ыы
Іссапардың басты мақсаты Қазақ Алтайы ежелгі көшпелілерінің таңбақолдану дәстүрін археологтардың халықаралық конгресінде апробациялау болды.

Ыстанбұл қаласында өткен «17-ші Халықаралық Ыстамбұл ғылыми зерттеулер конгресінде» (17th International Istanbul Scientific Studies Congress) «Қазақ Алтайының ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» (Sign system in the cultures of the Early Iron Age of the Kazakh Altai) тақырыбында баяндама жасалды.

Баяндамада Қазақ Алтайы аумағындағы ерте темір дәуірі ескерткіштерінде кездесетін таңбалық жүйенің ерекшеліктері, олардың археологиялық және семиотикалық тұрғыдан зерттелу әдістері мен нәтижелері ұсынылды. Зерттеу бағдарламасының басты мақсаты – ежелгі көшпелілердің белгілер жүйесін кешенді түрде талдап, оны Орталық Еуразия кеңістігіндегі мәдени мұраның құрамдас бөлігі ретінде таныту болып табылады.

Соңғы жылдары Түркия мен Қазақстан президенттері тарих, мәдениет және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беріп келеді. Осы бағыттағы ғылыми жобалар туралы ақпарат алмасу екі ел арасындағы мәдени-ғылыми байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік береді. «Түркі әлемінің алтын бесігі» саналатын Алтайдың көне тарихы бүкіл түркі қауымдастығының ортақ тарихи және мәдени мұрасы саналады.

Осы тұрғыдан алғанда, аталған баяндама тек зерттеу бағдарламасының нәтижелерін халықаралық деңгейде апробациялау тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми-мәдени ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан да ерекше маңызға ие болды.

Іссапардың басты мақсаты Қазақстаннан тыс жерлердегі таңбақолдану ескерткіштеріне қатысты деректерді жинақтау болды.

Іссапар барысында Кемерово мемлекеттік университеті Археология кафедрасының профессорларымен және КемМУ жанындағы Сібір археологиясы, этнологиясы және экологиясы музейінің мамандарымен, яғни Кемерованың жетекші археологтарымен кездесулер өткізілді.

Кемерово мемлекеттік университетінің жанындағы Сібір археология, этнология және экология мұражайының ғылыми мұрағаты 900-ден астам томнан тұрады. Онда КемМУ археология кафедрасының қызметкерлері 1960-жылдардан бастап жүргізген археологиялық экспедициялардың есептері, археологиялық нысандардың сызбалары мен фотосуреттері, археологиялық ескерткіштердің паспорттары, археологтардың далалық күнделіктері, археология кафедрасы отырыстарының хаттамалары және өзге де материалдар қамтылған.

Іссапар барысында бүкіл архивті қарау мүмкін болмағандықтан, талдау үшін КемМУ-дың әр жылдары ұйымдастырылған петроглифтік экспедицияларының материалдары іріктелді. Бұл материалдар Саян-Алтай, Орталық Азия және Солтүстік Тянь-Шань өңірлерінде жүргізілген далалық зерттеулердің нәтижелерін көрсетеді.

Музейдің ғылыми мұрағаты Саян-Алтай, Орталық Азия және Солтүстік Тянь-Шань петроглифтеріне қатысты бірегей деректер корпусын жинақтаған. Бұл коллекциялар бейнелеу техникасы мен иконографияның аймақтық ерекшеліктерін анықтауға, сондай-ақ ежелгі қауымдардың дүниетанымдық және символдық ойлау жүйесінің ортақ белгілерін айқындауға мүмкіндік береді. Мұндай мәліметтер Шығыс Қазақстандағы петроглифтік кешендердің материалдарымен салыстырмалы талдау жасау тұрғысынан да ерекше ғылыми құндылыққа ие.

Іс-сапар Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік университетінің Археология кафедрасында және аталмыш университет жанындағы Алтай археологиясы мен этнографиясы музейінде жалғасты. Сапар барысында кафедра және музей қызметкерлерімен жұмыс кездесулері өтті.

Осы орайда, аталмыш музей қоры Алтай өңірінің көне және ортағасырлық тарихына қатысты мол материалдарға ие екендігін атай кеткен жөн. Жұмыс барысында Ресей Федерациясының Алтай Республикасында және оған іргелес өңірлерде таңбалық элементтері бар археологиялық кешендер – тас қоршаулар, жерлеу құрылыстары, петроглиф топтары мен таңба бейнеленген жекелеген артефактілер анықталғаны нақтыланды. Бұл материалдар, әсіресе, ежелгі көшпелілердің белгілер мен визуалды-коммуникативтік дәстүрлерінің сабақтастығын зерттеу кезінде Қазақ Алтайында табылған олжалармен салыстыру үшін ерекше маңызды. Сапар нәтижесінде жаңа ғылыми ақпарат жиналып, ежелгі көшпелілердің белгілер жүйесін одан әрі зерттеу үшін маңызды архивтер мен қорлар айқындалды. Сондай-ақ алдағы уақытта далалық материалдармен, басылымдармен және әдістемелік әзірлемелермен алмасу бойынша ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Сондай-ақ, бұл іс-сапар VII Бүкілресейлік археологиялық археологиялық съездің өтуімен тұспа-тұс келгендіктен Красноярскте өткен осы іс-шараға қатысып, баяндама жасаудың да сәті түсті.


Кемерово мемлекеттік университеті жанындағы Сібір археологиясы, этнологиясы және экологиясы музейі


Ғылыми қызметкер Б.А. Сиражеваның Алтай мемлекеттік университеті Археология кафедрасының меңгерушісі А.А. Тишкинмен және Алтай археологиясы мен этнографиясы музейінің директоры Я.В. Фроловпен кездесу-кеңесу сәттері, Барнаул қаласы


VII Бүкілресейлік археологиялық археологиялық съезд барысы

AP23486716 – «Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары» атты гранттық ғылыми жоба аясында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жұмыс тобы Алтай қазақтары таңба-белгілерін жинастыру мақсатында кең ауқымды этноархеологиялық экспедиция жүргізуде.

Зерттеу жұмыстары Шығыс Қазақстан облысының Ұлан, Тарбағатай, Катонқарағай, Күршім, Марқакөл аудандарын, сондай-ақ Ресей Федерациясының Қос Ағаш ауданын қамтиды (Қос Ағаштағы суреттердің авторы – журналист Мерей Қайнар).

Экспедиция нәтижелері ғылыми есептерде ұсынылып, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланатын болады.

Жоба жетекшісі: PhD, археолог Самат Қайроллаұлы Самашев.

«BR22082478 – Қазақ Алтайы ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» атты ғылыми бағдарлама аясында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жұмыс тобы Қазақ Алтайының ежелгі көшпелілеріне тән символдық белгілер мен таңбаларды жинау мақсатында далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Зерттеу жұмыстары Шығыс Қазақстан облысының Ұлан, Тарбағатай, Катонқарағай және Күршім аудандарын қамтиды.

Экспедицияның нәтижелері ғылыми есептерде ұсынылып қана қоймай, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланатын болады.

Жоба жетекшісі: PhD, археолог Самат Қайроллаұлы Самашев.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан AP23486716 – «Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары» гранттық ғылыми жобасы аясында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры м.а. Алмас Сарбасов және ғылыми қызметкер Бұлбұл Сиражева ү.ж. 09-14 тамызы аралығында Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына іссапарға барды.

Іссапардың басты мақсаты Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы қазақтарына тән ен-таңба белгілерді жинақтау үшін келісім-шарт жасасу болды.

Іссапар нәтижесінде Баян-Өлгей аймағының әкімі Заңғар Есентайұлымен және Баян-Өлгей аймақтық мұражайының директоры Айшагүл Азаматқызымен кездесулер өткізіліп, келісімшарт жасасу мәселесі талқыланды. Нәтижесінде келісімшарт мәтіні қабылданып, Моңғолияның мемлекеттік органдарына ресми мақұлдауға жіберілді.

Сондай-ақ, жобаның 2026 жылғы күнтізбелік жоспарына сәйкес Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында этноархеологиялық эскпедиция жүргізу мәселелерін пысықтау үшін Моңғол Алтай петроглифтер кешендерін қорғау әкімшілігінің бастығы, доктор (Ph.D) Өмірбек Биқұмарұлымен және Моңғолия Ғылым академиясының Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, таңбатанушы, доктор (Ph.D) Шынарбек Сейітханұлымен жеке кездесулер өткізіліп, болашақ эскпедицияның уақыты, негізгі бағдарлары және бірлесе жұмыс жасау жоспарлары талқыланды.

Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының әкімімен кездесу

Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының әкімі Заңғар Есентайұлымен кездесу барысы

Баян-Өлгей аймақтық мұражайының директоры Айшагүл Азаматқызымен кездесу

Баян-Өлгей аймақтық мұражайының директоры Айшагүл Азаматқызымен кездесу

Моңғол Алтай петроглифтер кешендерін қорғау әкімшілігінің бастығымен кездесу

Моңғол Алтай петроглифтер кешендерін қорғау әкімшілігінің бастығы, доктор (Ph.D) Өмірбек Биқұмарұлымен кездесу

Ғылыми қызметкер, таңбатанушы Шынарбек Сейітханұлымен кездесу

Моңғолия Ғылым академиясының Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, таңбатанушы, доктор (Ph.D) Шынарбек Сейітханұлымен кездесу

Әріптестік алаңы – Баян-Өлгей аймақтық мұражайы

Әріптестік алаңы – Баян-Өлгей аймақтық мұражайы

Онлайн кім

Қазір 111 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр