Қызметкерлердің мақалалары
«Берел» тарихи-мәдени қорық-мұражайының» құрылғанына 8 жыл өтсе де оның қорында жәдігерлер жоқтың қасы еді. Оның өзіндік себебі де бар. Берел қорғандарындағы «Патшалар жазығына» негізгі қазба жұмыстары 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында жүргізілген болатын, ал мұражай 2008 жылы құрылды. Яғни мұражайдың жоқтығынан табылған заттардың барлығы да қорғандарымызды қазған археологиялық институттың немесе республикамыздағы атақты мұражайлардың меншігіне айналып солардың көрме залдарын толықтырды.
Қазіргі таңда Берел тарихи ескерткіштеріне деген шетелдік туристер мен өз еліміздегі халықтың да қызығушылығы артуда. «Берел» тарихи-мәдени қорық мұражайының ұжымы келушілердің қызығушылығын тек қана сөзбен және қазылған обалардағы тастармен қанағаттандырып отыру мүмкін еместігін атап көрсетіп, салалық министрлікке де, археологиялық институттарға да жәдігерлерді қайтару жөнінде бірнеше рет ресми хаттар да жолдаған еді.
Енді міне сол өтініштердің негізінде археолог Зайнолла Самашевтің атсалысуымен Астана қаласындағы Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының филиалында сақтаулы тұрған бірқатар жәдігерлер мұражайымызға қайтарылуда. Берелдегі обалардан табылған жәдігерлердің бір бөлігі биылғы қаңтар айында қайтарылып, арнаулы комиссиямен тізімделіп біздің мұражайдың қорына өткізілді. Өткізілген жәдігерлердің ішінде бастапқы қалпын жақсы сақтап қалған да заттар бар. Оларды атап көрсетер болсақ ұзындығы 16,5 см болатын қоладан жасалған шеге, қола айна, тас қайрақ, әртүрлі асыл тастардан жасалған моншақ, темір ауыздық, қоладан жасалған түйме, күміс және алтын фольгалардың қалдықтары т.б заттар. Қазіргі кезде осы археологиялық заттарды толығымен сақтау, қорғау және қалпына келтіру мақсатында қорық-мұражайдың көрме залы толық стандарттық талаптарға сай келетіндей етіліп қайта жабдықталуда. Алдағы мамыр айынан бастап мұражайдың көрме залы келушілерге толыққанды қызмет көрсете алады деп отырмыз.
«Берел» тарихи-мәдени қорық-мұражайының» құрылғанына 8 жыл өтсе де оның қорында жәдігерлер жоқтың қасы еді. Оның өзіндік себебі де бар. Берел қорғандарындағы «Патшалар жазығына» негізгі қазба жұмыстары 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында жүргізілген болатын, ал мұражай 2008 жылы құрылды. Яғни мұражайдың жоқтығынан табылған заттардың барлығы да қорғандарымызды қазған археологиялық институттың немесе республикамыздағы атақты мұражайлардың меншігіне айналып солардың көрме залдарын толықтырды.
Қазіргі таңда Берел тарихи ескерткіштеріне деген шетелдік туристер мен өз еліміздегі халықтың да қызығушылығы артуда. «Берел» тарихи-мәдени қорық мұражайының ұжымы келушілердің қызығушылығын тек қана сөзбен және қазылған обалардағы тастармен қанағаттандырып отыру мүмкін еместігін атап көрсетіп, салалық министрлікке де, археологиялық институттарға да жәдігерлерді қайтару жөнінде бірнеше рет ресми хаттар да жолдаған еді.
Енді міне сол өтініштердің негізінде археолог Зайнолла Самашевтің атсалысуымен Астана қаласындағы Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының филиалында сақтаулы тұрған бірқатар жәдігерлер мұражайымызға қайтарылуда. Берелдегі обалардан табылған жәдігерлердің бір бөлігі биылғы қаңтар айында қайтарылып, арнаулы комиссиямен тізімделіп біздің мұражайдың қорына өткізілді. Өткізілген жәдігерлердің ішінде бастапқы қалпын жақсы сақтап қалған да заттар бар. Оларды атап көрсетер болсақ ұзындығы 16,5 см болатын қоладан жасалған шеге, қола айна, тас қайрақ, әртүрлі асыл тастардан жасалған моншақ, темір ауыздық, қоладан жасалған түйме, күміс және алтын фольгалардың қалдықтары т.б заттар. Қазіргі кезде осы археологиялық заттарды толығымен сақтау, қорғау және қалпына келтіру мақсатында қорық-мұражайдың көрме залы толық стандарттық талаптарға сай келетіндей етіліп қайта жабдықталуда. Алдағы мамыр айынан бастап мұражайдың көрме залы келушілерге толыққанды қызмет көрсете алады деп отырмыз.
Қазақтың кең даласының қай шетіне барсаңда, қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң – Берел қорғаны бар, орталыққа келсең – қалмақтармен соғысқан Аңырақай шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсаң-Алтын Орданың хандары тұрған Сарайшық сияқты қасиетті мекен бар, Оңтүстікке барсаң-Түркістан тұр. Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп....
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлытаудағы сөзінен.
Ұлы Алтай... Оның көне қойнауы қаншама жұмбақ сырларды ішіне бүгіп жатыр. Ескі обалар, таңбалы тастар, киелі орындар, қоныс тұрақтар, керуен соқпақтары «заманаларды сақтаушы жіпте» алыста қалған ғасырлардың жансыз куәгерлері.
Біз обаларды өткен дәуірлердің теңдесі жоқ байлығы, әлемдік мәдениет контекстінде өзіндік құндылықтарымызды іздестіріп шарық ұрған бүгінгі таңдағы рухани дамуымыздың жанды күш-қуаты ретінде бағалаймыз.
Алтай – Еуразия Ұлы даласының кіндігі. Ол өзінің таңғажайып сұлу табиғатымен және көне жәдігерлерімен ғана емес, аса терең тарихи тамырлары бар мәдени дүниетанымдық құндылықтарымен және халықтық дәстүрлерімен де даңқты. Археолог ғалымдардың өз зерттеулерінде дәл осы Қазақ Алтайының төрін таңдап алуы да кездейсоқтық емес. Ықылым замандардан бері бұл өлке қайнаған этно-мәдени байланыстардың және көші-қон үрдістерінің ұйытқысы болғандығын есепсіз көне ескерткіштер бұлтартпай куәләндырады.
Археологтар ашқан әлемдік деңгейдегі үлкен жаңалықтардың бірі- Алтайдағы Берел қорымы. Ол жан-жағын биік тау қоршаған шағын тегіс алқапта орналасқан. Соңғы жылдарда «Патшалар жазығы» деп аталып кеткен бұл аумақ Бұқтырма өзенінің бойын қуалай батыстан шығысқа қарай көсіле түсіп, оған құятын Ақ Берел (Ақбұлақ), Бұланты тау өзендерімен шектеліп жатыр. Бұл араның табиғаты өте әсем. Берел қорымын мүйіз тармақ қайыңдар мен мәңгі жасыл самырсын, балқарағай, шырша жамылған мыңдаған жылдық орманды Алтайдың маңғаз да әсем сілемдері айнала қоршаған. Қазақ Алтайының жұмаққа баланатын осы бір қиырдағы түпкірі еліміздің ең шығысында, Ресей, Моңғолия және Қытай мемлекеттерінің шекараларымен түйісіп жатыр.
Берел қорымы - тарихи- мәдени мұраға өте бай. Ол сонау 1865 жылы алғаш рет археолог ғалым В.В. Радлов жүргізген зерттеулерден бастау алды.
В.В Радловтын зерттеулері «12.07 – 9. 08.1865 жылдардағы Берел даласындағы, Бұқтырманың жоғарғы сағасынан алыс емес жердегі қазба жұмыстары» атты археологиялық зерттеудің жазбасында толық сипатталған. Дәл осында, Бұқтырмада алтайлық феномен – тоң басқан қорған табылған. Бес метр тереңдікте жатқан қабірдің оңтүстік бөлігі ағашпен, солтүстігі қайыңның қалың қабығымен жабылған. Қайыңның қабығын алғанда ғалым солтүстік бөлігінен аттардың (жылқының) сүйектерін көреді. Барлығы 16 ат (жылқы) болды, барлық аттардың бастары шығысқа – 4 аттан, 4 қатар орналасқан. Алдыңғы қатардағы 8 аттың ауыздығы темірден жасалған және ағаш пен қабықтан ойылып жұқа алтын фольгалармен қапталып арнайы әсемделіп жасалған салпыншақтармен әсемделген. Қорымның шығыс және батыс бөліктерінен ғалым төрт тақтайдан құралған қима тауып алған, қима ішіне қарағайдан жасалған табыт орналасқан, табыт қабықпен көмкерілген. Табыттың төрт бұрышында мыстан құйылған құстар орнатылған, әр құстың бір қанаты көтерілген, ал енді біреуі төмен қаратып орнатылған. Ағаш төсеудің астынан тағы бір ат және жерленген адам мүрдесінің қалдықтары табылған. Адам сүйектерінің жанынан тағы да бірнеше мыстан және алтыннан жасалған пластинкалар шыққан. Зерттеулерге қарағанда бұл қорған ертеде тоналған. В. Радлов Берел қорғандарының жеті қорымын осылайша зерттегенді.
1959-1963 жылдар аралығанда Мемлекеттік Эрмитаж (Ленинград қаласы) Сергей Сергеевич Сорокиннің басқаруымен Оңтүстік-Алтай археологиялық экспедициясын ұйымдастырды. Экспедиция Үлкен Берел қорғандарын толығымен зерттеп, Бұқтырманың жоғарғы тұсындағы: Күрті және Таутеке өзендерінің қосылысындағы қорғандарды зерттеді. Ғалым зерттеулердің қорытындысын «Үлкен Берел қорғандарын зертеуді аяқтау (Доисследование Большого Берелского кургана)» атты 1962 жылғы археологиялық жинақтарында жазған.
Кейіннен еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі 1996-1997 жылдары жүргізілген зерттеу жұмыстарының жалғасы ретінде 1998 жылдан бастап тарих ғылымының докторы Зейнолла Самашевтің жетекшілігімен қазақ-француз экспедициясы қорымның жаңа жобасын болжап, бірнеше қорғанды зерттеді. Берел қорымы үлкенді-кішілі бірнеше ондаған обалардан құралады, олар көбінесе солтүстік-батыстан оңтүстік-шығыс бағытында бір-екіден, кейде үш- төрттен топ болып орналасқан. Қорымда жетпіске тарта обалар тізбегі мен ерте түрік заманындағы көшпенділер қоршауы бар. Қорымның бәрі таспен қаланып, қорған сияқты үйілген.
Осы Берел қорымынан табылған археологиялық ескерткіштер, шын мәніндегі, әлемдік үлкен жаңалық, айтулы ғылыми табыс ретінде бағаланып отыр. Тарихшылар ұлы даланың кіндігі болып отырған осы Алтай жерінде ежелгі дәуірлерде скиф-сақ және сармат тайпаларының мекендегенін жазады. Олар ат құлағында ойнаған жауынгер әрі батыр адамдар болыпты. Әр жерден табылып жатқан қазба дүниелер – олардың метал қорытып, өңдей білгендіктерін, он саусағынан өнер тамған зергер, шебер суретші болғандарын дәлелдейді. Скиф-сақтардың мұндай асқан шеберліктерін табылған әшекейлік бұйымдардың қай-қайсысы да айғақтап бере алады. Олардың жасаған бұйымдары, қиыннан қиюластырған стильдік фантазиясы бүгінгі күннің оқыған-тоқыған суретшілерінің өзін қайран қалдырады. Алтайдағы Берел қорғаны, бұл жердегі обалардан табылған ғажайып заттар да осы скиф-сақтардың әлемді таңдай қақтырған қайталанбас өнерінің жалғасы болып отыр. Мұнда қорған астында мәңгілік тоңның пайда болуына байланысты мәйттің киімі, ат әбзелдері, ағаштан жасалған бұйымдар, ертоқым мен маталар, ағаш ыдыстар, тері мен киізден жасалған бұйымдар бастапқы күйінде сақталған. Бүгінгі Берел Қазақстан аумағындағы органикалық жәдігерлері сақталған бірден бір ескерткіш.
Берел қорымынан табылған олжалардың маңыздылығы сол, олардың қай-қайсысы болсын ата-бабаларымыздың үздік мәдениеті мен өзіндік өнерінің ерекшеліктерін көрсетеді.
Олардың алып пішіндері ежелгі көшпенділердің көсемдеріне ерекше ғибадатхана салып, сән-салтанатпен ана дүниеге аттандыру мақсатында жасалғанын және сол жерге әдейі әкеліп жерлегенін көрсетеді. Обалардың таудың етегі мен таудан құлаған өзеннің жағасынан орын тепкені де мифологиялық наным бойынша жер мен көкті жалғастырушы әлемдегі бәйтеректің бір нұсқасы екенін, демек ол көне замандағы түсінік бойынша "жерұйыққа" жеткізуді жүзеге асырудың символы болып табылатынын көрсетеді.
Марқұмды о дүниеге – «жерұйыққа» аттандыра отырып, тайпаластары «көсеміміз мәңгі жасайды, ол мәңгі өлмейтін жан» деп түсінген. Сондықтан көсемнің денесін шірітпей сақтау маңызды шаруа болған. Сол мақсатпен қайтыс болған көсемнің денесі бальзамдалынып, ол жататын қабірдің ішіне тоң жүретіндей етіліп бөлекше жағдай жасалған.
Осы үрдіс бірнеше ғасыр қайталанып отырған. Бұл дерек ғылымда – «мәңгі тоң басқан обалар кереметі» деп аталып кетті. Осы кереметтің арқасында қабірлерде Алтайдың ежелгі көшпенділері өмірінің бірегей жәдігерлері – киімі, құрал-саймандары, ең бастысы, адамның мүрделері мен жылқының еті, сүйектерінің қалдықтары жақсы сақталынып бізге дейін жетіп отыр.
Ат әбзелдерінде кездесетін образдарға жергілікті табиғаттың аң-құстары, бұғы, бұлан, бүркіт, таутекелер, арқарлар мен мысық тұқымдас жыртқыштар кіреді. Солай бола тұра, ежелгі көшпенділер өнерінде қияли, табиғатта болмайтын фантастикалық белгісіз тіршілік иелері басым болады. Олар көбінесе әр түрлі жануарлардың белгілерін өзіне біріктірген, кейде ұзын құйрығы арқасына қарай қайырылған, денесі мысық тұқымдас жыртқыштікі болса, тұмсығы жыртқыш құстікі, желкілдеген жалы өрнек жасай өрілген, мүйізі ирек, спиральға ұқсас грифон түрінде келеді. Бұл жерде грифон дегеніміз- классикалық сәулет пен қолданбалы өнердегі сарын: арыстан денелі, басы мен қанаты бүркіттікі болып келетін фантастикалық бейне.
Аңдар айқасы – аңдық стильдің негізгі сюжеті. Осындай сюжеттер Берел қазынасында аса мол. Олар мысық тұқымдас жыртқыштың бұғыға немесе таутекеге шабуы; өз құйрығын өзі тістеп жатқан грифон; грифонның аузындағы қос тұяқты жануар басының бейнесі сияқты көріністер. Аңдар айқасы бейнелерінің семантикасы негізі-жақсы мен жаманның, жарық пен түнектің, мәнгілік қозғалыс пен қарама-қайшылықтардың күрес символы сияқтылармен түсіндіріледі.
Ертедегі көшпенділер өнерінің осынау ғажайып үлгілері, қазақ халқының бейнелеу, декоративті- қолданбалы өнерінің қайнар көзі, негізі.
Еліміздің, туған өлкеміздің тарихын зерттеп, соны кейінгі ұрпаққа жеткізетін бірден- бір ғылыми орталық- мұражай.
Мұражай – ел байлығы, халық мұрасы, тарих қоймасы. Оны қадір тұтып, ұқыпты ұстап, қорын молайта беру әрбір саналы азаматтың міндеті, жас ұрпақ алдындағы борышы. Мұражай – көне жәдігерлер мен көне заттарды сақтау, зерделеу, көпшілікке көрсету үшін құрылған, мәдени деңгейімізді, білімімізді және ғылыми-зерттеу қызметімізді жүзеге асырушы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраларын көпшілікке танытуды қамтамасыз етуге тиіс мәдениет ұйымы болып табылады. Мұражайлардың тарихи кезеңдер мен ондағы болған түрлі оқиғалар туралы халықтың ойлауын шынайы бұйымдар арқылы көрсете алатын ерекше мүмкіншілігі бар. Осы арқылы мұражай көрермен қауымның өткенге құрметпен, болашаққа үмітпен қарауына және өнер сұлулығына қызығушылығын тудыруға көмектесері сөзсіз. Бұл кімді де болсын терең білімге, мәдениеттілікке жетелейтіні айқын. Осы орайда Катонқарағай ауданының тарихи-мәдени деңгейінің дамуы да «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында бір сатыға жоғарылап отыр. Оған куә – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-жылғы 4-шілдедегі № 674 Қаулысы бойынша ежелгі көшпелілер өркениетінің алтын бесігі – Алтайдың биік таулы аңғарындағы Берел аймағында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық –мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құрылуы.
Қорық-мұражайды құрудағы мақсат – Қазақстанда теңдесі жоқ археологиялық олжаларды, құнды мәдени-тарихи есерткіштерді сол қалыпында сақтау және күллі халыққа паш ету, төл тарихымызды таныту.
Осы кезеңге дейін қорық мұражайымыздың басты мәселелерінің бірі қорғандар орналасқан 174 га болатын «патшалар жазығын» қоршау мәселесі болатын, келер 2017 жылы бұл аумақ министрлік тарапынан қолдау тауып қоршалатын болды. Ендігі мәселе мұражай аумағынан жер асты суы құбырын тартып шығару болып отыр, себебі мұражай елсіз мекенде орналасқандықтан қызметкерлер ауыз суды алыстан тасымалдау қиыншылықтарын көруде
Қазіргі таңда Берел қорғандары еліміздің тарихын, мәдениеті мен қолөнерін зерттеуде теңдесі жоқ олжалар сақталған жалғыз ескерткіш. Сондықтан Берел қорық-мұражайы құрылғаннан бері тарихымызды ұмытпау, ұлтымызды ұлықтау мақсатында көптеген игі іс-шаралар өткізілуде. Мектептермен, кітапханалармен, басқа да мекемелер мен бірлесіп ұлттық рухымызды насихаттайтын жұмыстар жасалуда.
Жазғы демалыстарын қызықты, әрі пайдалы өткізу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әр ауданынан Берел қорымына келуші оқушылар мен туристер саны жылдан жылға артуда.
Алыс аудандардан келген жас туристтер Берел қорғандары туралы ғана емес, сонымен қатар, жалпы Катонқарағай ауданының тарихы, көрікті жерлері туралы мағлұматтар алып, ауданымыздың әсем табиғатына саяхат жасауда.
Өлкеміздегі баға жетпес тарихи-мәдени құндылықтарымызды танып білуге ынталандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, мәдени-экологиялық-туристік қозғалысты дамыту мақсатында жыл сайын Катонқарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркімен бірлескен «Жасыл алаң» слеті өткізіледі.
2015 жылы «Берел» мемлекеттік тарихи- мәдени қорық мұражайы» орталығы Франция мемлекетінде орналасқан «ИКОМ» атты дүниежүзілік музейлер ұйымының құрамына мүше болып, «Жыл мұражайы» атанды.
Алтайдан бастау алған мәдениеттерді қайта түлету, бір-біріне жақындастыру, құнды рухани мұраны сақтап, ары қарай дамыту және бауырлас түркі халықтарының, соның ішінде Азия елдерінің де өнерпаздарының өнерін, салты мен дәстүрін Алтай жұртына паш ету мақсатында Берел жазығы - «Патшалар мекенінде» ұйымдастырылатын «Алтай-түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық форумы екі жылда бір рет өткізіліп тұрады.
Қорық-мұражайдағы экспонаттардың тапшылығына қарамастан халыққа мәдени қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында мұражай қызметкерлері халықтың сұранысына байланысты арнайы бағдарламалар жасап, іс-шаралар ұйымдастырады. Соның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен де біріккен жұмыстар жасалуда. Атап айтар болсақ «Бота» қоғамдық қорының қолдауымен қорық-мұражай аумағында «ТЭК» экологиялық-туристік орталығымен бірлескен «Шектеулі мүмкіншіліктен-шығармашылық өмірге» атты жазғы артлагерь жыл сайын өткізіледі. Мұнда Зырян қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 және №2 мектеп-интернаттырымен Катонқарағай ауданының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қарамағындағы балалар мен жастар қатысады. Алдағы уақытта бұл бағдарламамызға қатысатын басқа да мекемелер мен ұйымдардың санын көбейту жоспарланып отыр.
2015 жылдың 10-20 шілдесі аралығында Берел қорымдарында Берел қорық-мұражайы мен «ТЭК» экологиялық-туристік орталығы бірлесе отырып, Европалық Одақтың қолдауымен халықаралық «Алтын Алтай – біздің өңіріміздің байлығы» жобасы аясында «Көшпенділер» атты халықаралық лэнд-арт симпозиумы өтті, Жалпы бұл симпозиум әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан өткізіліп келгенімен біздің Қазақ-стан халқының көпшілігі үшін бұл таңсық, ал біздің Шығыс Қазақстанда мұндай іс-шара алғаш рет өткізілді
Лэнд-арт атты өнердің ерекшелігі сол, бұл өнер табиғатпен, қоршаған ортамен біте қайнасқан. Бұл жанрды жанына серік еткен суретшілер тек қана табиғи дүниелерді пайдаланады. Шара барысында бес елден (Ресей, Белоруссия, Словакия, Словения, Қырғызстан және Қазақстаннан) арнайы келген суретшілер Берел қорығы аумағында бір апта бойы жасаған туындыларын жұртшылық назарына ұсынды. Олар осы уақыт аралығында 14 нысанды жасап тұрғызды.
2015 жылдың 18-21 тамызы аралығында «Берел» тарихи-мәдени қорық-мұражайы», Халықаралық Түркі академиясы және Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан сынды Халықаралық Түркі академиясының құрылтай-шылары саналатын төрт елдің ғалымдары мен археологтары, ақпарат саласының майталмандары Төр Алтайдың Қарақаба және Берел қорымдарында болып «Алтай – алтын бесік» атты Халықаралық далалық семинар өткізді. Белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев бастаған мамандардың соңғы жылдары қазба жұмыстарында тапқан олжалары тақырып тұздығына айналды.
«Алтай – алтын бесік» атты басқосу бұл жолы мәдени байланыс деңгейінен мемлекетаралық ғылыми ынтымақтастық деңгейіне шықты. Ендігі міндет-ортақ мұраны әлем назарына өз деңгейінде ұсына білу. Ғылыми экспедиция, әрі симпозиум-семинар ретінде өткен шараға қатысушылар осы мақсатта бірлесе жұмыс атқаруға серттесіп тарқады.
Қазіргі кезде Берел қорық-мұражайының өз ресми сайты бар. Мұражайымыз туралы ақпарат іздеген адамдар осы сайт арқылы өздеріне қажетті ақпаратты ала алады.
«Берел» тарихи-мәдени қорық-мұражайының» құрылғанына 8 жыл өтсе де оның қорында жәдігерлер жоқтың қасы еді. Оның өзіндік себебі де бар. Берел қорғандарындағы «Патшалар жазығына» негізгі қазба жұмыстары 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында жүргізілген болатын, ал мұражай 2008 жылы құрылды. Яғни мұражайдың жоқтығынан табылған заттардың барлығы да қорғандарымызды қазған археологиялық институттың немесе республикамыздағы атақты мұражайлардың меншігіне айналып солардың көрме залдарын толықтырды, (оның ішінде «Ұлттық музейдің» алтын залында орналасқан Берелден табылған жәдігерлерді де ерекше атауға болады.)
Мұражай ұжымы туристтер санының жыл сайын артып келе жатқанына байланысты, олардың қызығушылығын тек қана сөзбен және қазылған обалардағы тастармен қанағаттандырып отыру мүмкін еместігін атап көрсетіп, салалық министрлікке де, археологиялық институттарға да жәдігерлерді қайтару жөнінде бірнеше рет ресми хаттар да жолдаған еді. Енді міне сол өтініштердің негізінде археолог Зайнолла Самашевтің атсалысуымен Астана қаласындағы Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының филиалында сақтаулы тұрған бірқатар жәдігерлер мұражайымызға қайтарылуда. Берелдегі обалардан табылған жәдігерлердің бір бөлігі биылғы қаңтар айында қайтарылып, арнаулы комиссиямен тізімделіп біздің мұражайдың қорына өткізілді. Кез-келген мұражайдың негізгі байлығы -экспонат екендігі даусыз. Сондықтан да алдағы уақытта басқа жәдігерлерде қайтарылады деген үміттеміз
Биылғы жылдан бастап атақты №11 қорғанға музейлендіру (музеефикация) жұмыстары жүргізіледі және №2 қорғанға қазба жұмыстары басталады деп күтілуде. Осы жерде айта кететін жаңалық Берел қорық-мұражайы 2014-жылдың қараша айында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге лицензия алған болатын. Ал күзге қарай Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Берел қорғандарында Халықаралық археологиялық форум өтеді деп жоспарлануда.
Болашақта «Патшалар мекенін» Шығыс Қазақстан облысының мәдени орталығы ету жоспарлануда. 2017-2018 жылдарға 10 стационарлық киіз үйлерден тұратын «Шеберлер ауылы» салыну жоспарлануда, мұнда ұлттық өнерді меңгерген шеберлер шеберлік сыныптар ұйымдастырып, өз қолдарынан шыққан бұйымдарды келуші туристерге ұсына алады.
Берел қорғандары бабаларымыздың мәңгілік тоң қалыптастыру өнерінің арқасында біздерге бұзылмай жеткен сан ғасырлық тарихы бар ескерткіштердің бірі. Енді осы қасиетті мекенді қорғап сақтау (зерттеп-зерделеу) біздің парызымыз.
Сарбасов А. Берел қорық мұражайының бөлім басшысы.
Елемесова Ж. Берел қорық мұражайының әдіскері.
Онлайн кім
Қазір 24 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр