VTEM skitter
VTEM skitter
VTEM skitter
VTEM skitter
VTEM skitter
VTEM skitter
VTEM skitter
VTEM skitter

regim kz

22 08 2016

2015 жылдың 18-21 тамызы аралығында «Берел» тарихи-мәдени қорық-мұражайы, Халықаралық Түркі академиясы және А. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан сынды Халықаралық Түркі академиясының құрылтайшылары саналатын төрт елдің ғалымдары мен археологтары, ақпарат саласының майталмандары Төр Алтайдың Қарақаба және Берел қорымдарында болып «Алтай –алтын бесік» атты Халықаралық далалық семинар өткізді. Белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев бастаған мамандардың соңғы жылдары қазба жұмыстарында тапқан олжалары тақырып тұздығына айналды. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркі Үкіметінің жанындағы Түрік ынтымақтастық және даму агенттігінің Қазақстандағы өкілі Мехмет Бодур, түркиялық «Haberturk», «Dirilis Postasi» сынды бас газеттердің, әлемнің 120 еліне тарайтын NTV телеарнасының журналистері, Қырғызстандық археолог Қуатбек Табалдиев, Әзірбайжан тарихшысы Тахир Шахбозов қатысқан симпозиум-семинар екі күнге созылды.

Экспедицияның екінші күнінде Берелдегі «Патшалар жазығын» аралаған меймандар Берел мұражайындағы экспонаттармен танысты. Археолог Зейнолла Самашев келер 2016 жылы қазба жұмыстарының негізгі күші Берелдегі диаметрі 38 метр болатын алып №2 қорғанға салынатындығын атап өтті. Археолог бұл қорғаннан тағы да құнды жәдігерлер табылуы мүмкін деген болжам айтып отыр. «Берел» тарихи-мәдени қорық-мұражайының ғимаратында аудан мектептерінің тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен өткен конференция алғашқы Халықаралық далалық семинардың екікүндік жұмысының соңы болды. Олардың алдында сөз сөйлеген З.Самашевтан ұстаздар Берелдегі және Қарақабадағы қазба жұмыстарының жүргізілуі және алдағы жоспарлары жайлы көптеген мәліметтер алды.

«Алтай – алтын бесік» атты басқосу бұл жолы мәдени байланыс деңгейінен мемлекетаралық ғылыми ынтымақтастық деңгейіне шықты. Ендігі міндет- ортақ мұраны әлем назарына өз деңгейінде ұсына білу. Әрі ғылыми экспедиция, әрі симпозиум- семинар ретінде өткен шараға қатысушылар осы мақсатта бірлесе жұмыс атқаруға серттесіп тарқады.

Музей жаңалықтары

  • «2025 жылғы өзгерістерді ескере отырып, Мемлекеттік сатып алу: өзгерістер мен толықтыруларға толық шолу.

    Дата создания: 19 Ақпан 2025admin
    “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Мемлекеттік сатып алу маманы Шалқар Аскарович Жумаханов «2025 жылғы өзгерістерді ескере отырып, Мемлекеттік сатып алу: өзгерістер мен толықтыруларға толық шолу. Мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің сатып алу қызметін құқықтық реттеу және...
    Толық... 

    “Адал азамат-Адал табыс”

    Дата создания: 11 Ақпан 2025admin
    “Берел” музей-қорығы 2025 жыл жұмысшы мамандықтарын насихаттау мақсатында – бірқатар қызметкерлерді “Адал азамат-Адал табыс” атты бейнероликтермен таныстырған болаатын. Арайлы Катонқарағай газетінің жаңа санында толығырақ👆
    Толық... 
  • "Тарихи-танымдық сабағы"

    Дата создания: 06 Ақпан 2025admin
    📍ШҚО, Катонқарағай ауданы, Аршаты ауылы.  “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі кезекті тарихи-танымдық сабағын Катонқарағай ауданының шығысындағы шекаралық аймаққа жақын орналасқан Аршаты елді мекенінде өткізді. Іс-шараның мақсаты : оқушылардың...
    Толық... 

    “Таза Қазақстан”

    Дата создания: 28 Қаңтар 2025admin
    “Берел” музей-қорығының қызметкерлері “Таза Қазақстан” экологиялық акциясын қолдай отыра, ерекше қорғалатын табиғи ландшафтық аумақта қардан тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл акцияны қолдаудағы басты мақсатымыз - экологиялық мәселелерге назар аудару, тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени...
    Толық... 

    ЕРЛІКТІҢ ӨШПЕС ІЗІН ҚАЛДЫРҒАН

    Дата создания: 28 Қаңтар 2025admin
    Раджан Батырханов 1975 жылы 27 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауылында туған. 1994 жылы 28 қыркүйекте қазақстан-тәжік шекарасында жауынгерлік парызын өтеу кезінде қаза тапты. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында интернационалист жауынгер, шекарашы...
    Толық... 
  • Интернационалист жауынгер, шекарашы батыр, ШҚО

    Дата создания: 28 Қаңтар 2025admin
    Интернационалист жауынгер, шекарашы батыр, ШҚО Катонқарағай ауданының тумасы Раджан Батырхановтың туғанына 50 жыл (1975-1994) «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында интернационалист жауынгер, шекарашы батыр, ШҚО, Катонқарағай ауданының тумасы Раджан Батырхановтың...
    Толық... 

    “КӨШПЕЛІ ТАЙПАЛАР ТАРИХЫ”

    Дата создания: 28 Қаңтар 2025admin
    “КӨШПЕЛІ ТАЙПАЛАР ТАРИХЫ” “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі Берел орта мектебінің оқушыларына “Көшпелі тайпалар тарихы” атты тарихи-танымдық сабағын өткізді. Аталмыш іс-шараның мақсаты жас буын өкілдеріне туған жердің тарихынан мағлұматтар бере...
    Толық... 

    “КӨШПЕЛІ ТАЙПАЛАР ТАРИХЫ”

    Дата создания: 28 Қаңтар 2025admin
    ✅“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі Берел орта мектебінің оқушыларына “Көшпелі тайпалар тарихы” атты тарихи-танымдық сабағын өткізді. ❇️ Біздің дәуірімізге дейінгі IV-III ғасырлар аралығындағы осы өлке тұрғындарының...
    Толық...