Музей коллекциясы
Қарама-қарсы орналасқан полиморфты екі бейне: құс басымен және бұғы мүйізімен бейнеленген.
Мөлшері: 5,4×4,1 см.
Мерзімделуі -- б.з.д. III--I ғғ.
Бір-біріне қарама-қарсы орналасқан, құс басы мен бұғы мүйізді полиморфты екі бейне түріндегі композиция.
Мөлшері: 5,6×4,2 см.
Берел, №36 қорған.
Үлкен, шеттері жұмырланған тікбұрышты ойығы бар. Көз, мұрын, қас, ауыз және құлақ секілді бет-әлпет ерекшеліктері өте дәл берілген.
Мөлшері: 2,5×2,5 см.
Материалы -- күміс, алтын жалатылған.
Профильде бейнеленген жүріп бара жатқан бұғы мүсіні салынған. Қысқа құйрығы, үш тармақты жуан мүйіз сабағы анық көрінеді.
Мөлшері: 2,5×2,5 см.
Материалы -- күміс, алтын жалату.
Жылқы әшекейінің қаптамасына жасалған реставрациялық реконструкция.
Материалы -- сары түсті фольга.
Мөлшері: 62×65×5 мм.
Мерзімделуі -- б.з.д. IV--III ғғ.
Онлайн кім
Қазір 37 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр


