ыы

✅Экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі» КММ-де 5–6 сынып оқушыларына «Көшпелі тайпалар тарихы” атты танымдық дәріс өткізді.

>✅Дәріс барысында оқушылар Берел қорғандарының зерттелу тарихы, археологиялық маңызы және Алтай өңіріндегі ежелгі өркениеттердің мәдени мұрасы жөнінде кеңінен мағлұмат алды. Іс-шара оқушылардың тарихи дүниетанымын кеңейтіп, туған өлкенің құндылықтарына деген құрметін арттыруға бағытталды

Бүгінде мәдени байланыстарды нығайтуға маңызды қадам жасалды 🤝Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейі мен “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы @berel_museum (Шығыс Қазақстан облысы) өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.Келісім ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға және кәсіби тәжірибені біріктіруге бағытталған. Бірлескен жобалар көрмелермен алмасу, ғылыми-зерттеу жұмыстары және өзара іс-қимылдың жаңа форматтары түрінде іске асырылатын болады, Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға бағытталған.
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.✅Келісім облыстар арасындағы тарихи-мәдени байланысты нығайту, кәсіби тәжірибе алмасу және цифрлық технологияларды музей қызметіне енгізу бағытындағы бірлескен жұмысты көздейді.Меморандум аясында экспозициялық жобаларды, мәдени-ағартушылық бастамаларды жүзеге асыру және заманауи цифрлық шешімдерді қолдану жоспарлануда. Бұл әріптестік ұлттық тарихи-мәдени мұраны кеңінен танытуға және музей ісінің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Жиын барысында ұйымның жыл бойғы атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер талқыланды. Сонымен қатар ұжымдық шартқа енгізілген жаңа толықтырулар мен өзгерістер таныстырылып, олардың музей қызметкерлерінің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғаудағы маңызы атап өтілді. Кездесу өзара пікір алмасу форматында өтіп, қызметкерлерді толғандырған сауалдарға нақты жауаптар берілді. Бұл отырыс ұжым ішіндегі ынтымақтастықты нығайтып, әлеуметтік әріптестікті дамытуға бағытталған маңызды алаң болды

Онлайн кім

Қазір 164 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр