Іссапардың басты мақсаты Қазақ Алтайы ежелгі көшпелілерінің таңбақолдану дәстүрін археологтардың халықаралық конгресінде апробациялау болды.
Ыстанбұл қаласында өткен «17-ші Халықаралық Ыстамбұл ғылыми зерттеулер конгресінде» (17th International Istanbul Scientific Studies Congress) «Қазақ Алтайының ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» (Sign system in the cultures of the Early Iron Age of the Kazakh Altai) тақырыбында баяндама жасалды.
Баяндамада Қазақ Алтайы аумағындағы ерте темір дәуірі ескерткіштерінде кездесетін таңбалық жүйенің ерекшеліктері, олардың археологиялық және семиотикалық тұрғыдан зерттелу әдістері мен нәтижелері ұсынылды. Зерттеу бағдарламасының басты мақсаты – ежелгі көшпелілердің белгілер жүйесін кешенді түрде талдап, оны Орталық Еуразия кеңістігіндегі мәдени мұраның құрамдас бөлігі ретінде таныту болып табылады.
Соңғы жылдары Түркия мен Қазақстан президенттері тарих, мәдениет және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беріп келеді. Осы бағыттағы ғылыми жобалар туралы ақпарат алмасу екі ел арасындағы мәдени-ғылыми байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік береді. «Түркі әлемінің алтын бесігі» саналатын Алтайдың көне тарихы бүкіл түркі қауымдастығының ортақ тарихи және мәдени мұрасы саналады.
Осы тұрғыдан алғанда, аталған баяндама тек зерттеу бағдарламасының нәтижелерін халықаралық деңгейде апробациялау тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми-мәдени ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан да ерекше маңызға ие болды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған BR22082478 «Қазақ Алтайының ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» атты ғылыми бағдарлама аясында Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкер Бұлбұл Сиражева 26.09.2025-03.10.2025 жж. аралығында Түркия Республикасы Ыстамбұл қаласына іссапарға барды
- Подробности
- Автор: admin
Онлайн кім
Қазір 167 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр


