ыы
Көрмеде Берел қорымында жүргізілген археологиялық зерттеулердің ең құнды нәтижелері — 2800 жылдық алтын бұйымдар, сүйектен ойылған бұғы-грифон бейнелі ат әбзелдері, антропологиялық реконструкциялар, қола айна және басқа да бірегей жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Бүгінгі іс-шара ежелгі сақ мәдениетінің терең тарихын, олардың дүниетанымы мен шеберлігін танытқан мағыналы мәдени оқиға болды. Қонақтар көне өркениеттің мұрасымен жақын танысып, археология әлеміне қызықты саяхат жасады. Көрме 19 желтоқсанға дейін жалғасады. Келіп көруге шақырамыз!

Бұл күн – түрлі салада еңбек етіп жүрген жандардың қоғамға қосқан үлесін бағалайтын ерекше мереке.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымы барша еңбеккерлерді мерекемен құттықтайды!

Еңбек күніне орай ұйымдастырылған «Еңбек – елдің қуаты» көрмесін Алтай қаласының оқушылары тамашалады. Бұл көрмеде:

- көне дәуірдегі еңбек құралдары,

- тұрмыстық бұйымдар,

- қолөнер туындылары мен шеберлердің еңбегін айшықтайтын жәдігерлер қойылды.

Көрменің мақсаты – еңбектің қадірін ұғындыру, ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігіндегі еңбек мәдениетін көрсету. Сонымен қатар, келушілер үшін «Қазақтың дәстүрлі еңбектері» тақырыбында арнайы экскурсия өткізіліп, ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігіндегі еңбек мәдениеті, қолөнер дәстүрі мен шаруашылықтағы ерекшеліктері кеңінен таныстырылды.

✨ Еңбек – елді алға жетелейтін құндылық.

Баршаңызды «Еңбек – елдің қуаты» көрмесін тамашалауға шақырамыз!

Еңбегіміз ел игілігіне жарап, берекеміз арта берсін!

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ұйымдастырған «E-museum» веб-порталына мәліметтерді енгізу бойынша семинарға “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы Жәния Меирқызы Сегізбаева қатысып жатыр. 🔹 Семинар барысында мамандар веб-порталға экспонаттарды енгізу, мәліметтерді үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) сапалы толтыру бойынша тәжірибе алмасады. 🔹 Бұл қадам Берел қорығында сақталған бірегей жәдігерлерді халықаралық деңгейде таныстыруға және мәдени мұрамызды кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді. 📅 Семинарлар 15-19 қыркүйек және 22-26 қыркүйек аралығында өтуде. Берел қазыналары енді әлемдік қауымдастыққа қолжетімді бола түспек! 🌍✨
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Еңбек – елдің қуаты» атты көрме ашылды. Бұл көрме ел дамуының басты тірегі – еңбектің маңызын паш етіп, түрлі дәуірдегі еңбек құралдары мен жәдігерлерді, сондай-ақ ата-бабамыздың адал еңбегі арқылы қалыптасқан мәдени мұраларын таныстырады. Көрменің мақсаты – жас ұрпаққа еңбек құндылығын дәріптеу, елін сүйген, жерін қорғаған еңбек адамдарының үлгісін көрсету. 📅 Өтетін уақыты: 2025 жылдың 22 қыркүйегі мен 22 қазан аралығы 📍 Өтетін орны: «Берел» музей-қорығы, этнография залы. Көрмемізге шақырамыз! 🌿

8 қыркүйек күні, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Жолдауда еліміздің цифрлық даму бағыты, жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа мүмкіндіктер, әлеуметтік әділеттілік пен экономикадағы маңызды реформалар айтылды.

Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Жолдауды тыңдап, мазмұнын талқылады.

Жолдауда көрсетілген стратегиялық бастамаларды толық қолдаймыз.

Еліміздің болашағы – ғылымда, білімде, мәдениет пен тарихты құрметтеуде екенін мақтанышпен жеткіземіз.

🇰🇿 Бірге болашаққа қадам басайық!

#Жолдау2025 #ТоқаевЖолдауы #БерелМузейі #Қазақстан

Онлайн кім

Қазір 105 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр