1. Экскурсия өткізілу алдында келушілер міндетті түрде осы келу ережесімен және қауіпсіздік техникасымен танысуға тиісті.

2. Экскурсиялар тек экскурсия жетекшісімен өткізіледі.

3. Тарихи-мәдени объектіні көру үшін кіру ақысы алдын ала төленеді.

4. Экскурсиялық маршрутқа бармас бұрын келушілер өз билеттерін көрсетуге, экскурсия барысында сақтауға және қажет кезінде қайта көрсетуге тиісті.

5. 15 жасқа дейінгі балаларға мұражай объектісіне тек ересек адамдармен бірге кірулеріне болады.

6. Келушілер объекті қызметкерлерінің нұсқаулығына бағынулары тиіс. Келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, объектілер мен экспонаттардың сақталуына бағытталған нұсқаулықтар мен тәртіпке бағынбаған жағдайда, ереже бұзған адам тез арада объектіден кетуге мәжбүрлі. Аталған жағдайда билет құны қайтарылмайды.

7. Есірткілік заттар мен алкоголь өнімдерін пайдаланған адамдарға объектіге кірулеріне рұқсат етілмейді.

8. Көркемөнер туындылары, экспонаттар, басқа да заттардың экскурсия барысында жоғалғандығы немесе оларға зақым келгендігі белгілі болған жағдайда тарихи-археологиялық объектідегі барлық келушілер болған жағдайды анықтау шараларына қатысуға мәжбүрлі болады (объекті немесе полиция қызметкерлерінің тарапынан жүргізілген жеке тексерулерді қоса алғанда).

9. Объекті аумағына қарасты тарихи-археологиялық объектілерге, экспонаттарға, көшеттерге және басқа да мүлікке қауіп келтіруге және бұзуға болмайды.

Қатаң түрде тыйым салынады:

  • Экскурсия жүргізген кезде маршруттан, экскурсия жетекшісі мен топтан алшақ кетуге, экскурсия жүргізген адамға және басқаларға шулап (ұялы телефон және транзисторлық қабылдағыш қолдану арқылы, тәртіпсіз шулау және т.б.) кедергі жасауға. Осы ережелерді ескермеу қатысушының маршруттан аластатылуына апарады (билет құны қайтарылмайды).
  • Объекті аумағын ластауға, гулдерді жұлуға, жемістерді жинауға, ағаштар мен бұталарды сындыруға, белгіленген жолдардан тыс жүріп гүлзарларды басуға, жануарлар мен құстардың тынышын алуға, объекті аумағында тұрақтар жасауға, плакаттар жабыстыруға және тыныштықты басқа да жолдармен бұзуға.
  • Тарихи-мәдени аумақта орнатылған қоршаулар мен шарбақтардан өтуге немесе аттауға, кішкентай балаларды караусыз қалдыруға, оларға өз бетімен объектілерді аралауға рұқсат беруге.
  • Тарихи-мәдени объекті аумағында мүгедектерге және балаларға арналған арбалардан басқа көліктермен (машина, арба, велосипед, мотоциклдер т.б.) жүруге және белгіленбеген орындарға көліктерді қоюға.
  • Тарихи объекті аумағында және басқа да белгі орнатылған жерлерді суретке түсіру, видео жасау және басқа да ақпарат жинақтауға. Аталған қызметтерге рұқсат жазбаша түрде тарихи-мәдени объектінің әкімшілігімен беріледі.
  • Аталған «Келу ережесін» бұзғандығы үшін және қандай да залал келтірігендігі үшін тарихи-мәдени объектінің әкімшілігінің алдында жауапқа тартылады.

«Берел» қорық-мұражайының барлық келушілеріне аталған «Келу ережесін» қатаң түрде ескергендігі үшін алдын ала ризашылығымызды білдіреміз!

Жұмыс кестесі: Музей-қорық демалыссыз жұмыс істейді.

Нет информации

ҚОНАҚЖАЙ ОТБАСЫ

Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсия жетекшілері «Өрел орта мектебіне» - “Қонақжай отбасы” жобасы аясында келген балаларға тақырыптық экскурсия жүргізді.

ҚОНАҚЖАЙ ОТБАСЫ

Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсия жетекшілері Жамбыл ауылдық окугінің, «Берел орта мекебіне” - “Қонақжай отбасы” жобасы аясында келген балаларға тақырыптық экскурсия жүргізді.

9 мамыр – Жеңіс Күні!

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды! 

Осы ұлы мереке қарсаңында “Берел” музей-қорығының ұжымы тыл еңбеккерлері, Катонқарағай ауданының тұрғындары - Есеева Сара апамыз бен Урсаринова Шолпан апамызды құттықтап қайтқан болатын. 

#ТазаҚазақстан ақциясы аясында жүргізілген сенбілік

«Берел құпиялары» - «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінде»!

?️ 2023 жылдың 6 желтоқсан күні “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай “Берел құпиялары” атты тарихи-танымдық сабағын өткізді. 

⚜️Іс-шара Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің” 6-11 сынып оқушыларына арнайы ұйымдастырылды.

✅Мақсаты- оқушыларды Берел қорымынан табылған археологиялық материалдардың негізінде ежелгі көшпенділер дәуірінің ақпараттық бірегей және көркемөнерлілігі жағынан үздік құндылықтарымен таныстыру болып табылады. 

9-8 сынып оқушылары “Өр Алтайдағы Берел қорымы-шығыстың мақтанышы” және “Жаhандық әлемдегі Берел қорымының мәдени мұрасын репрезентациялау” тақырыптарында баяндама жасады. 

Іс-шара соңында экскурсия бөлімінің басшысы А.Мухтарханов пен бас қор сақтаушы Ж. Сегізбаева белсене қатыстан оқушыларға Алғыс хаттарды табыстады. 

Сонымен қатар, мектеп музейінде “Берел” музей-қорығының қорынан бірқатар жәдігер ұсынылды. 

“БЕРЕЛ ҚҰПИЯЛАРЫ”

?️ “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсия бөлімі Катонқарағай ауылының “Жас турист бекеті” КММ-де “Берел құпиялары” атты тарихи-танымдық сабақты үйірме қатысушыларына өткізді.

⚜️ Сабақ соңында оқушылар сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты. 

✅”Берел” музей-қорығының қызметкері - Рамазанов Абылай. 

“БЕРЕЛ ҚҰПИЯЛАРЫ”

?️ “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Катонқарағай ауылының “Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі” КММ-де “Берел құпиялары” атты тарихи-танымдық сабақ өткізді. Сабақ 5,6,8-сынып оқушыларына ұйымдастырылды. 

✅ Оқушылар Берел қорғандарының тарихымен танысты. Әр жылдардағы археологиялық қазба жұмыстары көрсетілді. Сонымен қатар, оқушыларға тарихи-мәдени мұраны қорғау, сақтау және вандализмге қарсы ақпарат берілді. 

Сабақ соңында оқушылар өз пікірлерімен бөлісті. 

?БЕРЕЛ ҚАЗЫНАЛАРЫ

? “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 15 жылдығы мен археологиялық қазба жұмыстарына 25 жыл толуын мерекелеу аясында, 

“Шығыс Қазақстан өнер музейі” КМҚК-да Берел музей-қорығының қорынан ұйымдастырылған “Берел қазыналары” атты көшпелі көрменің ашылу салтанаты өтті. 

⚜️Көрменің ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушылары мен тарих факультетінің студенттері , қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. 

✅Көрмеде Берел қорымындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған 200 ге жуық жәдігер мен Есенғали Садырбаевтың суреттер топтамасы қойылды. 

✅ Көрме ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасын табады. 

?Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 47а. 

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мереке күні қарсаңында Катонқарағай ауылдық округінің тұрғыны Кумпеисова Майра есімді тыл еңбеккерін мерекемен құттықтады.

Осы күн Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылғы қаулысымен арнайы белгіленген болатын. Содан бері мереке елімізде кеңінен аталып өтіліп келеді. Негізінен бұл күн – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және қамқорлық көрсететін ерекше мейірімге толы күн.

? 2023 жылдың 14 тамызында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын ақын, Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрмет орденінің иегері Светқали Нұржан тамашалады. Музей қорына - Өткен күздің өксігі атты кітабын сыйға тартты. Экскурсия барысында музей экспозициясы және Берел қорғандары аумағымен танысты. ✅ Экскурсия жетекшісі - Әутәліпова Назира.

Аммосов М.К. атындағы Саха (Якутия) Республикасының Республикалық мемлекеттілік тарихы музейі , “Берел” музей-қорығының кітапхана қорына Максим Аммосовтың өмірі мен қызметі жайлы кітаптарды тұрақты сақтауға өткізді. Әріптестерімізге ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

«Жасыл алаң - 2014»

2014 жылдың 25-27 маусымында «Берел» қорық-мұражай аумағында Астана күніне арналған Шығыс Қазақстан облыстық экологиялық-туристік «Жасыл алаң» слеты өткізілді.

Слетты ұйымдастырушы ретінде «Берел» қорық-мұражайымен бірге «Катон-Қарағай ұлттық паркі» бірлесе отырып жұмыс жасады.

Слетке жалпы 8 топ қатысты. Барлығы 142 адам қатысты. Бұл слеттің ерекшелігі екі жыл қатарынан атылмыш слетке мүмкіндігі шектеулі балалар да тартылып отыр, олар Зырян қаласының №1 түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері. Бұл балалар көпшілікпен қатар барлық сайыс түрлеріне бірдей қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды.

Слеттың мақсаттары мен міндеттеріне аймақтың табиғаты мен тарихи-мәдени құндылықтарын күтіп қарау, жас жеткіншектер мен жергілікті тұрғындардың экологиялық мәдениетін жоғарлату жатады. Екі күндік слет бағдарламасы мәдениет және спорт салаларын қамтыды. Озат командалар дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды. Слет бағдарламасында Берел қорғандарына экскурсия ұйымдастырылды.

 

«Номад» - Катонқарағайда

1-тамыздан бастап Шығыс Қазақстан облысында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы мен Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде «Номад» немесе «Көшпенділер» атты халықаралық тележобасы басталып, түсірілім жүргізілді.

Жаңа реалити-шоу жобасы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастауымен жүзеге асты. Жобада бақ сынайтын сегіз жұптың ішінде Оңтүстік Корея, Жапония, Моңғолия, Қытай, Түркия, Венгрия және Ресей мемлекеттерінің өкілдері және Қазақстандық жұп бар.

Реалити-шоу әлемге әйгілі Берел қорымында басталып, ұлттық паркте жалғасын тапты. Қатысушылар табиғи жағдайда өркениет атаулыдан алыстап, киіз үйлерде тұрып, көшпенділердің тұрмыс-салтын сезініп, қиындыктарға төтеп берді.

Подкатегории

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр