«Мемлекеттік Электронды Кітапханалық Қор - Қазақстандық  Ұлттық Электронды Кітапхана» жобасы (МЭКҚ-КазҰЭК)     www.kazneb.kz

Жобаның мақсаты - Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының базасында мемлекеттік кітапханалық қордың бірегей ұлттық электрондық каталогын және бірегей электронды қоймасын құру.

Жоба аясында төмендегідей электронды қызметтер көрсетіледі:

  • ҚРҰАК-ның электронды каталогы мен Е-көшірмелер каталогы арқылы кітапты іздестіру, Қазақстанда шығарылған кiтаптардың толық мәтіндерінің электрондық көшiрмелерiн көруге;

  • порталда өзінің «Жеке кабинет» бөлімін құрастырғанда «Таңдалғаны» және «Менiң электрондық тапсырыстарым» папкасын жасауға;

  • Электронды тапсырыс бойынша кітаптың керекті бөлігін өзінің электронды почтасына алуға;

  • кiтапхананың оқу залына үйден немесе кеңседе отырып кiтаптарға алдын ала тапсырыс беруге;

  • Виртуалдық анықтама қызметіне «Кітапханашыға сұрақ» бөлімі арқылы кіруге мүмкіндік береді.

Электронды қызметті қажет етсеңіз, ҚазҰЭК-на тұрақты оқырман билетіңіздің нөмірін активтендіруіңіз керек. Мұны Ұлттық академиялық кітапхананың тіркеу бөліміне өзіңіз келіп немесе келесі мекен-жайға сұраныс жасау арқылы жасай аласыз Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

ҚазҰЭК-ның порталы арқылы Қазақстандық кітапханалар қорының жиынтықтарынан электрондық құжаттарға тапсырыс беруде қолданылатын ережелер:

Қазақстан кітапханалары жиынтықтары мен олардың қорындағы электронды көшірмелерді жеткізу қызметі кітапханалық қордың сақталуымен қамту жөніндегі талаптарды және интеллектуалдық меншікті қорғау бойынша қолданыстағы заңға сәйкес жүргізіледі.

Тұтынушылар тапсырысы олардың алатын материалдарын оқу не ғылыми мақсатта қолдануы үшін беріледі.

Авторлық құқық туралы заңға енгізілген қосымшалардағы шектеу бойынша, 1996 ж. 10 маусымдағы № 6-I Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы» Заңының 2 бабы 6 тармағы (2009 жылғы 10 шілдедегі өзгерістер мен толықтыруларын қоса) тұтынушы кітап мазмұнының 1/3 бөлігін ғана таңдауға тиіс.

Қазақстандық  ұлттық электрондық кітапхананы  құрастыруға еліміздің ірі және жоғары оқу орындарының кітапханалары, қоғамдық ұйымдар және жеке азаматтар  қатысуда: соның ішінде Қазақстан  мен алыс және жақын елдерден 40 ұйымдар  және 139 авторлар бар.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр