Музей коллекциясы
Екі бөлігі бір-бірінің айнадағы бейнесіндей. Жоғарғы бөлігі дөңгеленген, төменгі бөлігі жіңішкере түседі.
1-бөлік: биіктігі -- 83 мм; ені -- 19 мм; жіңішке бөлігі -- 13 мм; қалыңдығы -- 4 мм.
2-бөлік: биіктігі -- 81,5 мм; ені -- 19,5 мм; жіңішке бөлігі -- 12 мм; қалыңдығы -- 4 мм; штифт тесігінің диаметрі -- 3 мм; штифт ұзындығы -- шамамен 11 мм, диаметрі -- 3 мм.
Бөшке тәрізді, іші қуыс, екі ұшына қарай жіңішкерген. Төменгі бөлігінде үш бүйірлік тесігі бар. Ұштары білікшелер түрінде бедерленген.
Өлшемдері: биіктігі -- 25 мм; ұштарының сыртқы диаметрі -- 10 мм және 13,5 мм; ортаңғы бөлігінің диаметрі -- 17,5 мм; сопақ тесіктер өлшемі -- 4,5×3 мм, 4,5×3 мм, 5×3 мм; тесіктер арасындағы қашықтық -- 10 мм.
Сабы секіріп бара жатқан барыс түрінде жасалған. Көздері мен құлақтары айқын көрінеді, құйрығы бұралған.
Өлшемдері: жалпы ұзындығы -- 15,2 см; айна диаметрі (сабынсыз) -- 7,8 см.
Берел, №2 қорған.
Мерзімделуі -- б.з.д. 4--3 ғғ.

Жылқы әшекейінің қаптамасына арналған реконструкция. Салпыншақта бұланның мүсіндік басы, жануар денесінің барельефі және бұлан протомалары бейнеленген.
Материалы: сары түсті металл, композит (негіз реконструкциясы).
Мөлшері: 112×110×60 мм.
Мерзімделуі -- б.з.д. IV--III ғғ.
Барлығы -- 15 моншақ, ортасында бір ірі көк моншақ орналасқан. Моншақтардың ортасында жіп өткізуге арналған тесіктері бар.
Онлайн кім
Қазір 37 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр


