көшпелі мәдениет ескерткіштерінен табылды, бұл сяньби мәдениетінің Орталық Азияның басқа көшпелі тайпаларына ықпалының маңызды дәлелі [Ю.С.Худяков, 2016: 24-27].
Жоба жетекшісі: Самашев З. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің жобасы аясында дайындалған.
- Details
- Written by admin
«Қазақ Алтайының б.з. 1 мыңжылдығы басындағы ескерткіштері: халықтардың ұлы қоныс аударуының бастаулары және Еуразия этномәдени құрылымының қалыптасуы» жобасы аясында 2022 жылы 6 археологиялық ескерткіш зерттелді.
№ 117 қоршау. Бұл ескерткіште марқұмның сүйегінің үстіне жылқы жерленген екі қабатты жерлеу анықталған. Бастары солтүстік-шығысқа бағытталған. Сяньбий заманынның нысаны.
Жоба жетекшісі: Самашев З.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитеті жобасы аясында дайындалды.
- Details
- Written by admin
«Берел» мемлекеттік тарихи – мәдени музей-қорығы» РМҚК 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, 2022 жылдың 13 желтоқсан күні «Қорғандар құпиясы» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел 2022 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі мен өзекті мәселелеріне арналды.
Дөңгелек үстел барысында талқыланған негізгі тақырыптар:
1. Музей қорықтардың нарық заманына сай қалыптасуы;
2. Тарихи – мәдени мұраны сақтау және қорғау мәселелері;
3. Қалың бұқара арасында тарихи – мәдени мұраны насихаттау жұмыстары;
4. Экскурсиялар өткізу және экспозияцияларды ұйымдастырудағы жаңашылдықтары;
5. Қорлар мен сақтау орындарының жұмысындағы жаңалықтары;
6. Археологиялық қазба жұмысындағы методологиялық мәселелер, зерттеу мәселелері;
Дөңгелек үстелге тарихшылар, археологтар, сонымен қатар гуманитарлық ғылымдардың өзге де өкілдері қатыса алды.
Бұл іс - шара қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.
Дөңгелек үстел нәтижесінде талқыланған тақырыптардың мән-мағынасы айқындала түсіп, археологиядағы, насихаттау жұмыстарындағы маңызды мәлелелер көтеріліп, сұрақтар мен ұсыныстар және тілектер айтылды.
- Details
- Written by admin
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, «2022 жыл Қазақстандағы балалар жылына» орай, сынып ішіндегі «Археологиялық қазба жұмыстары» ұйымдастырылды. Оқушылар «ҚОР САҚТАУШЫЛАР», «ТОПОГРАФТАР», «АРХЕОЛОГТАР» атты 3 топқа бөлінді.
Әр мамандықтың қыр-сырын ашуға тырысып, белсенділік танытқан оқушыларға жәдігерлердің формасында жасалынған салпыншақтар естелік ретінде табысталып, мадақтама қағазымен марапатталды.
- Details
- Written by admin
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері қатысуымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметкерлеріне арнайы семинар өткізілді. Семинардың тақырыбы: комплаенс қызметі. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жетілдіріліп келе жатқан кезеңдері мен күрес және қарсы іс-қимыл жолдары талқыланды. Қылмыстық және әкімшілік жауакершіліктің АЕК көрсеткіш мөлшерлемелері таныстырылды.
Who's Online
We have 108 guests and no members online